Шет тілдер курсы

Шет тілдер кафедрасы 1957 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институты құрылғаннан бері жұмыс атқарып келеді. Тілдер кафедрасының алғашқы меңгерушісі - оқытушы Т.И. Журенкова болды.
1958 жылы шет тілдер кафедрасының меңгерушісі қызметіне Мәскеу әскери шет тілдер институтының түлегі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы В.А. Пищик тағайындалды.
inostr566
1959 жылы шетел тілдері кафедрасына латын тілі кафедрасы қосылды. Кафедрада үш шет тілдері (ағылшын, неміс және француз), орыс және латын тілдері оқытылды. В.А. Пищик 1977 жылға дейін кафедраны басқарды. Осы кезеңде төмендегідей оқу құралдары жасалып шығарылды: «Лингвистикалық емес университеттің студенттеріне арналған белсенді лексиканың минималды сөздігі», «Ағылшын тіліндегі белсенді жалпы медициналық лексиканың минималды сөздігі», «Ағылшын тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы», «Неміс тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы», «Француз тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы»,«Ағылшын тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы».
inostr996
1981 жылдан 2010 жылға дейін шет тілдер курсын С.Б. Махамбетова басқарды. Республикаға медициналық кадрларды дайындаудағы көп жылғы адал еңбегі үшін доцент С.Б. Махамбетова «Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Ісінің Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қазіргі уақытта курстың профессорлық-оқытушылық құрамы филология ғылымдарының кандидаты, педагогикалық, шет тілдер және гуманитарлық ғылымдар магистрларынан тұрады.
Аға оқытушылар К.Қ. Ерменова, Г.Р. Абушахманова, Г.К. Мирманова адал еңбегі және университетіміздің студенттерін оқыту мен тәрбиелеуге лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректорының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Курстың аға оқытушысы К.Қ. Ерменова 2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

inostr666 inostr7963

Шет тілдер курсының ұжымы көптеген оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуде: медициналық университеттің шет тілін оқымаған 1-2 курс студенттеріне арналған ағылшын және неміс тілдерінде оқулықтар, әр түрлі әдістемелік нұсқаулар, барлық факультеттердің орыс және қазақ бөлімдерінің 1-3 курс студенттеріне арналған әдістемелік құралдар жасап шығарды, тест тапсырмалары құрастырылып, іске асырылды және студенттердің білімін рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді. Шет тілдер курсы жыл сайын 1-2 курс студенттерімен шет тілінде тақырыптық конференциялар өткізеді.
Курс оқытушылары жыл сайын инновациялық технологияларды қолдана отырып, ашық сабақтар өткізеді. Курста магистратурадағы, докторантурадағы медициналық мамандықтар бойынша студенттерге шет тілі оқытылады.
 Курстың профессорлық-оқытушылар құрамы үздіксіз кәсіби даму мақсатында мамандық бойынша білімі мен дағдыларын жетілдіруде. Филология ғылымдарының кандидаты Г.А. Дженалаева жоғары білімді жетілдіру мақсатында Қытайда (2007-2008), Ресейде (Уфа 2014, Санкт-Петербург 2017, Мәскеу 2018), Словенияда (2016, 2019), Швецияда (2019) біліктілігін арттыру курстарынан, педагогика ғылымдарының магистрі Л.С. Сыдық Ұлыбритания, Швейцария, Польша және Литва университеттерінде педагогикалық диагностика және білім сапасын басқару бойынша ғылыми тағылымдамалардан өтті. Шет тілдер курсының оқытушыларының ішінде Еуропа университеттерінде тағылымдамадан өткен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары бар: гуманитарлық ғылымдар магистрі Л.Е. Егизбаева - Ұлыбританияда (Лондон, 07.07.14 - 07.11.14), педагогика ғылымдарының магистрлері А.С. Уркунова - Нидерландыда (Лейден, 01.10.13 - 25.12.13), Л.С. Сыдық - Швейцарияда (07.07.14 - 07.11.14).
inostr2
inostr8693
2019 жылы шет тілдер курсының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мен Қазақстан Республикасының Жастар жылы қарсаңында «Білім конвергенциясы: дәстүрлер, ынтымақтастық, инновациялар» тақырыбында І Халықаралық жастар симпозиумы өткізілді. Жастар симпозиумының ұйымдастыру комитетіне Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Иерусалимдегі Еврей университеті, Нидерландыдағы Лейден университеті, И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Баку мемлекеттік университеті кірді.
inostr8252 inostr19
Курстың ғылыми-зерттеу жұмысы жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Курс оқытушыларының ғылыми басылымдары, енгізу актілері бар, ауызша және постерлі баяндамалармен облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуда, студенттердің ғылыми жұмыстарының жетекшілері және тең авторлары болып табылады.
Курс оқытушылары кафедралық «Шетелдік студенттерге ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде тілашар сөйлеу құралын құрастыру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуда. Кафедра доценті Г.А. Дженалаева Эразмус + CBHE «Қазақстандағы автономияға көшу/TRUNAK» жобасының және ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының (AELTA) мүшесі, «Шетелдік студенттерді бейімдеу және клиникалық пәндер оқытушылар құрамына ағылшын тілінде тілдік тәлімгерлік бағдарламасын оқыту» университетішілік ғылыми-зерттеу және дамыту бағдарламасының жетекшісі (2019-2021). Курс оқытушылары А.С. Уркунова және А.А. Купенова осы жобаның аға ғылыми қызметкерлері болып табылады.
inostr953 inostr114
Педагогика ғылымдарының магистрі А.С. Уркунова 2019 жылы талантты жастарды жан-жақты қолдау жөніндегі «Елбасы» бастамасы аясында ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласында өткен «Ел үміті» марафонына қатысып, ғылым саласындағы жетістіктері үшін марапатталды.
Шет тілдер курсының тәрбие жұмысы кәсіби, азаматтық-отансүйгіштік, қоғамдық-саяси және құқықтық, рухани-адамгершілік, отбасылық тәрбиені, тұлғаның өзіндік дамуы және өзін-өзі танудағы қажеттілікті қалыптастыру, зияткерлік – шығармашылық деңгейді бақылау, белсенділікті арттыру, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, мәдени- эстетикалық құндылықтар мен қажеттіліктерді қалыптастыру, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, еңбек және экологиялық тәрбие бағыттарын қамтиды.
inostr145
Бекітілген жоспарға сәйкес, шет тілдер курсының оқытушылары университеттің тәрбие жұмысына белсенді қатысады. Курс оқытушылары «Жалпы медицина» факультеті және шетелдік топтардың кураторлары болып табылады. Олар түрлі университеттік, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысып, тәрбиелік мәні зор шараларды, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен экскурсияларды ұйымдастырады, қайырымдылық шараларға қатысады. Дәстүр бойынша, жыл сайын 1 қазан - Халықаралық қарттар күні қарсаңында Тілдер кафедрасының қызметкерлері қаржылай көмек көрсету мақсатында облыстық қарттар мен мүгедектер үйіне барады.
inostr15
Курстың оқытушысы әрі кураторы А.А.Купенова түрлі номинациялар бойынша «Жыл кураторы» байқауының жүлдегері. 2019 жылы ол «Жыл кураторы» атағын жеңіп алып, университет ректорының дипломымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды, сонымен қатар, университет қызметкерлері арасындағы «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауында Гран-при жүлдесіне ие болып, жеңімпаз кубогының иегері атанды және облыстық кәсіподақ комитетінен курорттық санаторийге жолдама алды.
 
 5656525888
Көптеген жылдар ішінде шет тілдер курсы оқытушылары тек қана оқу, әдістемелік, ғылыми жұмыстарды ғана жасап қоймай, тәрбиелік қызметпен айналысатын ауызбіршілігі мол, жоғары білікті команда құрды.
inostr1
 
