Патологиялық физиология кафедрасы

 
halidaАқтөбе мемлекеттік медицина институтының патологиялық физиология кафедрасы 1959 жылы құрылды. Кафедраның негізін қалаушы – профессор, медицина ғылымының докторы Маманова Халида Есенғұловна. Ол патофизиология кафедрасын 1959-1977 жылдар аралығында басқарды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министірлігі м.ғ.к. Х. Мамановаға АкММИ-да патофизиология кафедрасын ұйымдастыруды тапсырды. Х.Е. Маманова әртүрлі жылдарда декан көмекшісі, декан, кәсіподақ төрағасы қызметтерін атқарды, қалалық Кеңес депутаты болды. Оның еңбектері «Знак почета» орденімен, «За доблестный труд» медалімен, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңес құрмет грамотасымен, көптеген алғыстармен мадақталды. 1967 ж. Халида Есенқұлқызы Мәскеудің №2 медицина институтында «Изо- и гетерогемаагглютинины как неспецифические факторы иммунитета человека и жовотных» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның басшылығымен бір ғылым докторы және бес ғылым кандидаты жұмыстарын қорғады. Х.Е. Маманованың әртүрлі салаға жазылған 40-тан астам еңбектері бар. Жаңа кафедраның ассистенттері болып: Саратов мединститутының педиатрия факультетінің түлегі Батима Жумагалиевна Умарова мен Рессейден жаңа ғана көшіп келген невропатолог-дәрігер Александр Александрович Затопляевкелді. Кафедраның алғашқы лаборанты Мария Алексеевна Максимова және София Изтлеуовна Изтлеуова 20 жылдан астам жұмыс жасады. Кейінгі жылдарда кафедра АкММИ түлектерімен толықтырыла бастады. Ғылыми ізденістердің іргесін қалаушы, кафедраны ұйымдастырушы Х.Е. Маманова еді. Қызметкерлер мен үйірмеге қатысушылар көп жылдар бойы әртүрлі патологиялық процесстердегі бейспецификалық иммунитеттің жағдайын және оны стимуляциялауды оқып зерттеді. Осы зерттеулер аясында қорғалған жұмыстар: Х.Е. Маманованың (1968 ж.) – докторлық диссертациясы, кандидаттық диссертациялар: К.У. Касенов (1968 ж.), В.И. Константинов (1971 ж.), Ж.С.Сундетов (1973 ж.), У.И. Исказиева (1975 ж.), Т.Б. Бегалин (1977 ж.), Ю.И. Будчанов (1982 ж.). Профессор Х.Е. Маманова 1977 жылы қайтыс болды.
kasenov
1977 жылдан бастап – 1999 жыл аралығында кафедраны Қожантай Уразович Касенов басқарды. Оның басқаруымен 1968-1973 ж.ж. ағзаның иммунологиялық әрекеттелігі жылан уларының әсері туралы зерттеулер жүргізілді. Жұмыс қорытындысында К.У. Касенов 1974 жылы Тарту университетінің кеңесінде докторлық диссертациясын қорғаған, 1977 жылы «Ағза қабілеттілігі жылан уларының әсері» монографиясын жазып жарыққа шығарды. 1980-1996 жж. кафедрада К.У. Касенов басқаруымен «Ағза қабілеттілігіне гемофизикалық және метеорологиялық жағдайларының әсері», «ББЗ-ды иммуно- және гемостимуляторлар ретінде» жұмыс жүргізілді. Жұмыс қорытындысында 9 кандидаттық диссертация қорғалды: кафедра ассистенттері – А.М. Арингазина, К.П. Омарова, С.Т. Шумбалова, Г.А. Бекмухамбетова, С.Д. Кокорев, Л.М. Тулегенова, И.Н. Кравцов, микробиология кафедрасының ассистенті – С.Ж. Мусабаева және гистология кафедрасының ассистенті Д.Ж. Бримов.
omarova1999 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д. К.П.Омарова басқарды. Кафедраның ғылыми-ізденіс зерттеу жұмысы жаңа сатыға ауысты, м.ғ.д., профессор Ж.А. Доскалиев басқарған «Әртүрлі бауыр жетіспеушілігі кезінде эмбриональды гепатоциттерді алмастырып салу» тақырыбына ғылыми ізденістер жасалып, 2001 ж. «Әртүрлі бауыр жетіспеушілігі кезінде эмбриональды гепатоциттерді ауыстырып салудың патогенетикалық негізі» тақырыбына К.П.Омарова докторлық диссертациясын қорғап шықты. Авторлары академик М.А. Алиев, К.П.Омарова және т.б. «Бауырдың созылмалы диффузды ауруларын қазіргі хирургиялық емдеу әдістері» тақырыбына монография жазып шықты. Омарова Куляш Примжановна 1955 жылы тамыз айында Ақтөбе обылысында дүниеге келді. 1979 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында емдеу факультетін бітірген. 1979 жылдан 1983 жылға дейін терапевт болып жұмыс атқарды. Оқытушылық қызметін 1983 жылы патологиялық физиология кафедрасы ассистент болып жұмыс жасай бастады. 1989 жылы өзінің кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2001 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2003 жылы оған профессор атағы берілді. 2002 жылдан 2005 жылға дейін академиялық диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. 2005-2007 жылға дейін Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының диссертациялық кеңесінің мүшесі. Куляш Примжановна 2003 жылдан бастап тәрбие ісінің проректоры болса, 2008 жылы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры болып тағайындалды. 2012 жылы тамыз айында К.П.Омарова кенеттен көз жұмды.
iskazievaКафедра ардагері  Исказиева Ұлболсын Ишматовна  кафедраның негізін салушы профессор, м.ғ.д. Есенгуловна Халида Маманованың шәкірті. 1941 ж. 1 қаңтарда Оренбург облысында дүниеге келді. 1965 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 1975 ж. Ұлболсын Ишматовна өзінің кандидаттық диссертациясын «Влияние иммунизации гетерогенными эритроцитами на выживаемость и состояние некоторых факторов иммунитета при острой лучевой болезни (в эксперименте)» тақырыбында қорғады. 1979-2005 жылдары паталогиялық физиология кафедрасында доцент қызметін атқарды. Оның ерен еңбектері үшін «За трудовое отличие» (1981 ж.), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі (1999 ж.). 2007жылы ҚР білім министрлігінің мадақтама грамотасымен марапатталды. У.И. Исказиева 40 ғылыми жұмысты басып шығарды. «Клиникалық патофизиология бойынша тест жинақтары мен ситуациялық тапсырмалар» тақырыбында орыс және қазақ тіліндегі субординаторларға арналған көмекші оқулығының авторы (2008ж). 2017 жылы оған профессор атағы беріліп, 2018 жылдан бері Исказиева Ұлболсын Ишматовна еңбек демалысында.
sundetovСүндетов Жолдықайыр Сүндетұлы 1944 ж. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1968 ж. АқММИ-ның емдеу факультетін бітіріп, патофизиология кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 1973 ж. «Взаимосвязь гуморальных факторов иммунитета» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1993-1999 жылдары Х.И.Яссауи атындағы Түркістан университетінде келісім шарт бойынша доцент болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Ақтөбе Мемлекеттік академиясында қайта жұмысын бастады: ҒЗЗО-ның иммунологиялық зертханалық меңгерушісі (2000-2001жж.), медицина академиясының колледж директоры (2002-2004 жж), қалыпты және патологиялық физиология кафедрасында доцент (2005-2009 жж),  2009 жылдан бастап осы кафедраның профессор қызметін атқарады. Жоғарғы оқу орнындағы жұмыс кезеңінде 100 ден астам мақалаларын, екі монографияны басып шығарды, мемлекеттік тілдегі патофизиология оқулығының, орыс тіліндегі көмекші оқулықтардың авторы (2012 ж.), таңдаулы төрт патенттің, екі рационализаторлық ұсыныстың иегері.



patfiz1
Қазіргі уақытта патологиялық физиология кафедрасының жетекшісі. Профессор К.У.Касенованың шәкірті-м.ғ.д Жексенова Ажар Николаевна. Жексенова Ажар Николаевна 1966 жылы Орал облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген. 1995 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін үздік аяқтады. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң 1995-2000 жылдары патофизиология кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2001 ж.аға оқытушы қызметіне тағайындалды. 2010 ж. Астана қаласында кандидаттық диссертациясын «Болбыр дәнекер тінідегі асептикалық қабыну үрдісіне фетальді гепатоциттердің әсері» тақырыбында қорғады. Қазіргі таңда кафедра доценті қызметін, кафедрада барлық оқу және тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру жетекшісі, 5 факультет бойынша студенттердің кафедрадағы оқуын реттеуші, ОК мүшесі, конкурстық университет комиссиясының хатшысы қызметін атқарады, 40тан астам ғылыми мақалалары жарияланған.
2020 жылы өзінің жетекшілігімен «Сравнительная экспериментально-клиническая оценка и методы коррекции осложнений вызванных химиотерапией неопластических процессов молочных желез ассоциированных с мутациями генов BRCA2» атты ҚР гранттық ғылыми-техникалық жоба сәтті аяқтады. Бұл ғылыми жұмыс И.Ахунбаев атындағы ҚММА (Бішкек қ.) патологиялық физиология кафедрасымен бірге жүргізілген еді.
Патологиялық физиология кафедрасы ғылыми-зерттеу жобасының жетістіктері үшін белсенді қызмет етуде.

2020-2021 оқу жылындағы кафедра ұжымы
 
Кандыгулова ГЖКандыгулова Гульнар Жолдыкаировна, медицина ғылымдарының кандидаты, 2018 жылдан бастап кафедра оқытушысы. Ол 2007 жылы «Морфологическое состояние подвздошных лимфатических узлов у беременных крыс на фоне малобелкового питания» тақырыбында диссертация қорғады.
 таскожинаТаскожина Гулайм Есенбаевна, м.ғ.м., кафедраның аға оқытушысы. 2001 жылдан 2014 жылға дейін патофизиология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2012-2014 Г.Е.Таскожина магистратурада «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқыды, 2014 жылы «Асептикалық қабыну үрдісін фетальді гепатоциттермен түзету кезіндегі региональдық лимфа түйіндеріндегі морфофункциональды өзгерістер» атты магистрлік диссертациясын қорғады.
МукышоваМукышова Гулбану Демекбаевна, м.ғ.м., кафедраның аға оқытушысы 2001 жылдан 2014 жылға дейін патофизиология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары Г.Д.Мукышова магистратурада «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқыды. 2014 жылы «Организмнің хроммен улану кезіндегі гемопоэздің морфофункциональдық жағдайына мия майлы сығындысының әсері» атты магистрлік диссертациясын қорғады.
калиевна
Жылкыбекова Алия Калиевна, м.ғ.м., кафедраның аға оқытушысы. 2013-2015 жылдары А.К. Жылкыбекова магистратурада «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқыды. 2013 жылы «Патофизиологические аспекты лабораторной диагностики врожленного гепатита у новорожденных детей» атты магистрлік диссертациясын қорғады.
Қазіргі уақытта кафедра барлық факультеттердің студенттерімен тәжірибелік сабақтар өткізеді, оқыту тілі ретінде ағылшын тілінде топтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты.
Алиева ЛМАлиева Лида Музапаровна м.ғ.м., кафедраның аға оқытушысы. В 2013-2015 жылдары Л.М. Алиева магистратурада «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқыды. 2015 жылы «Комбинированное действие хрома и бора на функциональное состояние костного мозга» атты магистрлік диссертациясын қорғады.
НурымоваНурымова Гульнар Кентаевна 2012 жылдан бері кафедра оқытушысы. Қазіргі таңда кафедрада барлық факультет студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Сонымен қатар кафедраның кафедралық мәжілістер хатшысының жұмысын жүргізеді.
 дина кожабаевнаЕгизбаева Дина кожабаевна, кафедра оқытушысы. «Медицина» мамандығы бойынша 2 курс магистранты, 2021 жылы «Сүт безі қатерлі ісігі бар әйелдердің лимфоциттері субпопуляциясының көрсеткіштері (Ақтөбе облысы мысалында)» тақырыбында диссертациясын қорғамақ.
Ауезова Д.С. Ауезова Даригуль Сайыновна, 2012 жылдан бастап кафедра оқытушысы. Қазіргі таңда кафедраның тәрбие ісіне жауапты.
ПироженкоПироженко Наталья Николаевна, 2014 жылдан бастап кафедра оқытушысы. Кафедра оқытушыларының үздіксіз кәсіби дамуына жауапты. Ахметова УЖАхметова Улдай Жаксыбаевна, м.ғ.м., кафедра оқытушысы. 2019 жылы «Мұнай-газ өндіруші аймақтардағы тұрғындардың психологиялық жағдайын бағалау» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Кафедрада «Жас патофизиолог» СҒҮ жетекшісі.
Шорина Шорина Гулнар Жакеновна 1991-2008 жж. патофизиология кафедрасында лаборант болып жұмыс істеді. 2008 жылы аға лаборант болып тағайындалды. 2019 жылы бөлімнің офис-менеджер қызметін атқарады. Шагирова АА Шагирова Асемгуль Асылбеккызы, 2019 жылдан бастап кафедра лаборанты.

 

 

 

 

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов