ПМҒУмен стратегиялық серіктестік

Познань медицина ғылымдары университетімен стратегиялық серіктестік (Познань, Польша)

Марат Оспанов атындағы БҚМУ пен Познань медицина ғылымдары университеті арасындағы серіктестік 2011 жылы университеттердің серіктестік туралы келісімге қол қойған сәтінен бастап жүргізіледі.

1

Познань медицина ғылымдары университетінің (бұдан әрі – ПМҒУ) негізі 1919 жылы қаланды және 100 жылдық академиялық тәжірибесі мен дамыту үшін үлкен әлеуеті бар білім беру, зерттеу және клиникалық орталығынан тұратын Польшадағы ең озық және ең үлкен медициналық университеттердің бірі болып табылады. Денсаулық сақтау мамандарын лицензиялау және сертификаттау бойынша емтихан қорытындыларының жоғары бағалау нәтижелерін көрсете отырып және жергілікті және еуропалық еңбек нарығында бастапқы позицияға ие бола отырып ПМҒУ еуропалық жетекші медициналық білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. Ол Польша және Шығыс Еуропа медициналық ЖОО арасында алғашқы болып ағылшын тілінде 5 оқыту бағдарламасын ашты; барлық ағылшын тіліндегі бағдарламалар АҚШ-та және Еуропада халықаралық аккредиттеуден өтті. Университеттің 2200 төсек-орынға арналған 6 жеке клиникалық базасы бар. Білім беру және зерттеу 5 клиникалық ауруханалармен, сондай-ақ басқа қалалық ауруханалармен белсенді серіктестікке негізделген. ПМҒУ іргелі медициналық зерттеулер, клиникалық зерттеулер, диагностикалау және емдеу саласындағы зерттеулерге жақсы дайындалған және еуропалық ЖОО арасында Ranking Web of Universities (www. webometrics.com) 74 орында, Польшадағы медициналық ЖОО арасында үздік үштікке кіреді (Rankings «Perspektywy», «Rzeczpospolita», «Wpzost»). Оның құрамына мынадай факультеттер кіреді:

1) дәрігерлік факультет I (жалпы медицина)

2) дәрігерлік факультет II (стоматология, медициналық биотехнология, диететика, оптометрия, стоматологиялық гигиена, стоматологиялық протездеу, есту протезін қондыру)

3) фармацевтік факультет (фармация, медициналық аналитика, косметология)

4) денсаулық факультеті (мейірбике ісі, акушерия, физиотерапия, қоғамдық денсаулық сақтау, Medical Life Saving, Activity Therapeutics, электрорадиология).

ҚР ДСМ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының «Медициналық білімді жаңғырту» жобасын іске асыру аясында Познань медицина ғылымдары университеті Батыс Қазақстан медицина университетінің стратегиялық серіктесі болып белгіленді. 2016 жылы 01 маусымда білім беру, денсаулық сақтау, академиялық және ғылыми қызмет саласындағы Меморандумға қол қойылды.

2 

Познань медицина ғылымдары университетінің сарапшылары 2016 жылы білім беру және ғылыми қызметке талдау жүргізді, университетті басқаруға және БҚМУ докторантура бағдарламаларына баға берілді, автономия жағдайында еуропалық басқару және қаржыландыру моделі бойынша шебер-кластар өткізілді, ұсыныстар берілді. Осы жылдың қараша айында ПМҒУ тиісті бөлімшелерінде БҚМУ қызметкерлері (проректор, декандар, департамент жетекшілері) тағылымдамадан өтті, сонымен бірге Техникалық ғимаратты іске асыру кезеңдері келісілді.

5465765769787665765

Стратегиялық серіктестік бағдарламасын іске асыру үшін 24.10.2017 жылдан бастап 20.12.2017 жылға дейін барлық дайындық деңгейінде «Жалпы медицина» мамандығы, интернатура мен резидентурада «Онкология», «Клиникалық фармакология» пәндерінің білім беру бағдарламасын жетілдіру жұмыстарын жүргізу үшін басқару позициясына стратегиялық серіктестік жөніндегі проректор ретінде MD, PhD, профессор Marzena Dworacka қатыстырылды. Сонымен қатар, ПОҚ мен студенттердің әлеуетін арттыру мақсатында профессор дәрістер оқыды, фармакология және клиникалық фармакология бойынша практикалық сабақтар мен шебер кластар өткізді. «Медицина» мамандығы бойынша БҚМУ Диссертациялық кеңесінің мүшесі болып табылады.

764635437

Стратегиялық серіктестік аясында 2018 жылғы 27 наурыздан бастап 22 маусымға дейін стратегиялық даму және халықаралық серіктестік жөніндегі проректор лауазымына Познань медицина ғылымдары университетінің гистология және эмбриология кафедрасының биомедициналық ғылымдарының қауымдастырылған профессоры, MD, PhD, профессор Agnieszka Malinska тартылды. Профессор A.Malinska оқытушылардың ғылыми құзыреттілігін және БҚМУ ғылыми қызметін арттыру, университет және оның бөлімшелерінің базалық ғылыми инфрақұрылымын жаңарту және дамыту жоспарын жаңартуға консультация және көмек берді, морфологиялық зертханаға толық сипаттамасымен жабдықтардың тізбесін әзірледі. Профессор A. Malinska шетелтілді студенттерге семинарлар мен дәрістер өткізді, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында «The improvement of scientific activity of West Kazakhstan Marat Ospanov State Medical University» тақырыбына баяндамамен сөз сөйледі, «How to Write a Good Paper for a Top International Journal» импакт-факторлық журналдарға ғылыми мақалалар жазу туралы семинар өткізді.

6

Университетке 2018 жылғы 27 наурыздан бастап 23 сәуірге дейін жоба менеджері ретінде Познань медицина ғылымдары университетінің гистология және эмбриология кафедрасының биомедициналық ғылымдарының қауымдастырылған профессоры, MD, PhD, профессор Witold Szaflarski шақырылды. Ол антибиотиктердің әсер ету механизмдері мен обырға қарсы дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің , сондай-ақ химиотерапиялық емдеу кезінде обыр жасушаларының әсер ету механизмдерінің соңғы зерттеулері бойынша дәрістер оқыды. Профессор W.Szaflarski іргелі медициналық және молекулалық биология бойынша ғылыми жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірледі.

5424326787

2018 жылғы 22 тамыздан 31 қазанға дейін профессор Witold Szaflarski жоба менеджері лауазымына қайта тартылды. Ол жаңа молекулалық биология зертханасын әзірлеуге, зертханаға сатып алу үшін жабдықтар тізімін құруға және бекітуге, БҚМУ қызметкерлері мен студенттеріне дәрістер оқуға және семинарлар өткізуге көмек көрсетті

4353456787

2018 жылғы 6 қарашадан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ Провост лауазымына (бірінші проректор) эксперименттік эндокринология саласында (Хирша индексі – 22, дәйексөздердің жалпы саны – 1238, импакт-факторы бар жарияланымдардың жалпы саны – 85, импакт-фактордың жалпы мәні – 202) бүкіләлемдік ғалым болып танылған ПМҒУ келген профессор Мarcin Rucinski (Марчин Ручински) тағайындалды. Провост университет қызметкерлері мен докторанттарға деректерді статистикалық өңдеу және көрімдеу бойынша дәрістер, жеке тренингтер, консультациялар, «Медициналық-биологиялық зерттеулердегі гистологиялық әдістер», «Ғылыми жобаны қалай бағалау қажет-мысалдар және практикалық кеңестер», «Ғылыми зерттеулердің методологиялық аспектісі. Статистикалық тәсіл» тақырыбында семинарлар өткізді. Методологиялық аспектіге ерекше көңіл бөле отырып ағылшын тіліндегі ғылыми жарияланымдарды белсенді оқуға қолдау көрсету мақсатында «Оқырмандар клубы» ұйымдастырылды.

910

2019 жылғы 1 маусымнан бастап Марат Оспанов атындағы БҚМУ Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі қаржыландыратын "Медицинадағы білім беру жүйесін жетілдіру бойынша консультациялық қызметтер" №SHIP-2.3/CS-02-білім беру бағдарламаларын жетілдіру саласындағы стратегиялық серіктестік, соның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Познань медицина ғылымдары университетімен жасасқан "Онкология: онкологиялық зертханалық диагностика" және "Клиникалық фармакология" пәндері бойынша келісім-шартты жүзеге асыруға қатысады.

11112233445667

Осы Келісім-шарттың аясында базалық медициналық білім деңгейінде білім беру процесін жетілдіру, ЖОО ПОҚ мен қызметкерлерінің әлеуетін көтеру, университеттің институционалдық ғылыми әлеуетін дамыту, сондай-ақ білім беру процесі мен «Клиникалық фармакология» және «Онкология: Онкологиялық зертханалық диагностика» пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру міндеттері шешіледі.

Осы міндеттерді орындау және іске асыру үшін Познань университетінде сарапшылар топтары құрылды, ал Марат Оспанов атындағы БҚМУ жауапты атқарушылар тағайындалды.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов