09.09.2016

Түсіпқалиев Асылбек Балашұлы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры
 

Түсіпқалиев Асылбек Балашұлы 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген соң, Ақтөбе қаласында облыстық балалар клиникалық ауруханасында балалар хирургі дәрігер-ординатор ретінде жұмыс жасады.

Марат Оспанов атындағы БҚММУ 1997 жылдан бері қызмет жасайды. 2001 жылы ақпанда кандидаттық диссертация қорғады.

2006-2008 жж. Педиатрия факультетінде декан болып қызмет атқарды. 2009 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласында ҚР БҒМ Комитетінің шешімімен «Медицина» мамандығы бойынша доценттік ғылыми атағы берілді. «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша жоғары санаттағы дәрігер.

2011 жылы тәрбие жұмыстары бойынша проректор қызметіне тағайындалды, 2012 жылдың қыркүйегінен бері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор болып қызмет атқаруда.

Байланыс мәліметтері:

Ақтөбе қ., Маресьев к. 68,
Әкімшілік ғимараты, №311 кабинет  
телефон: 8 (7132) 562-562
email:  a.tusupkaliev@mail.ru