Қазақ тілі курсы

ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ТАРИХЫ
 
Қазақ тілі пән ретінде 1989 жылдан бастап латын және орыс тілдері кафедрасының құрамында оқытыла бастады.
1989 жылдың желтоқсан айында латын және орыс тілдері кафедрасы үш дербес кафедра болып құрылды:
а) латын тілі және медициналық терминология кафедрасы (каф.меңгерушісі доцент Е.Н.Агапов).
ә) орыс тілі кафедрасы (каф. меңгерушісі аға оқытушы Р.Б.Шанова).
б) қазақ тілі кафедрасы (каф. меңгерушісі доцент Н.Б.Беріков, 1997 жылға дейін басқарды).
1997-2000 жылдары қазақ тілі және әлеуметтік ғылымдар кафедрасын аға оқытушы Б.Ө.Ербатыр басқарды. 2000-2007 жылдар аралығында тілдер кафедрасына ф.ғ.к., аға оқытушы Күлшат Әбдіғанымқызы Қондыбай жетекшілік етті. 2007 жылдан кафедраны ф.ғ.к., профессоры Евгений Николаевич Агапов басқарды.
Қазіргі таңда қазақ тілі курсы тілдер кафедрасының құрамына кіреді. Қазақ тілі курсына жауапты – қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы Сәбитбекова Майраш Мұратқызы.

ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

kaz1
Сәбитбекова Майраш Мұратқызы
Курс жетекшісі, аға оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі. Қарағанды мемлекеттік университетін 1991 жылы «Филолог. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген, сол жылдан кафедрада жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді орыс бөлімінің студенттеріне оқыту бойынша 30-ға жуық оқу-әдістемелік мақалалары республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жарық көрген. Университет ректорының, Ақтөбе қаласының әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР ДСМ «Үздік тіл оқытушысы-2018» республикалық конкурсының жеңімпазы. Университет терминтобының мүшесі. 5 оқу құралының авторы. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша, 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында «Зерттеуші және ғалым» модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылату бойынша тренерлердің базалық курсы» модулі бойынша педагогикалық біліктілігін арттырды. 2018 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Астана медицина университетінде болды. 2019 жылы ҚР ДСМ «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
 
J3655HGVH
Утаргалиева Шұға Шаденқызы – аға оқытушы, филология магистрі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Кафедрада 2009 жылдан жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді орыс бөлімінің студенттеріне оқыту бойынша бірнеше оқу-әдістемелік мақалалардың авторы. Университет терминтобының хатшысы. «Жыл кураторы - 2014» байқауының Бас жүлдегері, «Жыл кураторы - 2016» байқауының ІІІ орын иегері. Бірлескен авторлармен 2 оқу құралы жарық көрді. 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында «Пәнаралық байланыс көптілді оқытудағы интегративтік тәсілді жүзеге асыру ретінде» біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша мамандық бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті.
FG12553
Молдашева Лиза Жұмабайқызы – оқытушы, филология магистрі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы - «Филолог. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы». Кафедрада 2010 жылдан жұмыс жасайды. Бірнеше оқу-әдістемелік мақалаларымен республикалық, халықаралық конференцияларға қатысқан. Мемлекеттік тілді орыс бөлімінің студенттеріне оқыту бойынша бірнеше оқу-әдістемелік мақалалардың авторы. Бірлескен авторлармен 1 оқу құралы жарық көрді. 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында «Пәнаралық байланыс көптілді оқытудағы интегративтік тәсілді жүзеге асыру ретінде» біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша мамандық бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті.
DF236265
Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы – оқытушы, филология магистрі. Республикалық, облыстық баспасөз беттерінде бірнеше мақалалары жарық көрген. «Жыл кураторы - 2015» байқауының Бас жүлдегері. Облыс әкімінің 2016 жылғы «Жас Ақтөбе» сыйлығының «Әдебиет» номинациясы бойынша иегері. Облыс, Қала әкімдерінен бірнеше рет Алғыс хат алған. Бірлескен авторлармен 2 оқу құралы жарық көрді. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша мамандық бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. PhD докторант, диссертациялық жұмыс тақырыбы «Қазақстанның Батыс өңіріндегі айтыс дәстүрі» (2018-2021жж.)
Абишова Лаззат Ануаровна – лаборант. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Университетте 2008 жылдан жұмыс жасайды.
 
Кафедраның негізгі қызметі
Оқу-әдістемелік жұмыс
 
Қазақ тілі курсында 6В10107 «Жалпы медицина», 6В10105 «Стоматология», 6В10101 «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6В10104 «Фармация» мамандықтарының І және ІІ курстарына «Қазақ тілі» және 5В130200 «Стоматология», 5В110300 «Фармация» мамандықтарының ІІІ курстарына «Кәсіби қазақ тілі» пәндері оқытылады.
Кафедра оқытушылар оқу процесін типтік бағдарламаларға сай құрылған оқу-жұмыс жоспарлары бойынша жүргізеді. Барлық оқу-әдістемелік материалдар ҚР МЖМБС-қа сай. Оқытудың тиімді жолдарын игеру мақсатында өзара сабаққа ену, баспа беттерінде іс-тәжірибелерімен бөлісу, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысу сияқты жұмыс түрлерін жүргізеді. Курс оқытушылары TBL, CBL инновациялық әдістері бойынша сабақтар жүргізіп, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша 10 ендіру актісін алып, бес оқу құралын жарыққа шығарды: «Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша СӨЖ тапсырмалары» (Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.), «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздері» (Сәбитбекова М.М., Утаргалиева Ш.Ш.), «Фармация» мамандығының студенттеріне арналған Қазақ тілі (Сәбитбекова М.М., Бекнияз Ж.А.), кредиттік технология бойынша оқитын студенттер үшін Қазақ тілі (курс оқытушылары) және курс оқытушыларының бірлескен авторлығымен орыс бөлімінің студенттеріне арналған «Қазақ тілі».
«Батыс Қазақстан медицина журналына» және «Қазақстанның өмірі мен ғылымы» журналдарына курс оқытушылары өз іс-тәжірибелері туралы мақалаларын беріп тұрады. 2016 жылы оқытушы Ж.Қ.Қожабекованың «Медициналық мәтіндердегі қазақ тілінің көрінісі» және аға оқытушы М.М.Сәбитбекова мен Ж.Қ.Қожабекованың «Болашақ медицина мамандарына қазақ тілін оқытудағы TBL әдісінің тиімділігі» тақырыбындағы мақалаларын жарық көріп, ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәлігін алды. Курста барлығы 10 авторлық куәлік бар.
Курстың аға оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі М.М.Сәбитбекова ҚР ДСМ ұйымдастырған «Мәңгілік ел – Қазақстанның кемел болашағы» республикалық ІІ байқауға қатысып, «Үздік тіл оқытушысы» номинациясы бойынша төсбелгімен марапатталды.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Барлық оқытушылар оқу үдерісінде ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге белсенді түрде қатысады. «Медициналық терминология жүйесіндегі полиплеттік белгілеулер («Полиглот» оқу сөздігін құрастыру)» тақырыбында (Мемлекеттік тіркеу № 0116 РК 00488) ғылыми зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда «Шетел студенттеріне арналған ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде тілашар құрастыру» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде, жұмыстың мақсаты – қазақ және орыс тілдерін білмейтін адамдарға іскери және туристік саяхат барысында көмектесу.
Курста 2011-2012 оқу жылынан бастап «ӨРКЕН» студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы барысында студенттер түрлі пікірталастар, мәнерлеп оқу кештерін өткізіп, мәнжазбалар қорғайды. Үйірме мүшелері 2014, 2015 жылдары университет қабырғасында өткен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясында филология секциясы бойынша І, ІІІ орындар және Алғыс хаттар иеленді. 2015 жылы Қарағанды қаласында өткен «Көптілділік жоғары білім беру контексінде» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында медицина-профилактикалық факультеттің 2 курс студенті Махамбетова Зәмзәгүл «Студенттер тілінде кездесетін жергілікті ерекшеліктер» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі ІІ орынға ие болды. 2019 жылдың қыркүйегінде «Жалпы медицина» мамандығының ІІ курс студенті Жасанов Р.А «Ғаламтор лингвистикасының семиотикалық жүйесі» тақырыбында халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық симпозиумында баяндама жасап, жүлделі ІІІ орынға ие болды (Ғылыми жетекшілері Утаргалиева Ш.Ш., Сабитбекова М.М.)
Тәрбие жұмысы
Студенттерге патриоттық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында кафедрада мерекелік күндерге орай дәстүрден тыс сабақтар жиі өткізіледі. Кафедра құрылғаннан бері Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күніне арналған апталықтар өткізу дәстүрге айналған. Апталықтар барысында студенттер өздері дайындаған материалдар бойынша жыр кештерін, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, өнер сайыстарын өткізеді. Кәсіптік бағдар беру мақсатында мектеп оқушылары мен студенттердің кездесулері өткізіліп тұрады. Қарттар күні мен Халықаралық балаларды қорғау күндеріне орай облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйіне және «Үміт» сәбилер үйіне қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Жатақханада «Кафедра күнін» өткізу дәстүрге айналған.
Қазақ тілі пәнінің оқытушылары көптеген жылдар бойы кураторлық жұмысты да жүргізеді. Студенттермен мұражайларға, көрмелерге, театрларға бару топ кураторлары жүргізетін тәрбие жұмыстарының бір бөлігі ғана. Курс оқытушысы Ш.Ш.Утаргалиева 2014 жылы университетішілік байқауда «Жыл кураторы - 2014» атанса, 2015 жылғы осындай сайыста оқытушы Ж.Қ.Қожабекова «Жыл кураторы - 2015» атағын жеңіп алды.
Курс оқытушылары өз іс-тәжірибелері туралы республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жариялап тұрады, телеарналардың бағдарламаларына жиі қатысады.
 
DFG22562202
Қазақ тілі курсы 2020 жыл
kaz3
Кафедра мәжілісі. 2010 жыл.
 
Тілдер кафедрасы (2020 жыл)

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов