Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің музейі

IMG 20200506 WA0006

Музей меңгерушісі: Сейтжанова Гаухар Маралқызы, тел: 87479933643

Музей қорын сақтаушы: СундетоваБактыгуль Раульқызы: 87757561345 (декреттік демалыс)

Музей қорын сақтаушы: Сарсембаева Гулим Акмалқызы: 87015603621

@zkmu_bkmu @zkmu_jastary @asyl.mura_zkmu

Музей (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

03.10.97 4666в

Медициналық жоғары оқу орындарының музейлері материалды жинап қана қоймай, сонымен қатар медицина ғылымына араласуға, медицина мамандығына деген сүйіспеншілікті дамытуға, ұстаздарды құрметтеуге, салт-дәстүрлерді дәріптеуге, қойылған жәдігерлер негізінде науқастарға жанашырлық көрсетуге бейімдейді. Музей – мол білім мен тәрбиенің орталығы

IMG 20191002 WA0027

Марат Оспанов атындағы БҚМУ музейі - оқу ордасының тарихи шежіресі мен болашақтағы даму жоспарынан сыр шертеді. 1997 жылы ашылған музей бұл күнде тарихи құнды дүниелермен толығып келеді. 60 жылдан астам тарихы бар оқу ордасының әрбір оқиғасы, жетістігі, жаңалығы музей қорында сақтаулы. Музей – тарих айнасы. Алыс-жақын шет елден келген профессорлар, қонақтар және де музейге келушілер ерекше әсер алады.

IMG 20191022 WA0092

АқММИ музейін ашу туралы шешім 1996 жылдың басында Ғылыми кеңестің отырысында қабылданды. Арнайы комиссия құрылды, оның құрамына ректор, м.ғ.д., профессор Ж.Қ. Ордабаев, қалыпты анатомия кафедрасының профессоры – А.М. Гизатулина, м.ғ.д., әлеуметтік гигиена және денсаулықты ұйымдастыру курсының меңгерушісі, профессор - С.Х. Душманов, м.ғ.д., сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор - О.Н. Төребаев, қалыпты физиология кафедрасының жетекшісі – А.А. Утепбергенов, орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы - Р.Б. Шанова, студент дәрігері – Д.С. Дюсупова, суретші – көркемдеуші, дизайнер - Т.Б. Әуезов, қалыпты анатомия кафедрасының лобаранты - Г.И.Черемухина қатысты.

 IMG 9695

Музей 1997 жылдың 3 қазанында АқММИ-дің құрылғанына 40 жыл толуына орай ашылды. Музейдің ашылу салтанатының алғашқы лентасын АқММИ 1971- 1995 жылдар аралығында басқарған ректор, проф. А.С. Смағұлов кесті. Музейдің алғашқы меңгерушісі, негізін қалаушы, қалыпты анатомия кафедрасының профессоры – А.М. Гизатулина болса, бүгінгі таңда музей меңгерушісі – Г.М. Сейтжанова.

 DSC 3962

Музей университеттің бас ғимаратының 2-қабатында орналасқан (68 Маресьев көшесі); жалпы ауданы 270 ш.м., 5 көрме залы бар.

IMG 20191025 WA0030

Музейдің негізгі қызметі:

1. М.Оспанов атындағы БҚМУ денсаулық пен ғылымдағы серпіні мен дамуының көрінісі.

2. Тәрбие жұмысы - студенттердің және жоғары оқу орындарының студенттерінің жалпы білім деңгейін көтеру (тарихи оқиғаларға және қазіргі ғылыми жетістіктерге байланысты медицинаның даму), көрнекті ғалымдардың мерейтойлық күндеріне арналған студенттерге және университет түлектеріне арналған экскурсиялар мен тақырыптық лекциялар өткізу.

3. Музей қорын жәдігерлермен толықтыру

20201130 151013

М.Оспанов атындағы БҚМУ музейі төртінші жыл ұйымдастырған «Артыңда із қалдыр» атты акциясы негізінде музей қоры құнды материалдармен толықтырылуда. Облыстық және қалалық мұражайлармен, университет кітапханасымен және мұрағатымен, сондай-ақ «Асыл Мура» ғылыми-зерттеу еріктілер клубымен ынтымақтастық ұйымдастыруда.
20210121 110306

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов