Жасыл экономика – экологиялық қауіпсіз даму

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жоспарына сәйкес «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» факультетінің 1-курс студенттерінің арасында «Жасыл экономика-экологиялық қауіпсіз даму» тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Қоғамда жиі кездесетін «жасыл экономика» тіркесінің еліміз  үшін маңызы зор. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін мемлекетіміздің Президенті осы сөзді елімізді әрі қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі.
Алдағы жылы еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірі – «ЭКСПО – 2017» көрмесі ұйымдастырылуы қарсаңында өткізіліп отырған бүгінгі «Жасыл экономика-экологиялық қауіпсіз даму» тақырыбындағы танымдық ойынға «Жалпы медицина» факультетінің 1-курс студенттері қатысты. 114-топтан «Green world» командасы, 123-топтан «Green peace» командасы, 121-топтан «Green generatоn» командасы, 120-топтан «Dream team» командасы және 118-топтан «Green peace» командасы құралып, білім деңгейі мен ой үшқырлығын сынасты.
Танымдық сайыс барысында командалар эссе құрастыру, макет сайысы мен жарнамаларын көрсетіп, викториналық сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөлісті. Танымдық ойын қорытындысы бойынша «Green peace»123 ОМ командасы алға озып, 1-орынды иеленді, «Green peace»118 ЖМ және «Green team» 120 ОМ командалары2-орынға қол жеткізді. Ал, 3-орынды «Green world» 114 ЖМ және «Green generatоn» 121 ОМ командалары иеленді. Танымдық сайыс өте қызықты әрі тартымты өтті.