Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында қалыпты анатомия кафедрасы 1957 жылы құрылды. Кафедраның негізін қалаушы доцент Сорокин Алексей Павлович.

xasc55
Доцент А.П.Сорокин
Кафедраның алғашқы құрамы: кафедра меңгepyшici, доцент А.П.Сорокин, м.ғ.к. В.В. Морозова, ассистент М.Ш. Баширов, м.ғ.к. К.В. Мельникова, ассистент М.В.Боброва.
1958 жылы кафедра жас оқытушылар – ассистенттермен Г.Ф.Лашина, А.М.Гизатуллина, М.П.Образцова, м.ғ.к. Т.Л. Лихачева және Н.С.Зимник толықтырылды.
asd525d.jpg
Қалыпты анатомия кафедрасының ұйымдастыру және қалыптастыру кезеңіндегі ұжымы. Оңнан – солға қарай 1-қатар: ассистент М.П.Образцова, доцент А.Ю.Мардхуда, ассистент Г.Ф.Лашина, кафедра меңгерушісі, доцент А.П.Сорокин, ассистенттер – Г.А.Гизатуллина, А.С.Мельников; 2-қатар – лаборанттер Р.Цивинская, Л.Демченко, Г.Олейникова, Н.Андреева, В.Изимова; 3-қатар – лаборанттар Е.Бойко, З.Струянская, Р.Давлетова. 1959 жыл.
1957 – 1959 жылдар кезеңінде ауқымды құрылымдық-жасақтау жұмыстары жүргізілді: 4 оқу залы, арнайы диссекциялық столдар, оқу үдерісіне қажетті сүйек және ылғал препараттар алынды, көрнекі құралдар және муляж қоры құрастырылды. 1957 жылы анатомиялық мұражайдың жасақталуы басталып, 1960 жылы аяқталды. Ғылыми зерттеу eкi бағытта «Дәнекер тіндердің морфогенезі және регенерациялық заңдылықтары» және «Ағзаның қозғалыс жүктемесіне бейімделуі» мәселелері бойынша жүргізілді. 1964 жылы бірінші ғылыми тақырып бойынша А.П.Сорокин «Адам қол-аяқтарының шандырлары және оның құрылымы» (макро- және микроскопиялық зерттеу) тақырыбында докторлық диссертациясын орындады, сонымен қатар 2 кандидаттық диссертация (Г.В.Стельников, В.И.Савельев) қорғалды.
1965 – 1969 жылдары кафедраны А.П.Сорокиннің шәкірті – ізбасары – доцент Г.В.Стельников басқарды.
sd5c51zasdfb
Доцент Г.В.Стельников
Генадий Васильевич Стельников 1957 жылы Саратов мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1960 – 1969 жылдары АқММИ-да анатомия кафедрасында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. Бұл кезеңде кафедра ұжымы жаңа ассистенттермен – Г.Я.Фишер, А.Н.Денисов, Т.Ж.Умбетов, Э.Э.Шепп, Р.Э.Ран толықты. Кафедра ұжымы «Ағзаның қозғалыс жүктемесіне бейімделуі» тақырыбындағы ғылыми жұмысты жалғастырды.
1969 – 1974 жылдары кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Б.М.Эрез қызмет атқарды.
aedr4555r
М.ғ.д., профессор Б.М.Эрез
Барлық күш кафедра ұжымын, кафедраны жаңа ғимаратта қайта жасақтауға бағытталды (қазіргі таңда сол ғимаратта орналасқан), жаңадан оқу залдары, ғалым-морфологтардың галереясы (107 портреттен тұратын) қалыптастырылды, оқытушылық құраммен толық қамтамасыз етілді. Олардың ішінде, доценттер В.И.Савельев, С.Б.Марданов, А.С.Сахипбаев, аға оқытушы А.М.Гизатуллина, ассистенттер: м.ғ.к. Г.Я.Фишер, Т.Ж.Үмбетов, М.П.Образцова, Н.Д.Образцова, В.Т.Аношкин, С.Б.Чужовская, А.И.Нұркеев, И.П.Рай, Ю.К. Беккалиева, И.Н.Коган. Қосымша – көмекші қызметкерлер жасақталды. Негізгі ғылыми мәселе «Шеткі нервтену заңдылықтары» болды.
1974 – 1975 жылдары кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, доцент Виктор Иванович Савельев болды. Бұрыңғы ғылыми мәселеге «Ми құрылымына ашық бас-ми соққысының әсерін» зерттеу тақырыбы қосылды.
1975 – 1989 жылдар кезеңінде кафедра меңгерушісі болып, мәскеулік лимфологтар В.В.Купрянов және Е.Ю.Выренкова мектебінің өкілі - м.ғ.д., профессор К.В.Мельникова қызмет атқарды.

c52v2vvv

М.ғ.д., профессор К.В.Мельникова
Оның жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды.
Бұл кезеңдегі кафедраның ғылыми тақырыбы: «Ағзалардың микроциркуляторлық арнасына және басқа құрылымына хромдық уланудың әсері».
1989-97 жылдары кафедра меңгерушісі - профессор В.И.Савельев болды.
zxc66c6c6c
М.ғ.д., профессор В.И.Савельев
Виктор Иванович Савельев Куйбышев мемлекеттік медицина институтын 1959 жылы бітірген. Осы кезеңде кафедрада профессор К.В.Мельникова, доценттер – С.Б.Марданов, Т.А.Адайбаев, аға оқытушы А.М.Гизатуллина, ассистенттер – М.П.Образцова, А.Н.Нестеров, Е.В.Гафуров, Р.Е.Нұрғалиева, О.В.Киек, Л.И.Иванова, Р.Е.Егембердиева, Н.В.Заришняк, К.Е.Жарылқасынов, Е.В.Пахтусова, М.С.Жайлыбаев, С.М.Кұрымбаев, Т.Н.Черенкова, Б.Б.Джолдыбаева, А.К.Жалымбетов қызмет атқарды.
Бұл кезеңде ғылыми жұмыс «Адам бас миы жарты шарларының ортаалдылық және ортаарты қатпарларының макро- және микроқұрылымдарының өзара морфофункциялық байланыстылығы» мәселесі бойынша жүргізілді. Осы тақырып шеңберінде профессор В.И.Савельевтың жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды.
1997-2002 оқу жылдары кафедра курс болып, сот-медицинасы және қалыпты анатомия кафедрасының құрамына кірді (каф.меңгерушісі – профессор О.Н.Туребаев, 1997-1998 жж.), одан кейін гистология және қалыпты анатомия кафедрасының құрамында болды (каф.меңгерушісі – профессор Т.Ж. Үмбетов, 1998-2002 жж.).
Курс меңгерушісі - проф. В.И. Савельев (1997/98, 1998/99, 2001/2002 о.ж.), проф. С.Б. Марданов (1999/2000, 2000/2001 о.ж.). Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Бас миы қатпарлары қыртысының жеке өзгергіштігі». 2002 – 2005 жылдары аралығында топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия курсымен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі болып м.ғ.д. А.Н.Жұмабаева қызмет атқарды. А.Н.Жұмабаева жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды.
6sdc62xcv
М.ғ.д., профессор А.Н.Жумабаева
2005 – 2006 жылдары кафедраны профессор Т.А.Адайбаев басқарды. Төлеуғали Адайбайұлы Адайбаев 1974 жылы АқММИ бітірген.
asd55xc555
М.ғ.д., профессор Т.А.Адайбаев
Осы кезеңдегі кафедраның ғылыми жұмысы тақырыбы «Онтогенезде және тәжірибеде құрылымсыздану факторларының әсері кезінде ішкі ағзалардың өзгеру заңдылықтары және оларды коррекциялау» болды. Осы тақырып шеңберінде профессор Т.А.Адайбаевтың жетекшілігімен 1 докторлық және 8 кандидаттық диссертация қорғалды.
2006 – 2018 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып доцент Қ.Е.Жарылқасынов қызмет атқарды. Қараман Еңсепбайұлы 1991 жылы АқММИ бітірген.
55dcfvbxcvb
К.м.н., доцент К.Е.Жарилкасынов
Осы кезеңде кафедрада профессор А.М.Гизатуллина, доценттер – Л.И.Иванова, Р.Е.Егембердиева, Г.А.Журабекова, Н.В.Заришняк, С.Б.Рахманов, аға оқытушы А.Д.Балмағамбетова, оқытушылар – Г.А.Мутигуллина, Т.С.Мукашев, А.Б.Жанабаева, М.С.Сарсенова, Ж.А.Туленова, Н.А.Жұмабай, Б.Т.Оразғалиева, Н.Т.Агисов, Б.З.Идиев, Б.А.Джубаева, А.И.Закирова қызмет атқарды. Қ.Е.Жарылқасыновтың жетекшілігімен 2 мигистерлік диссертация қорғалды. 1998 жылы Қараман Еңсепбайұлы Жарылқасынов оқу орнында алғашқы болып мемлекеттік тілде кандидаттық диссертациясын қорғады. Кафедраның ғылыми бағыты «Адам және тәжірибелік жануарлар мүшелері мен жүйелерінің тұрақсыздандыру факторларының әсері кезіндегі морфогенезі және құрылымдық-функциялық ерекшеліктері». Бқл бағыт бойынша 3 кандидаттық диссертация жұмысы орындалды (Г.А.Журабекова, Н.В.Заришняк, С.Б.Рахманов).
5v5v8v5vvv
Кафедра ұжымы. Оңнан – солға қарай 1-қатар: м.ғ.к. Л.И.Иванова, профессор Т.А.Адайбаев, профессор А.М.Гизатуллина, кафедра меңгерушісі, доцент Қ.Е.Жарылқасынов, м.ғ.к. Р.Е.Егембердиева, м.ғ.к. М.С.Жайлыбаев; 2-қатар: лаборант Н. Ешниязов, аға лаборант Г.А.Сүлейменова, оқытушы Б.А.Жұбаева, м.ғ.к. Н.В.Заришняк, м.ғ.к Г.А.Журабекова, оқытушы Б.Т.Оразғалиева, оқытушы М.С.Сарсенова, лаборанттар Қ.Балғалиева, В.Медовщиков; 3-қатар: оқытушылар Б.З.Идиев, магистр А.Д.Балмағамбетова, м.ғ.к. С.Б.Рахманов. 2009 жыл.
5fbvcdfghnbvc
Мұражайда ұжыммен. Оңнан – солға қарай: Италия, Л’Aакуила университетінен келген визитинг-профессор Стефания Аннарита Ноттола және кафедра жетекшісі Қ.Е.Жарылқасынов. 2017 жыл.
2018 – 2019 жылдары кафедраны доцент, қауымдастырылған профессор Г.А.Журабекова басқарды.
ghn55fcdxs
М.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.А.Журабекова
Гүлмира Атағұллқызы 2001 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММА бітірген. 2008 жылы «Формальдегидтің ұзақ әсері және мия майын қолдану кезіндегі бүйрек үсті безі қыртыс затының морфофункциялық сипаттамасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Оның жетекшілігімен 1 PhD докторлық және 1 магистерлік диссертация қорғалды.
2019 – 2021 жылдары кафедра жетекшісі болып м.ғ.к. Л.И.Иванова қызмет атқарды.
d6dddddddgbh
М.ғ.к., Л.И.Иванова
Любовь Ивановна Иванова 1986 жылы емдеу мамандығы бойынша АқММИ бітірген. Жолдама бойынша қалыпты анатомия кафедрасына қабылданған. 1999 жылы «Хирургиядағы механикалық сарғаю және холангит кезінде бауырды ота ішілік лазермен сәулелендіру» тақырыбында, 14.00.27 – хирургия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Казіргі уақытта қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасының жетекшісі міндетін атқарушы - медицина ғылымдарының кандидаты Сапарғали Бекжанұлы Рахманов. С.Б.Рахманов 2006 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММА үздік дипломмен бітірді.
6dfgbvcxsfg
М.ғ.к., С.Б.Рахманов
2010 жылы «Аш ішектің лимфоидты құрылымдарына бихромат натрийдың ұзақ әсері кезіндегі морфологиялық өзгерістер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. С.Б.Рахмановтың жетекшілігімен 1PhD докторлық және 3 магистерлік диссертация қорғалды.
Кафедрада, кафедраның негізін қалаушы А.П.Сорокиннің қалыптастырған анатомиялық мектептің сабақтастығы дәстүрі сақталған. Мектеп сабақтастығы тәлімгер-анатом, тәжірибелі педагог, университеттің құрметті профессоры Алина Музагитовна Гизатуллинаның үйреткен жолымен сақталып келеді.
Бүгінгі таңда кафедраның ғылыми бағыты «Онтогенезде адам және тәжірибелік жануарлар мүшелері мен жүйелерінің құрылымдық-функциялық ерекшеліктерін зерттеу».
Қазіргі таңда кафедрада кафедра жетекшісінің міндетін атқарушы м.ғ.к. С.Б.Рахманов, PhD доктор А.Д.балмағамбетова, магистерлер – М.С.Сарсенова, Н.А.Жұмабай, А.С.Аділгереева, оқытушылар – Т.С.Мұқашев, Ж.А.Туленова, А.А.Сапарғалиева, М.Б.Алиева, аға лаборант Г.А.Сүлейменова, лаборанттар – С.М.Дербісова, К.К.Аяшева, Т.Б.Ағатаева қызмет атқарады.
6fgbnbvfds
Кафедра ұжымы. Оңнан – солға қарай 1-қатар: кафедра жетекшісінің міндетін атқарушы м.ғ.к. С.Б.Рахманов, аға оқытушы М.С.Сарсенова, PhD доктор А.Д.Балмагамбетова, докторант Н.АЖумабай; 2-қатар: оқытушы А.А.Сапаргалиева, докторант А.С.Адилгереева, оқытушы Ж.А.Туленова, аға лаборант Г.А.Сулейменова, лаборанттар – С.М.Дербисова, К.К.Аяшева, докторант М.Б.Алиева. 2021 жыл.
1958 жылдан бастап және бүгінгі күні кафедрада ғылыми-студенттік анатомиялық үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі: мәнжазбалық, ғылыми-зерттеу, препараттау, мұражай препараттарын жаңарту. 2007 жылдан үйірме – «Анатом» ғылыми-студенттік анатомиялық үйірмесі деп аталды. Студенттік жұмыс нәтижелері жыл сайын біздің және басқа да елдердің ЖОО ғылыми-студенттік конференцияларында баяндалып отырады. Үйірме зерттеушілері бірнеше рет Республикалық және Халықаралық конференцияларда жүлделік орындарға ие болды. Үйірменің препараттау секциясының қатысушылары практикалық сабақ үшін қажетті материалдарды дайындауда үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Алина Музагитовна Гизатуллинаның жетекшілігімен мұражай препараттарын қалыптастыру секциясының арқасында, еліміздегі баға жетпес бірден-бір анатомиялық мұражай өз жұмысын жалғастыруда. Жыл сайын біздің мұражай тек біздің университет студенттеріне ғана емес, барлық қала оқушыларына, басқа жоғарғы оқу орны, колледждердің студенттеріне есігі әрқашанда ашып отырады.
vc2vbn
Профессор А.М.гизатуллина
asdf5vvvvvvv
Профессор А.М.Гизатуллина студенттермен анатомиялық мұражайда. 2009 жыл.
5b6g6g6g6g.jpg
Студенттік «Ювентус» хорының құрамы және оның жетекшісі профессор А.М.Гизатуллина. 2005 жыл.
 