Шет тілдер курсының құрамы
Айман Өтебайқызы Қанлыбаева - Шет тілдер курсына жауапты, аға оқытушы. 1989 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Филология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Университеттегі жұмыс өтілі - 22 жыл. 25 ғылыми басылымдары бар. Шет тілдер курсында оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын атқарады.
Гүлжана Айтжанқызы Дженалаева - филология ғылымдарының кандидаты (2018 ж., 10.02.04 - герман тілдері, «Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті»), PhD (бұйрық № 236 12.06.2020 ж., ҚР БҒМ КОКСОН, 6D021000 - Шетел филологиясы), тілдер кафедрасының доценті. 2005 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. Университетте халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық, стратегиялық серіктестік, БҚМУ-нің халықаралық жобалары бөлімдерінің басшысы қызметін атқарды. Ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының (AELTA) мүшесі болып табылады. Жалпы жұмыс өтілі - 17 жыл. 50-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және тең авторы, Хирш индексі 1. Ғылыми қызығушылықтары: мәдени лингвистика, лингводидактика, психолингвистика.
Күлянда Қалданқызы Ерменова – аға оқытушы. 1980 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі - 34 жыл. 30-дан астам ғылыми басылымдары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Курс, кафедра және университет деңгейінде оқу-әдістемелік, тәрбие, ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарады.
Галина Каспаевна Мирманова – аға оқытушы. 1986 жылы «Роман-герман тілдері, герман-филология» мамандығы бойынша Лейпциг университетінде білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі - 32 жыл. 20-дан астам басылымдары бар, кредиттік технологиялар бойынша медициналық мамандықтардың 1-2 курсының студенттеріне арналған неміс тілінде 3 оқулық (қазақ және орыс бөлімдері үшін) және 1 енгізу актісі бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. Шет тілдер курсында оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын орындайды.
Галия Равильевна Абушахманова – аға оқытушы. 1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі - 33 жыл. 40-қа жуық ғылыми басылымдары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. Шет тілдер курсында оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын атқарады.
Лениана Сыражқызы Сыдық. 2001 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ның «Шетел тілі: екі шет тілі» 6М011900 мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. Университеттегі жұмыс өтілі - 19 жыл. Ұлыбритания, Швейцария, Польша және Литва университеттерінде педагогикалық диагностика және білім сапасын басқару бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми қызығушылықтары екінші тілді, когнитивтік лингвистика, CLIL методикасын меңгеру мәселелерімен байланысты.
Ләззат Ержанқызы Егізбаева. 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе МУ-де «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-нің магистратурасын аяқтап, «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Университеттегі жұмыс өтілі - 14 жыл. 10-нан астам ғылыми басылымдары бар. 07.07.2014-07.11.2014 ж. аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда (Лондон) шет тілін оқыту әдістемесі бойынша тағылымдамадан өтті. 2008 жылдан бастап №56 қалалық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарады. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ-де докторантурада оқиды.
Бақытгүл Ұзақбайқызы Нұрсейтова. 2006 жылы Ақтөбе МПИ-да «Екі шет тілі: ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алды. 2016 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-де магистратураны бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі - 14 жыл. 7 ғылыми басылымдары бар.
Айгүл Әлібекқызы Купенова. 2008 жылы Ақтөбе МПИ-да «Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын және неміс тілдері)» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-нің магистратурасын бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. ЖОО-дағы жұмыс өтілі - 13 жыл. Жыл сайынғы университетішілік Үштілділік бойынша олимпиаданың ұйымдастырушысы. 10-нан астам ғылыми басылымдары бар. Университетішілік ҒТЖ-ның аға ғылыми қызметкері. Тілдер кафедрасының тәрбие және сайт жұмыстарына жауапты, тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырушы. «Ең үздік куратор» байқауының әр түрлі номинациялары бойынша лауреаты, 2019 жылы «Жыл кураторы» атағын жеңіп алды.
Анара Серікқызы Уркунова. 2006 жылы Ақтөбе МПИ-да «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алған. «Шет тілі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі - 10 жыл. 20-дан астам басылымдары бар. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының түлегі. 2013 жылдың 1 қазанынан бастап 2013 жылдың 25 желтоқсанына дейін DAAS (Dutch Academic Services) ICLON-Leiden University, Нидерланды, «Білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Университетішілік ҒТЖ-ның аға ғылыми қызметкері. Жыл сайынғы университетішілік Үштілділік бойынша олимпиаданың ұйымдастырушысы. Елбасы бастамасы аясында ұйымдастырылған «Ел үміті» марафонының қатысушысы, ғылым саласындағы жетістіктері үшін марапатталған.
Алмагүл Сағымбайқызы Акиева. 1993 жылы Ақтөбе МПИ-да «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-де магистратураны бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі - 12 жыл. 6 ғылыми басылымы бар.
Гүлмира Абибуллақызы Нургалиева. 2005 жылы Ақтөбе МПИ-да «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-де магистратураны бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі - 8 жыл. 5 ғылыми басылымы бар.
Динара Даулетқызы Даулетова. 2012 жылы Ақтөбе МПИ-да «Екі шет тілі: ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алды. 2014 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ-нің магистратурасын бітірді. Гуманитарлық ғылымдарының «Филология» мамандығы бойынша 6M020500 магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі - 8 жыл. 10-нан астам басылымдары бар. Әр түрлі тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырушысы және қатысушысы. 6 жыл бойы шетелдік студенттер топтарының кураторы болып табылады.
Марина Ықласбайқызы Нұрмағамбетова. Шет тілдер курсының аға лаборанты. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе МУ-де білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі - 7 жыл. Мамандығы - хатшы-көмекші, ағылшын тілін білетін құжат маманы.
Алия Әкімжанқызы Тілеужанова. Шет тілі курсының лаборанты. 2013 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде білім алған. Жұмыс өтілі - 6 жыл.
Эльмира Мәлікқызы Құлмұхамбетова. Шет тілі курсының лаборанты. "Тарих және құқық" мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық институтында білім алған. Жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов