20.06.2016

Стоматологиялық клиника

Университеттің стоматологиялық клиникасының тарихы 2000 ж. стоматологиялық факультеттің ашылуынан басталды, бұл тек екінші корпустағы екі оқу-емдік кабинет пен Ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының ортылығы (ҒЗЖЗО) ғимаратындағы тіс техникалық зертханасы болатын.  
Стоматология кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., доцент Умбетьяров Б.А тағайындалды. Емдік көмекті кафедра асисстенттері көрсетті: Жанабаева Г.Б., Уразова Р.М.,Таганиязова А.А., Акжарова Г.С.
2005 ж. стоматологиялық клиника кафедрамен бірге №3 жатақхананың 1 қабатына көшті.
Клиниканы ұйымдастыру жұмыстарының барлығы бірінші жетекші  Кулмурзин Е. К. мойнында болды. Ол қысқа уақыт ішінде доцент Б.А. Умбетьяров, кафедра ассистенттері Жанабаева Г.Б., Уразова Р.М., Таганиязова А.А. сынды мамандармен бірге ғимараттың жөндеу жұмыстары мен жаңаруын ұйымдастырып, емхананы құрал-жабдықпен қамтамасыздандырып, ұжым қалыптастырып, клиниканы оқу, емдік жұмыстарға дайындап және ғылыми тексерістердің жоспарын құра білді.
Емхана салтанатты түрде 2005жылдың 1 наурызында ашылды. Клиниканы ҚР денсауылқ сақтау Министрі Ерболат Досаев ашты. Ол уақытта емханада терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық кабинеттерде 5 кресло болды. Жаңадан оқу кабинеттерімен бірге рентген-кабинет, тіркеу орны, тістехникалық зертхана, қосалқы бөлімшелер, 40 орындық дәріс залы ұйымдастырылды.
Клиникада ашылу кезеңінен бастап дәрігер-стоматологтар Кулмурзин Е.К, Джаканов А.К., Жакенова М.Ж., стоматология кафедрасының асисстенттері, тіс техникалық зертханада – тіс техниктері Токтагулов А., Каримов Ж. жұмыс жасады. Клиниканың ең алғаш медбикелері: Жаксыгалиева Б.А., Абиева Г.М., аға медбике Терекбаева С., рентген-лаборант Жумабаева Г.
Клиниканың жаңаруы мен кеңеюіне 2007-2008 ж.ж. клиника директоры болып жұмыс жасаған Аженова К.И., Жанабаева Г.Б үлкен үлес қосты. Бұл уақыт аралығында қосымша стоматологиялық құрылғылар, тіс техникалық құрал-жабдықтар алынды.
Стоматологиялық клиниканың өсуі мен өркендеуіне факультеттегі студенттердің көбеюі тағы да бір себеп болды. БҚММА ректоры профессор Е.Ж.Бекмухамбетовтың шешімі бойынша Маресьва көшесі 76 мекен-жайы бойынша орналасқан №4 жатақхананың 1 қабаты 12 орынға бөлініп, жаңартылды. 
2008 жылдың желтоқсанынан бастап клиниканы медицина ғылымының кандидаты, доцент, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог Ураз Райса Мухадескызы басқарады.
Клиника қызметінің мақсаты халыққа қол жетімді лицензиялық стоматологиялық, емдік-диагностикалық, консультациялық көмек көрсету, университеттің студенттері мен курсанттарына клиникалық тәжірибені оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
Клиника негізінде 2 кафедра бар: м.ғ.к. Жанабаева Г.Б басқаратын терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы, м.ғ.д., доцент Жаналина Б.С басшылығымен балалар және хирургиялық стоматология кафедрасы.
Бүгінгі күні клиника айтарлықтай кеңейді. Нәтижесінде жалпы көлемі 400 шаршы м, ал кресло саны 8 дейін өсті, тіс техникалық зертханасы жаңартылды, стоматология факультетінің 2, 3, 4 курстарының тәжірибелік сабақтарын жүргізуге фантомдық кабинеттер ұйымдастырылды, функционалдық диагностика кабинеті ашылды.
Емдеу мен протездеудің нәтижелі әдістері тәжірибеге кеңінен енді, тәжірибеге м.ғ.д., доцент Б.С. Жаналинамен бірге балалардағы стоматологиялық ауруларды емдеу мен алдын алудың кешенді бағдарламасы жетілдіруде, Ураз Р.М. және м.ғ.к. Жанабаева Ғ.Б. жетекшілігімен тістерді, пародонт тіндерін протездеу мен емдеуге арналған жаңа стоматологиялық материалдарды тәжірибеге ендіру жұмыстары жүргізілуде.
Клиникада диагностиканың, емдеу мен протездеудің жаңа әдістері дамуда: металлокерамика мен дәл құю әдісі, адгезивті протездер, ұлпамаңы штифттері мен эстетикалық пломбалау, «брекет-жүйесімен» ортодонтиялық емдеу, имплантология.
Суретте: клиника қызметкерлері
Кафедра ассистенттері: Изтлеуова Г.Б., Абашева Г.А., Есеналиев Е.Т., Исбулатов Е.С., Сисеналиев А.А, Омаргали А.Е. студенттермен бірге оқу үрдісі кезінде қаланың ЖОО студенттеріне 50% жеңілдікпен, ересектерге және қаралған аймақтарға стоматологиялық терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда клиникада стоматолог хирург А.А. Сисеналиев, дәрігер-стоматолог терапевттер А.А. Майлыбаева, Ж.М.Дюсембаева, Изтлеуова Г.Б., аға медбике Жолаева А.С., терапиялық кабинет медбикесі Палымбетова С.К., хирургиялық кабинет медбикесі Жаксыгалиева Б.А., медициналық тіркеуші Корабаева М. жұмыс жасайды, сонымен қатар науқастарды жалпы тәжірибелі  дәрігер-интерндер қабылдайды, клиника мемлекеттік тапсырыс бойынша қаланың жүкті әйелдеріне тегін көмек көрсетеді.
Стоматологиялық клиниканың жетекшісі м.ғ.к, доцент, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог Ураз Райса Мухадескызы 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының стоматологиялық факультетін бітірді.
1987-1988 жылдар аралығында Орал қаласының облыстық стоматологиялық емханасында интернатураны оқыды. 1988-1994 жылдарда Чапай орталық аудандық ауруханасында дәрігер стоматолог болып жұмыс жасады.
1994 жылдың қарашасынан қазіргі уақытқа дейін университетте жұмыс жасайды, кафедра асисстентінен доцентке дейінгі қызметтерді атқарды.
2006 жылы м.ғ.д., профессор С.Р.Рузуддиновтың жетекшілігімен «Жүкті әйелдердің психоэмоционалдық жағдайы және оларға ортопедиялық стоматологиялық көмек көрсету ерекшеліктері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2013 жылдың қазанында университеттің 55 жылдық мерейтойында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚР денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталды.
2014 жылдың 4 сәуірінде Ақтөбе қаласында өткен «Стоматологиядағы заманауи технологиялар» атты VII  халықаралық конференцияда Қазақстан стоматологиясының  дамуындағы  ерең еңбегі үшін «Алтын белгісімен» марапатталды.
Ол 20 астам ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жариялады, мемлекеттік тілде студенттерге арналған 2 оқу әдістемесін жарыққа шығарды.
Клиниканың дәрігерлері – университетіміздің түлектері: 
Дәрігер стоматолог-терапевт Дюсенбаева Ж.М.
Дәрігер стоматолог-терапевт Майлыбаева А.А.
Дәрігер стоматолог-хирург Сисенгалиев А.А.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасы қазіргі уақытта ірі емдік-профилактикалық, ғылыми-тәжірибелік, стоматологиялық факультеттің оқу-емдік негізі, Батыс аймағы дәрігерлерінің біліктілігін жоғарылату негізі болып табылады.
Имплантология бөлімі мен физиокабинет ашу жоспарлануда.
Тел: 8(7132)55-30-58, 8(7132)56-49-76
e-mail: dr.raisa@gmail.com