nbv6fghnb555
Алина Музагитовна Гизатуллина атындағы студенттік хор. Конференц-холл. 2017 жыл.
Алина Музагитовна Гизатуллина – жан-жақты, рухани байлығы өте жоғары, үлкен жеке кітапханасы болған тұлға. Мұражайды қалыптастырудағы қосқан үлкен үлесі үшін, сол мұражайда Алина Музагитовнаға арналған мұражайлық бұрыш жасалды.
Анатомиялық мұражай - біздің мақтанышымыз. Біздің университетке келіп, біздің мұражайға келмеген бірде – бір қонақ болған емес!
Бүгінгі таңда кафедра ортақ пікірлестердің тату ұжымы болып табылады, оның құрамында біздің университетіміздің түлектері – болашағы зор жастар бар. Кафедра жұмысы – студенттерге білім беру сапасын, олардың мәдени деңгейін дамытуға және арттыруға, сонымен қатар кәсіби тұрғыдан дамуға бағытталған.


ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІК ХИРУРГИЯ КУРСЫ

1959 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы ашылды. 1959-1960 ж.ж кафедраны м.ғ.к доцент К.В. Мельникова басқарды. Ол кафедраның құрылуы мен қалыптасуына белсенді үлес қосты. 1960 жылы топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасына кафедра жетекшісі болып м.ғ.д профессор Валентина Васильевна Морозова тағайындалып, оны 2008 жылға дейін басқарды.
topan 1
М.ғ.д., профессор В.В.Морозова
1957 жылы В.В. Морозова медицина ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. Сол жылы, Алматы медициналық институтында аспирантура бітіргеннен кейін Ақтөбе медициналық институының құрылуына үлес қосу мақсатында Ақтөбеге жолдама алды.
1973 жылы «Артерио – венозды ұштасу кезінде бүйрек пен жүрек өзгерісі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1974 жылы профессор атағы берілді.
В.В. Морозова көптеген рационализаторлық ұсыныстар мен жаңалықтардың авторы және ол 7 медицина ғылымының кандидатын және 2 медицина ғылымының докторын дайындады.
Профессор В.В. Морозованың жетекшілігімен кафедра ұжымы арасында жоғарғы мектепте білім беру әдісін жетілдіру және оқыту жөнінде үлкен еңбек жасалынды.
2008 жылы медицина академиясы факультетінің оқу жоспары мен бағдарламасының өзгеруіне байланысты топография анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы қайта құрылып, қазіргі уақытта қалыпты анатомия кафедрасының жанындағы топографиялық анатомия және оперативтік хирургия курсы болып ашылды.
2008 жылдан бері м.ғ.к., доцент М.С. Жайлыбаев топографиялық анатомия және оперативтік хирургия курсына жауапты қызметін атқарады.

d5v588885

М.ғ.к., доцент М.С.Жайлыбаев
2008 жылдан бері м.ғ.к., доцент М.С. Жайлыбаев топографиялық анатомия және оперативтік хирургия курсына жауапты қызметін атқарады. Жайлыбаев Мұхтар Сайынович 1993 жылы АММИ емдеу ісі мамандығын бітірді. 1994-2007 ж.ж қалыпты анатомия кафедрасының ассистенті қызметін атқарды. 2002-2005 жылы осы кафедраның аспиранты.
2005 жылдың желтоқсан айынан бастап емдеу факультеті деканының орынбасары. 2007 жылы «Адам миы жартышары шүйде бөлігінің медиальды беті қатпарлары құрылымының жеке өзгергіштігі және олардың ангиоархитектоникасының кейбір ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2007 жылдан бастап қалыпты анатомия және топографиялық анатомия оперативтік хирургия кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2011жылы оған доцент атағы берілді.
 М.С. Жайлыбаев 69 ғылыми жұмыс, 5 оқу - әдістемелік нұсқау мен 1 монография авторы, 5 авторлық куәлікке және патентке ие және де "Денсаулық сақтауісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен ҚР БҒМ және ДСМ алғыс хаттарымен марапатталды.
Әр түрлі жылдары кафедрада м.ғ.д., профессор А.А. Идрисов, доценттер С.Б. Марданов, Х.Е. Есболов, В.И. Поляков, В.В. Яшин, м.ғ.к., доцент А.К. Кайназаров, м.ғ.к., доцент Х.И. Гофман, м.ғ.к. Ы.А. Алмабаев, асситент В.Н. Макаренко, м.ғ.к Г.А. Журабекова., ассистенттер Т.С.Мукашев, М.Қ.Абдикалиева, магистр Э.А.Макарова қызмет атқарды.
 Қазіргі таңда пәндер блогында құрамы толық: 2 медицина ғылымының кандидаты доцент Жайлыбаев М.С.,м.ғ.к.Даржанова К.Б., оқытушы А.А.Сапарғалиева және лаборант Ағатаева Т.Б. жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда курс сауатты, кәсіби мамандарды дайындауға ат салысуда.
6555852fgbvc
1-ші қатар солдан оңға қарай доцент М.С. Жайлыбаев, м.ғ.к К.Б.Даржанова, 2-ші қатар солдан оңға қарай оқытушы Сапарғалиева А.А және лаборант Т.Б.Ағатаева.

Кафедраның тәрбие жұмысы

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов