20.06.2016

Отбасылық медицина клиникасы

Отбасылық медицина клиникасы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің бөлімшесі болып келеді. Орналасқан мекен-жайы: Маресьев көшесі, 74.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Клиника 1997 жылы «Дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті» (ДБЖФ) құрамындағы отбасылық медицина кафедрасының оқу базасы болып ашылған. Клиниканың алғашқы жетекшісі Е.Талипов болды.
Әр кезде клиникаға жетекшілік еткендер Р.Нурбаев, Т.П.Острецова, Ж.А.Кабылова. Қазіргі таңда клиниканың жетекшісі – Итегулов Жанболат Аганасович.
Отбасылық медицина клиникасы 21806 адам: оның ішінде 17926 ересек және 3880 балаларға медициналық қызмет түрлерін көрсетеді.
Біздің міндет: «Қызметкерлердің біліктілік деңгейін тұрақты арттыру арқылы халыққа білікті медициналық көмек көрсету, денсаулығын жақсарту және аурудың алдын алу, алдын алу мен емдеуде жаңа технологияларды, әдістер мен тәсілдерді енгізу, бекітілген халықтың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін дамыту бойынша шаралар өткізу».
Біздің мақсат: «Өз міндеттерімізді сапалы және жауапкершілікпен атқару, науқастарға адамгершілік қарым-қатынас жасау, кәсіби біліктілік деңгейін тұрақты түрде арттыру, «ұлы емдеу ісіне адал қызмет ету».
Клиника заманауи медициналық құрылғылармен және техникамен жабдықталған, диагностикалық кабинеттер бар. Бекітілген халыққа амбулатория-поликлиникалық көмек «жалпы тәжірибелік дәрігер» принципі бойынша көрсетіледі. 
Поликлиника жұмысына «Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» (ЕНСЗ), «Балалар жасындағы ауруларды біріктірілген түрде жүргізу бағдарламасы» (ИВБДВ), Rd – жүктілер регистрі, Ersb.eisz – аурулардың электрондық стационары, Rpn.eisz – тұрғындарды электрондық тіркеу жүйесі, Bgeisz – госпитализация бюросы сәтті енгізілген. 
Клиникада 7 орындық күндізгі стационарда барлық тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Қызметкерлерге, ата-аналарға, жас аналарға жас нәрестелер күтіміне байланысты оқу-кеңес беретін «Дені сау бала кабинеті» жұмыс жасайды. Бұл кабинетте «Жас ана мектебі» жұмыс жасайды. 2011 жылдың қазан айынан бастап әлеуметтік-психологиялық көмек кабинеті ашылды. Бұл кабинеттің жанында «Егде жастағы адамдар мектебі», «Қолқа демікпесі мектебі», «Кардиомектеп» атты денсаулық мектептері жұмыс жасайды.
Клиниканың кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің мүддесін қорғап, салауатты өмір салтын насихаттап, қызметкерлерге және олардың отбастарына түрлі шаралар ұйымдастырады.
Соңғы жылдары клиниканың ұжымы үлкейді, сонымен қатар әкімшілік өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарлатып, біліктілігін жетілдіруге үлкен көңіл бөледі.
 
Біздің ұжымда 30 жыл еңбек еткен Дюсупова Дина Салиховна және денсаулық саласында 38 жыл еңбек өтілі бар Неталина Райса Маликовна сияқты еңбек ардагерлері әлі қатарымызда жүр.