01.11.2016

Әскери кафедра

Әскери кафедраның тарихы
Әскери кафедра 1959 жылы құрылды. Осы уақыт аралығында кафедра 901000 ӘЕМ бойынша он мыңдаған жоғары білікті запастағы медициналық қызмет офицерлерін даярлады. Қазіргі уақытта кафедраның көптеген түлектері ҚР ҚК медициналық қызметтің басшы лауазымдарында қызмет атқаруда. ҚР ҚК Бас штаб бастығының 1999 жылғы 23 ақпанындағы № 49 бұйрығына сәйкес кафедра базасында Ақтөбе қаласының басқа жоғары оқу орындарының студенттерін артиллериялық бөлімше командирлері лауазымы ӘЕМ бағдарламасы бойынша запастағы офицерлерді даярлау ұйымдастырылды.
ҚР ҚК Бас штаб бастығының 10.03.2001 жылғы № 59 бұйрығы негізінде әскери кафедрада 2010 жылдың тамыз айына дейін артиллериялық бөлімше командирлерінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары ӘЕМ бағдарламасы бойынша запастағы офицерлерді даярлау жүргізілді. ҚР Қорғаныс Министрінің 29.06.2007 жылғы №188 бұйрығы негізінде ЖОО-ның түлектерінен кадрлық офицерлерді даярлау жүргізілді.
Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты жанындағы әскери кафедраның алғашқы жетекшісі м/қ полковнигі Самойлов Олег Михайлович, ол кафедраны 1959-1974 жылдары басқарды.
1974-1981 жылдары кафедраға м/қ полковнигі Синицын Александр Петрович жетекшілік етті.
1981-1986 жылдары кафедраны м/қ полковнигі Старинский Александр Григорьевич басқарды.
1986-1992 жылдары кафедраға м/қ полковнигі Яровой Виктор Алексеевич жетекшілік етті.
1992-1993 жылдары аралығында әскери кафедраға м/қ полковнигі Дмитриев Виктор Милайлович жетекшілік етті.
1993-1997 жылдар аралығында кафедраға м/қ полковнигі Бессонов Владимр Владимирович жетекшілік етті.
1998-2014 жылдар аралығында кафедраға м/қ полковнигі Темкин Аркадий Семенович жетекшілік етті.
2014 жылдан бастап әскери кафедра жетекшісі лауазымын м/қ подполковнигі Искендиров Арман Асылбекович атқаруда.
Әскери кафедра мақсаттары
Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО-ның студенттерін әскери дайындаудың мақсаты – соғыс кезінде медициналық ротаның дәрігері, медициналық бөлім, мекеменің дәрігері лауазымдары міндеттерін орындай алатын запастағы медициналық қызмет офицерлерін ҚК үшін даярлау.
 
«Армиялық және корпустық артиллерия бөлімшелерінің бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану» ӘЕМ бағдарламасы бойынша студентттерді әскери дайындау мақсаты- саналы, жоғары идеялық-моралдық қасиеттерге ие, тәртіпті, қызметтік және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, ҚР ҚК-не, ҚР Президентіне және Үкіметіне адал, сонымен қатар взвод командирі міндеттерін жақсы атқара алатын білімді, білікті және іскер запастағы офицерлерді даярлау.
Әскери даярлық міндеттері
1. Негізгі кәсіби-жауынгерлік, психологиялық және физикалық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту.
2. Жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін қажет басқару және әдістемелік дағдыларын қалыптастыру.
3. Отанды қорғау мүддесінің талаптарына жауап беретін, жоғары арнайы тактикалық және техникалық даярлық, далалық және тактикалық жаттығу.
4. Запаста қызмет ету тәртібін, әскери бөлімге келген кездегі қойылатын жалпы міндеттерді орындауда атқаратын іс-қимыл тәртібін білетін, ерекше кезеңде бөлімшелерді басқара және оларға жүктелетін шаралардың барлығын орындай алатын офицерлерді даярлау.
 
Әскери кафедра қызметкерлері
Әскери кафедраның штаты келесі құрамнан тұрады: оқытушылық құрам – 11 адам, инженер-техникалық қызметкерлер – 3 адам, көмекші қызметкерлер – 5 адам. Профессорлық-оқытушылар құрамында Қарулы күштердің әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеген, тәжірибесі мол қызметкерлер бар. Оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру әскери бөлімдердегі шараларда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында, медициналық университеттің үздіксіз кәсіби даму орталығында және ҚР ҚМ жүргізетін әскери кафедра басшылары жиындарында жүргізіледі.
 
Оқытушылар құрамы.
  1. М/қ подполковнигі Искендиров Арман Асылбекович;
  2. Подполковник Мухамбеткалиев Бахытжан Кутубаевич;
  3. Запастағы м/қ подполковнигі Габдрахманов Кибадат Сатович;
  4. Запастағы м/қ подполковнигі Карасаев Габит Ермекбаевич;
  5. Отставкадағы полковник Глушко Вячеслав Николаевич;
  6. Запастағы полковник Гайнулин Альфат Зейнитуллаевич;
  7. Отставкадағы подполковник Ляшенко Валерий Николаевич;
  8. Запастағы подполковник Резвов Валерий Михайлович;
  9. Запастағы подполковник Куатов Марат Сейткереевич;
  10. Запастағы м/қ подполковнигі Шериязданов Азамат Турарович;
  11. Запастағы м/қ капитаны Исмагамбетова Балзия Абиловна.
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ ОҚУ-КӨМЕКШІЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ
1. Запастағы майор Кунболсын Берикбол
2. Такбердинов Гадырбек Ахметович
3. Габдрахманов Канат Кибадатович
4. Есмухамбетова Бахытгуль Айдынгалиевна
5. Абилова Ботагоз Бахитовна
6. Минина Наталья Владимировна
7. Васильченко Юлия Борисовна
8. Есенжулова Гульханым Сейльхановна
9. Романова Нина Игнатьевна
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Кафедра құрылған кезеңнен бастап өз мәртебесін көтерді және қазіргі кезде Марат Оспанов атындағы БҚММУ-дің әскери кафедрасы жоғарғы оқу орындары арасындаңы аралық әскери дайындық кафедрасы болып табылады. Әскери кафедрада әскери дайындық келесі басшылық құжаттар – ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 11 ақпанындағы № 118 Қаулысы; ҚР Қорғаныс Министрі, ҚР ҚМ Бас штаб бастықтары комитетінің төрағасы директивалары және бұйрықтары; ҚР ҚМ-нің кадрлық жұмыс және әскери білім департаменті бастығының бұйрығы және нұсқаулары талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
 
Әскери кафедраға студенттер саны ҚР ҚМ тапсырысы негізінде нақтыланады.
2012 жылдың 16 ақпанындағы № 561-IV «Әскери қызметшілер мәртебесі мен әскери қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес әскери кафедраның түлектеріне «ЗАПАСТАҒЫ ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағы беріледі.
Әскери кафедрада қажет оқу сыныптары мен зертханалық жабдықтармен жабдықталған, саптық плац, оқу тактикалық алаңы, атыс қалашығы, қойма бөлмелері бар оқу корпусы орналасқан. Сонымен қатар жер бедерінің тактикалық макеті, жергілікті компьютерлік байланыс арқылы басқарылатын, қарсылас жау мен өз әскерлерінің нысана, атыс, снарядтар жарылысын, дыбыс және лазер арқылы көрсететін шағын артиллериялық және кіші жалпы әскери полигондар бар. Бөлімнің оқу медициналық ротасы, медициналық мүліктің табельдік жинақтары, ПМ және АК-74-мен оқ ату әдістерін орындауға арналған лазерлік және интерактивті тирлер бар.
Кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы (901000, 030402) әскери есептегі мамандықтар бойынша студенттермен әскери дайындық сабақтарын сапалы өткізуге мүмкіндік береді. Кафедраның барлық объектілерінің жағдайы жақсы.