22.12.2016

 Сапа қызметі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы №822 «Жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін құру және енгізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында университет ректорының 18 қаңтар 2005 жылғы №12 бұйрығымен Білім беру сапасын мониторингілеу басқармасы құрылды.
Сапа менеджменті жүйесін құрастыру, дайындау және енгізуге байланысты Білім беру сапасын мониторингілеу басқармасы университет ректорының 28 желтоқсан 2005 жылғы №584 бұйрығымен Сапа қызметі болып қайта құрылды. Қазіргі кезде Сапа қызметі - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің (Марат Оспанов атындағы БҚММУ) құрылымдық бөлімшесі.