Ұжымдық басқару

135465 4687686 
 628 от 12.11.2019 года каз. яз 1 628 от 12.11.2019 года каз. яз
 377 ot 12.06.2020kaz  377 ot 12.06.2020 kazz
Приказ о внесении изменений в состав Совета директоров 592 от 16.09.2020 года каз. яз page 0001 Приказ о внесении изменений в состав Совета директоров 592 от 16.09.2020 года каз. яз page 0002

ga54566

Ғиният Ажар

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.

Туған күні: 08.06.1969 ж.

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы.

Отбасы жағдайы: Тұрмыста, 3 баласы бар.

Тілді білуі: Қазақ, орыс (еркін), ағылшын (ауызша) тілдері.

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1992)

Педиатрия;

- Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті (2007)

Мемлекеттік және жергілікті басқару;

- Almaty Management University (ALMU), МВА (2015)

Іскерлік әкімшіліктендіру.

Еңбек өтілі:

1992-1994 жж. – Атырау қ. № 2 қалалық емханасының учаскелік дәрігері;

1994-1994 жж. – № 1 медсанбөлім балалар инфекциялық бөлімшесінің инфекционист дәрігері, Ақтау қ.;

1994-1999 жж. – № 1 медсанбөлім бөлімшесінің меңгерушісі, Ақтау қ.;

1999-2001 жж. – Облыстық инфекциялық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, Ақтау қ.;

2001-2005 жж. – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;

2005-2006 жж. – Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры;

2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы;

2010-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры;

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры;

2016-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры;

2017-06.2020 жж. – Президент Іс Басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары;

2020 ж. бастап – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.


768fdlk

Аукенов Нұрлан Ерденұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық ғылым және инновациялық технологиялар басқармасының басшысы.

Туған күні: 26.06.1976 ж.

Туған жері: Павлодар облысы, Павлодар қаласы.

Отбасы жағдайы: Отбасын құрған, 3 баласы бар.

Тілді білуі: Қазақ, орыс (еркін), ағылшын (ауызша) тілдері.

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Семей мемлекеттік медицина академиясы (1999)

Емдеу ісі.

Ғылыми атағы, дәрежесі:

- Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертацияның тақырыбы: «Созылмалы зәр-жыныс хламидиозы бар сырқаттардың имунофанды терапиясын клиникалық-иммуногенетикалық негіздеу» (2009).

Еңбек өтілі:

1999-2000 жж. – Семей мемлекеттік медицина академиясының интерн дәрігері;

2000-2002 жж. – Семей қ. № 2 қалалық ауруханасының зертханашы дәрігері;

2002-2004 жж. – Семей қ. инфекция жұқтырған аурулар курсы бойынша инфекция жұқтырған диагностика кафедрасына клиникалық ординатураға қабылданды;

2004-2007 жж. – Семей қ. инфекциялық аурулар кафедрасына аспирантураға қабылданды;

2007-2009 жж. – Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының көмекшісі;

2009-2010 жж. – Семей қ. Мемлекеттік медицина академиясының инфекциялық аурулар кафедрасының көмекшісі;

2010-2011 жж. – Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің алапаттар медицинасы және инфекциялық аурулар кафедрасының көмекшісі;

2011-2019 жж. – Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің біріккен оқу-ғылыми зертханасының меңгерушісі;

03.2019-05.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы;

05.2019-06.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім беру басқармасының басшысы;

06.2019-08.2020 ж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасының басшысы;

08.2020-10.2020 ж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының міндетін атқарушы;

10.2020 ж. бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық ғылым және инновациялық технологиялар басқармасының басшысы.


44dfkjdd

Тойбаев Амангелді Сағынбайұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы.

Туған күні: 13.12.1966 ж.

Туған жері: Алматы облысының Теген ауданы Саты ауылы.

Отбасы жағдайы: Отбасын құрған, 2 баласы бар.

Тілді білуі: қазақ, орыс (еркін), ағылшын (сөздікпен).

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Костром ауылшаруашылық институты (1992)

Инженер-механик;

- Қырғыз мемлекеттік ұлттық университеті (1996)

Құқықтану.

Еңбек өтілі:

1994-1995 жж. – Қазақ Ауылшаруашылық институты «Тракторлар мен автокөліктер» кафедрасының ассистенті;

1995-1996 жж. – «Электробытприбор» ААҚ материалдық-техникалық жабдықтау инженері;

1996-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың бас маманы, бас сарапшысы және бөлім басшысы;

2014 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы.


jdkjdo4565v

Телеуов Мұрат Койшыбайұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры.

Туған күні: 10.12.1960 ж.

Туған жері: Ақтөбе облысының Ленин ауданы, Қос Естек ауылы.

Отбасы жағдайы: отбасын құрған, 3 баласы бар.

Тілді білуі: қазақ, орыс (еркін), ағылшын (ауызша).

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, Н.И.Пирогов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина институтты (1984)

Емдеу ісі;

- «Қайнар» университеті (2008)

Экономика.

Ғылыми атағы, дәрежесі:

- медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Өңештің бір мезеттік пластикасынан кейінгі науқастардың энтеральдық зондық тамақтануы» (1991);

- медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Миастенияны хирургиялық емдеу» (2001);

- Профессор (2004).

Еңбек өтілі:

1984-1988 жж. – Ақтөбе облысының Алға аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері;

1988-1991 жж. – КСРО МҒА БОҒХО-да хирургия бойынша мақсатты клиникалық ординатура, Мәскеу;

1991-1993 жж. – Ақтөбе облысының Алға аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі бас дәрігер орынбасары;

1993-08.1999 жж. –А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының аға ғылыми қызметкері;

1999-11.1999 ж. – Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі;

1999-2000 жж. – А.Н. Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының аға ғылыми қызметкері;

2000-2001 жж. – Денсаулық сақтау істері жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің Емдеу-профилактикалық жұмыстар департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы, бас маман-бас хирургы;

2001-2007 жж. – Семей мемлекеттік медицина академиясының ректоры;

2008-2009 жж. – Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының бас директоры;

2009-2011 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры;

2011-06.2013 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры;

2013-12.2013 ж. – Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директор орынбасары;

2013-2015 жж. – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының директоры,

2015-2017 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің экономика мәселелері жөніндегі ректор кеңесшісі;

2017-2018 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры;

2018-02.2019 жж. – Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының атқарушы директоры;

2019-04.2019 ж. – Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры;

2019 ж. – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры.


rjo457tr

Ақшолақов Серік Қуандықұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Ұлттық нейрохиругия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

Туған күні: 03.07.1952 ж.

Туған жері: Ақтөбе облысының Шалқар қаласы.

Отбасы жағдайы: отбасын құрған, 2 баласы бар.

Тілді білуі: қазақ, орыс (еркін), ағылшын (ауызша).

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1975)

Емдеу ісі;

Ғылыми атағы, дәрежесі:

- медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасында бас сүйек-ми зақымын клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу» (1996);

- Профессор (1998);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2017).

Еңбек өтілі:

1975-1976 жж. – Ақтөбе облыстық клиникалық аурухананың дәрігер -интерні;

1976-1978 жж. – Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының травматология кафедрасының клиникалық ординаторы;

1978-1981 жж. – Ақтөбе облыстық клиникалық аурухананың нейрохирург дәрігері;

1981-1983 жж. – РМҒА Академик Н.Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының клиникалық ординаторы;

1983-1986 жж. – РМҒА Академик Н.Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының аспиранты;

1986-1989 жж. – РМҒА Академик Н.Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері;

1989-1992 жж. – Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының доценті, ассистенті;

1992-1996 жж. – РМҒА Академик Н.Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының докторанты;

1996-2008 жж. – Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі;

2008 ж. – «Ұлттық нейрохиругия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.


rpo778787

Салжанов Исламбек Төлеубайұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры.

Туған күні: 06.10.1969 ж.

Туған жері: Ақтөбе облысының Қобда ауданы, Жиренқопа ауылы.

Отбасы жағдайы: отбасын құрған, 3 баласы бар.

Тілді білуі: қазақ, орыс , ағылшын (еркін).

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1993)

Емдеу ісі;

- Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институты (1997)

Экономика және менеджмент;

- Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шарушылығы академиясы - МВА Бизнес және іскерлік әкімшілік ету институты (2005)

Маркетинг және сауданы басқару ;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жанындағы ұлттық мемлекеттік саясат мектебі, Дьюк университетінің Стэндфорд мемлекеттік саясат мектебі (АҚШ) (2012).

Еңбек өтілі:

1993-1998 жж. – «Мақсат Капитал» ХЖҚ құрылтайшысы және директоры;

1998-2000 жж. – «AKZHOL» қазақ-неміс біріккен кәсіпорынның тең құрылтайшысы және директоры;

2000-2001 жж. – «Казахойл-Продактс» ЖШС Ақтөбе филиалының, «НК ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес кәсіпорынның директоры;

2001-2004 жж. – «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры;

2004 г. – «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры.


rhojr78798

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «DARU Medical Group» бас директоры.

Туған күні: 10.10.1978 ж.

Туған жері: Ақтөбе.

Отбасы жағдайы: отбасын құрған, 3 баласы бар.

Тілді білуі: қазақ, орыс , ағылшын (еркін).

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

- Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (2001)

Хирург дәрігер;

- Қазақстан мемлекеттік заң академиясы (2008)

Құқықтану;

- Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шарушылығы академиясы - Бизнес және іскерлік әкімшілік ету институты (2013)

Бизнес-әкімшілік ету.

Ғылыми атағы, дәрежесі:

- медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы «Кардия ахалазиясы кезіндегі лапароскопиялық эзофагокардиомиотомияны әзірлеу және кешенді салыстырмалы бағалау».

Еңбек өтілі:

1995-1997 жж. – Облыстық клиникалық ауруханасы жақ-бет хирургия бөлімшесінің мейіргері;

2002-2007 жж. – Ақтөбе қаласы №2 Қалалық емханасының хирург дәрігері және Ақтөбе қаласы Жедел медициналық көмек ауруханасының хирург дәрігері қоса атқару;

2006-2010 жж. – Астана қаласы Ұлттық ғылыми медицина орталығында аспирантура;

2007-2010 жж. – Ақтөбе қаласы Жедел медициналық көмек ауруханасының хирург дәрігері;

2010-2012 жж. – Ақтөбе қаласы №2 Қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары;

2010 ж. – Ақтөбе қаласы «Дару клиникасы» оңалту медициналық орталығы ЖШС –ның директоры;

2017 ж. – Ақтөбе қаласы «Көз жарығы» клиникасының директоры;2018 ж. – «DARU Medical Group» бас директоры.


Директорлар кеңесінің құрамы

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы №222, 2019 жылғы 12 қарашадағы №628, 2020 жылғы 12 маусымдағы №377 және 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №592 Бұйрықтарына сәйкес, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы 8 (сегіз) адам санында анықталған. Директорлар кеңесінің өкілеттіктерінің мерзімі – 3 (үш) жыл.

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 7 шешімі негізінде:

Директорлар кеңесінің Төрағасы ретінде - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Өкілі сайланған;

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы №1 шешімінің негізінде:

Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы ретінде – Аслан Абатұлы Сарашов сайланған. Өкілеттіктер мерзімі – тағайындалған күнінен бастап 3 (үш) жыл анықталған.

Электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., телефоны 8 (7132) 54-50-72.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов