Медицина орталығында электрондық оқу залы ашылды

Марат Оспанов атындағы БҚММУ медицина орталығында қызметкерлер мен студенттер үшін электрондық оқу залы ашылды.
Қорда мерзімді ғылыми-медициналық басылымдар, оқу және ғылыми әдебиеттер, анықтамалар, энциклопедиялар, библиографиялық деректер қоры, толық мәтінді медициналық кітапханалар және т.б. тұратын электрондық ақпараттық ресурстар бар.
Электрондық оқу залы Интернет желісіне қосылған, қолданушылардың жұмыс орындарымен жабдықталған.