Ректор Кубогі

2016 жылдың 26-27 желтоқсаны аралығында біздің университетеміздің спорттық залында қысқы ХХVIII Бүкіләлемдік Универсиадаға арналған Ректор Кубогі өтті. Жарыс спорттың 4 түрі бойынша өтті: пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, үстел теннисі және волейбол.
Әскери-спорттық ғимаратының тир залында мылтық атудан жарыс өтті. Жарысқа оқытушылардың құрама командасы қатысты: әскери кафедраның аға оқытушысы А.З. Гайнулин, әскери кафедраның оқытушысы В.Н. Нечитайло және дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Е.В. Дёма. Олар студенттермен мықты мерген атына сай болу үшін күресті. Студенттердің құрама командасы: Арыстаналиев Абылай, 519 Б Ж/М, Овечкин Вадим, 122 А Ж/М және Умирзак Аяжан 210 Стом/фак. Жарыс 10 м қашықтықтан электронды нысанаға мылтықпен ату тәсілі бойынша болды. Нәтижесінде 124 ұпаймен оқытушылар құрама командасы жеңіске жетті, студенттер 117 ұпаймен екінші орынды иеленді.
Сол уақытта біздің университетіміздің шахмат клубында шахматтан жарыс өтті.
Оқытушылардың құрама командасы үшін: оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаментінің жетекшісі Д.С. Дильмагамбетов, дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Ж.Н. Жумагалиев және зертхана меңгерушісі К.И. Кубенова қатысты.
Студенттердің құрама командасы үшін: М.Далабаев 401 Стом., Д.Аяганов 523 Б О/М, А.Сарсенбаева 215 А О/М қатысты.
Ж.Н. Жумагалиев және М.Далабаев кездесіп, 0:1 есебімен ойын студенттердің пайдасына аяқталды.
К.И. Кубенова және А.Сарсенбаева кездесіп, 1:0 есебімен Кулпаршын Ивановна жеңіске жетті.
Шахмат тәжіне шешуші ойында Д.С. Дильмагамбетов және Д.Аяганов кездесіп, 1:0 есебімен Данияр Саруарович шахмат ойынынан оқытушылар құрамасына жеңіс әкелді.
№1 спорттық залда үстел теннисінен жарыста оқытушылар құрама командасы студенттердің құрама командасынан асып түсті.
Келесі күні №1 спорттық залда волейболдан жарыс өтті.
Әйелдер ойынында партиялар 25:19, 25:9 есебімен студенттердің пайдасына шешілді.
Ерлер ойынында студенттер 25:23, 25:21 есебімен оқытушыларды жеңді.
Волейболдың аяқталуынан кейін төрешілер өткізілген жарыстың нәтижесін жасады: қысқы ХХVIII Бүкіләлемдік Универсиадаға арналған Ректор Кубогін оқытушылардың құрама командасы жеңіп алды.