«Жалпы медицина» факультетінің деканат құрамы

wu7c68

Абилов Талғар Сатыбайұлы - медицина ғылымдарының кандидаты, «Жалпы медицина» факультетінің деканы.

1994 жылы Ақтөбе медицина институтының «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түсіп, институтты 2000 жылы бітіргеннен соң «Акушер-гинеколог» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Еңбек жолын 2001 жылы «Микробиология» кафедрасында оқытушы болудан бастады.

2006 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан соң, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің шешімімен медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді, сол жылы кафедра доцентінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

2003 жылдан бастап кафедрадағы оқытушылық қызметін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясының ректорының көмекшісі қызметімен қатар атқарды.

2008 жылы «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары, ал 2011 жылдан осы факультеттің деканы болып тағайындалды.

2017-2019 жылдар аралығында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі Проректоры лауазымын атқарды.

2019 жылы «Жалпы медицина» факультетінің деканы қызметіне ауыстырылды.

Өзінің біліктілік деңгейін ұдайы жетілдіріп отырады. «Медициналық білім берудегі PBL, CBL, TBL пайдалану арқылы дәлелді медицинаның интеграциялануы» (2013ж.), «Медициналық білім берудегі менеджмент және басқару» (2015ж.) тақырыптары бойынша біліктілігін арттырудан, «Денсаулық сақтау менеджменті» (2017ж.) мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті, «Leadership Development Program for State Healthcare Institutions» (2017ж.) бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінде, Leadership Development and Management Training» бағдарламасы бойынша Duke University School of Medicine, USA (2017ж.) білімін жетілдірді.

2018 жылы «Русский регистр Евразия» ЖШС базасында «ИСО 31000:2009 халықаралық стандартының негізіндегі менеджмент жүйелеріндегі тәуекелдерді басқару» тренингіне қатынасты.

Отандық және шетелдік басылымдардағы 30-дан астам ғылыми мақалалар авторы. «Құрт тәрізді өсіндідегі қабыну процесін гистологиялық және микробиологиялық диагностикалаудың тәсілі» тақырыбындағы өнертабысының (15.07.2004 күнгі № 41710 ж. авторлық куәлігі) авторы және «Шұғыл аппендицит пен аппендикулярлы перитониттің клиникалық микробиологиясы, патоморфологиясы, иммунологиясы» монографиясының авторларының бірі.

Медициналық білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін 2010 жылы ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қорғау Министрлігінің Құрмет грамотасымен және 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсебелгісімен марапатталды.


bjsjhiuae3

Сраж Бекболсын Бекболатұлы 1984 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. 

2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығын алып шыққан. Экология ғылымдарының магистрі.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Қазіргі уақытта «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары қызметін атқарады.


bksios

Кадыржанқызы Баян, 1986 жылы жұмыскер отбасында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 

2010 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университетінде «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдап, 2010-2011 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатураны бітіріп, жалпы тәжірибелік дәрігер біліктілігін иеленді.

2011-2012 жылы ФББФ және ҚМ Марат Оспанов атындағы БҚММУ жанында «Психиатрия» мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан қайта даярлаудан өткені туралы куәлік алды.

2011-2013 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласында МКҚК «Облыстық психоневрологиялық диспансерде» дәрігер- психиатр болып жұмыс атқарды.

2013 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасында ассистент лауазымына қабылданды.

2016 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де «Психиатрияның өзекті сұрақтары» циклі бойынша біліктілігін арттырудан өткенін растайтын куәлігін алды.

2016 жылы «Психиатрия» мамандағы бойынша екінші санатты біліктілікті арттырудан өткенін растайтын куәлігін алды.

2017 жылы медициналық қызметті жүзеге асыру үшін және «Психиатрия (сот-психиатриялық сараптама, медициналық психология, наркология, психотерапия, сексопатология, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберу туралы маман сертификатын алды.

2018 жылдың ақпан айында «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары лауазымына ауысты.


akcpoio7

Канымкулова Айгерим Маратовна шет тілдер магистрі, 2019 жылдың қазан айынан бастап жалпы медицина факультетінің декан орынбасары

2003-2007 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында, екі шет тілі мамандығы бойынша білім алды.

2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетіне түсіп, 2012 жылы магистрлық диссертацияны қорғады.

Жұмыс тәжірибесі: 2008-2013 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің колледжінде «Аударма ісі» кафедрасында оқытушы және мамандық жетекшісі болып жұмыс жасады. Мамандығы бойынша шеберлік сабағын өткізгені үшін облыстық білім басқармасының грамотасы бар. 2013 жылы облыстық әдістемелік орталықтан студенттерге арналған ағылшын грамматикасының әдістемелік жинағын шығарды. 2013 жылдың мамыр айында облыстық білім басқармасының бұйрығымен бірінші біліктілік санаты тағайындалды.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің тілдер кафедрасында ағылшын тілі оқытушысы қызметін атқарады. Университеттің үздікдіксіз білім беру орталығынан және Қазақстандық университеттерде үнемі біліктілігін арттырып отырады. 15 ғылыми мақалалар авторы, халықаралық конференциялар мен симпозиумның ғылыми жетекшісі, жетекшілік студенттері жүлделі орындарға ие болды.

2015-2017 жылдары интернатура деканының орынбасары қызметін атқарды.


w8cji8

Айбасова Жулдыз Абдрашитовна, 1966 т.ж., қалыпты физиология кафедрасының доценті, декан орынбасары.

1989 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын аяқтады.

Сырттай оқу бөлімі арқылы 2017 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Педагогика және психология – бакалавр» мамандығы бойынша оқып шықты. Қашықтықтан оқыту бөлімі бойынша кәсіптік қайта даярлау курсын 2016 жылы 600 сағаттық көлемде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында оқып, «Дефектология мұғалімі» - мамандығын игеріп шықты.

Ғылыми дәреже: медицина ғылымдарының кандидаты (2006 жыл)

Ғылыми атақ: доцент ВАК – медицина (ассоциирленген профессор -2010).

1989 жылы Ақтөбе медициналық мемлекеттік институтын аяқтағаннан соң, 2003 –жылға дейін әртүрлі деңгейдегі емдеу-алдын алу мекемелерінде врач-педиатр қызметін атқарды.

2003 жылдан 2012 жылға дейін М.Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің «Жалпы гигиена» кафедрасында ассистент қызметінен бастап, доцент қызметін атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіндегі «Педагогика және психология» кафедрасында доцент қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін М.Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасының доценті қызметін атқарып келеді.

Қосымша атқарған жауапты жұмыстары: 5 жыл бойы №3 ТА босатылмаған кәсіподақ комитетінің төрайымы, медициналық академияда 2 жыл бойы босатылмаған НЦПФЗОЖ директоры, 3 жыл бойына мед.академия қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы, медициналық-профилактикалық факультет бойынша МАК хатшысы-2 жыл, ректорат хатшысы- 2 жыл, тіркеу офисі қызметінің басшысы, №56 сайлау учаскесінің төрайымы, 6 жыл студенттік кәсіподақ комитетінің төрайымы, бірнеше рет БжҒМ ҰБТ өткізу бойынша өкілі болды.

Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген. Соңғы екі жыл бойы ағылшын тілі курстарына барады, соңғы деңгей «Intermediate».

2020 жылдың қаңтар айынан бастап, «Жалпы медицина» факультетінің деканатына қосымша штат ашылуына байланысты, декан орынбасары қызметіне ауыстырылды.


zhis9o8u9

Салимгереева Жансая Жасталапқызы, 1995 жылы 14 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2017 жылы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2019 жылы Томск политехникалық университетінің «Химиялық технология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-да зертханашы-химик қызметін атқарды. Қазіргі уақытта «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде» «Жалпы медицина» деканатының маманы қызметін атқарады.


mfy7689

Мақсұт Айдана Әділбекқызы 1993 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Әлия ауылында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлегі. «Биология» бакалавр мамандығын алған.

2015 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті «Химия кафедрасы» биохимия және фармация курсының аға лаборант қызметін уақытша атқарған.
2016 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің маманы қызметін атқарған.

2018 жылы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде Химия және биология пәндерінің лаборант қызметін уақытша атқарған.

2020 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті «Жалпы медицина» факультетінің маманы қызметін атқарады.


mmjsios

Алекенова Мадина Шоканкызы 1997 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 2019 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығын тәмамдады. 2017 ж. Студенттер ауысымы программасынан Қытай Халық Республикасында үш айға созылған Синьцзян университетіне жол тартып, қытай тілін меңгерді. 2019-2020жж. Schlumberger компаниясында геолог маманы ретінде жұмыс атқарды. 2020ж. Қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-да жалпы медицина деканатында маман ретінде жұмыс жасап бастады.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов