27.12.2016

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департамент

Қазақстанның дамуы – білім беру және кадрларды қайта даярлау жүйесінің әлемдік стандартқа жақындауы. Қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде (Марат Оспанов атындағы БҚММУ) оқу-әдістемелік үдеріс Қазақстан Республикасының медициналық білім беруді реформалау тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ-да медициналық білім берудің қалыптасқан нормативтік құқықтық базасының негізіндегі білім беру реформасына сәйкес білім беру бағдарламалары әлемдік үздік тәжірибені есепке ала отырып іске асырылады; Болондық үдерістің үш сатылы жүйесіне (бакалавриат, магистратура, PhD докторантурасы) көшу жүргізілді, оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, заманауи симуляторлармен жабдықталған Практикалық дағдылар орталығы (ПДО), мамандандырылған зертханалармен және медициналық құралдармен жабдықталған Ғылыми-практикалық орталық (ҒПО) жұмыс жасайды; білім алушылардың және оқытушы-профессорлар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламалары енгізілуде.
2014 жылдың қыркүйек айында ЖОО басқаруындағы құрылымдық өзгерістерге байланысты Оқу-әдістемелік орталық (ОӘО) Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департамент (ОӘЖД) болып өзгертіліп, қайта құрылды, құрамына  Үздіксіз кәсіби даму және айғақтық медицина орталығы, Тіркеуші кеңсесі қызметі қосымша енгізілді.
Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша департамент факультеттер мен кафедралардың білім берудің әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік мазмұнын жетілдіру бойынша қызметін үйлестіретін, нормативтік ережелерді дайындайтын және енгізетін, студенттерді және оқытушы-профессорлар құрамын оқыту бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады.
2013 жылдан ОӘЖД жетекшісі – м.ғ.к., доцент Д.С. Дильмагамбетов. 2002 жылы 14.00.26 – фтизиатрия мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2009 жылы «Медицина» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 109 ғылыми-практикалық еңбегі, оның ішінде ҚР 2 предпатенті, 9 оқу құралы және білім беру қызметін жетілдіру бойынша 5 әдістемелік нұсқамасы бар.
Әр жылдары оқу-әдістемелік орталыққа профессор С.Н. Дильмагамбетов, доцент М.А. Жумангарин, профессор Б.Т. Тусупкалиев, доцент С.В. Ким жетекшілік етті.
Бөлім жетекшілері және әдіскерлері болып профессорлар Б.И. Баспаев, К.Б. Абдрахманов, доценттер А.Г. Беккужин, Р.Е. Егембердиева, Г.В. Векленко, Л.Н. Власова, А.Н. Жексенова, С.С. Курмангалиева қызмет етті.
Ұжымда қазіргі уақытқа дейін жұмыс жасап келе жатқан әдіскерлер Г.К. Джаканова (1977-2013 жылдар аралығында оқу бөлімінің жетекшісі) және профессор В.П. Векленко ОӘЖД ардагерлері болып табылады.