Оториноларингология, офтальмология кафедрасы

Оториноларингология, офтальмология кафедрасы

1935 жылы ЛОР органдарының ауруларымен ауыратын науқастарды амбулаторлық қабылдауды, 1919 жылы Әскери Медицина Академиясын бітірген және Отандық оториноларингологияның негізін қалаушылар: Н.П.Симановский және В.И.Воячек академиктерінде оқыған дәрігер-рентгенолог Михаил Николаевич Воскресенский жүргізді. Қабылдауда созылмалы отит және атрофиялық риниті бар науқастар басым болды, жиі сыртқы құлақтың бөгде денелері бар балалар келіп түсті.
1939 жылдың қаңтарында барлық мамандықтағы Дәрігерлерге науқастарды қабылдау үшін жақсы жабдықталған кабинеттер, оның ішінде ЛОР науқастарға амбулаториялық көмек көрсету үшін, сол уақыттағы медицина жетістіктерінің деңгейінде жүзеге асырылған оториноларингологиялық кабинеті бар жаңа қалалық емхана ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе қаласында доцент Б.М.Лившиц оториноларинголог болып жұмыс істеді. 1946 жылдан бастап дәрігер-оториноларинголог Т.П.Марадудина жұмыс істей бастады, ал 1949 жылы екінші оториноларинголог – Н.Е.Каплан болды. Стационарлық науқастарды емдеу үшін қалалық аурухананың хирургиялық бөлімінде 5 төсек орын бөлінді. 1959 жылдан 1961 жылға дейін Ақтөбе қаласында оториноларингологиялық науқастарды ЛОР-дәрігерлері: С.Б. Шинделович, Б.З. Рубинчик, Ф.Г. Миралиева, И.П. Моженков, Г.Ф. Лашина қабылдады.
1961 жылдың ақпанында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ЛОР аурулар кафедрасы ұйымдастырылды. 22 жыл бойы кафедраның ұйымдастырушысы және тұрақты жетекшісі мед.ғылымдарының кандидаты, ҚазКСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, доцент Николай Дмитриевич Растопчин болды. Кафедраның алғашқы құрылған жылынан бастап онда С.К. Смағұлов (1961), Г.Ф. Лашина (1961), В.П. Григорьев (1964), А.В. Волков (1970) жұмыс істеді. 1961 жылдың қазан айынан бастап ҚазКСР оториноларингологтар ғылыми қоғамының Ақтөбе бөлімшесі ұйымдастырылды, ол 17 оториноларингологтарды біріктірді, ал қазіргі уақытта қоғамның 50-ден астам мүшесі бар.
1961 жылдан бастап Ақтөбе қаласында 2 ЛОР бөлімшесі ересектер үшін және 1 балалар бөлімшесі, әрқайсысы 40 төсекке кеңейтілді.
Н.Д. Растопчин басшылығымен кафедрада қазіргі оториноларингологияның өзекті мәселелері: есту мүшелерінің физиологиясы және патологиясы, ЛОР ағзаларының қатерлі ісіктері ойдағыдай зерттелді. Көмей обырының этиологиясы, патогенезі, клиникасы бойынша бірегей зерттеулер жүргізілді, көмейге күрделі реконструктивтік операциялар жүргізе отырып, осы патологияны емдеудің бірегей сызбалары әзірленді.
1983 жылдан бастап Лор аурулар кафедрасын доцент В. П. Григорьев басқарды, ол 1983 жылы функционалдық отохирургияның жаңа әдістерінің негізінде "созылмалы іріңді ортаңғы отитті хирургиялық және консервативті емдеудің патогенетикалық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. КСРО-да алғаш рет профессор В.П.Григорьев денсаулық сақтау тәжірибесіне, құлақтың анатомиялық архитектоникасы мен функцияларын сақтауға мүмкіндік беретін ортаңғы құлақтың хирургиялық араласу әдістерін жасап, енгізді. Кафедраның ЛОР қызметкерлері В.П. Григорьевтің жетекшілігімен алғаш рет, аз күшті тұрақты электр тогы арқылы ЛОР ауруларын емдеу әдісі әзірленді және қолданылды, ол қазіргі уақытта кафедраның ҒЗЖ(ғылыми зерттеу жұмысы) болып табылады. Жүргізілген эксперименттік зерттеулерде аз күштің тұрақты электр тогы мұрынның шырышты қабатына, оның транспорттық, бөліп шығару функциясын және микроциркуляциясын қалыпқа келтіре отырып, жағымды әсер ететінін көрсетті. В.Р.Григорьев жетекшілігімен алынған материалдар негізінде кафедра ассистенті В.В.Железнова «Вазомоторлы ринитті емдеудегі аз күшті тұрақты электр тогы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын орындап, қорғады. 2003 жылы кафедра ассистенті Б.А.Жапалаков «Созылмалы тонзиллитті емдеуде аз күшті тұрақты электр тогын қолдану» тақырыбында кандидаттық диссертациясын орындап, қорғады.
Кафедра қызметкерлері мен қала дәрігерлері, ҚР оториноларингологтар ғылыми қоғамының Ақтөбе бөлімшесінің мүшелері 400-ден астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 40 рационализаторлық ұсыныстар, 15 өнертабыстар жарияланды.
В. П. Григорьевтің бастамасымен 1986ж. қалалық және облыстық ЛОР бөлімшелері бір тұтас болып біріктірілді, Батыс Қазақстан халқына заманауи мамандандырылған көмек көрсетудегі жетекші орталық, жоғары білікті оториноларингологтарды даярлау орталығы болған 90 төсектік, Қазақстандағы ең ірі ЛОР клиникасы құрылды.
Таңу және операциялық бөлмелер барлық қажетті құралдармен: эзофагоскоптармен, тыныс алу бронхоскоптарымен, көмейдің микрооперациясына арналған құралдар жиынтығымен жабдықталған. Осы клиниканың арқасында осындай деңгейдегі операциялар жүргізілген жалғыз Қазақстандағы ЛОР клиникасы болды. Функционалдық диагностика кабинеті аудиометрмен, операциялық микроскоппен, электронды ларингостробоскоппен, талшықты оптикамен және т. б. аспаптар жиынтығымен жабдықталған, бұл оториноларингологиялық қызмет жұмысының сол кезеңінде ЛОР патологияның ең күрделі түрлерін заманауи деңгейде диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік берді.
Облыс орталығында, қалада және облыс аудандарында 40-тан астам оториноларинголог жұмыс істеді. Оның ішінде 50% дәрігерлер жоғары және бірінші санатты қорғады. 20-дан астам дәрігер АқММИ Лор аурулар кафедрасында клиникалық ординатураны бітіріп, Қазақстан Республикасы мен ТМД-ның әртүрлі бұрыштарында жұмыс істейді. Клиника базасында бірнеше рет Республикалық және облыстық дәрігерлер конференциясы өткізілді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының оториноларингологиялық қызметі Марат Оспанов атындағы БҚММУ оториноларингология, офтальмология кафедрасының және Марат Оспанов атындағы БҚММУ Медициналық Орталығының қызметкерлерімен құралған. Ақтөбе медициналық орталығының, №1, №2, №3, №4, №5, №6 қалалық емханалардың оториноларинголог-дәрігерлерімен, КДО Сурдологиялық орталықпен, «Айгерим», «Доверие», «Қуаныш», «Сенiм», «Айболит», «Айгерим», «Интертич» клиникаларының оториноларинголог дәрігерлерімен және сурдологиялық кабинеттерімен.

Марат Оспанов атындағы БҚММУ оториноларингология кафедрасы

lor1

Ақтөбе медицина институтының ЛОР аурулар кафедрасы 1961 жылы ақпан айында құрылды. 22 жыл бойы кафедраның ұйымдастырушысы және тұрақты жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазКСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері доцент Николай Дмитриевич Растопчин болды/1942-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушы.. Институтты бітіргеннен кейін Орынбор медициналық институтының ЛОР-аурулар кафедрасында клиникалық ординатураны (1952-1955жж..) өтті, 1955 жылдан 1961 жылға дейін – Орынбор медициналық институтының ЛОР-аурулар кафедрасының ассистенті болды. 1958 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1961 жылы ЛОР-аурулар кафедрасының меңгерушісі және Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ректоры болып сайланды. Желтоқсан айында 1970ж. Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері атағы берілді. 1983ж.бастап - Республикалық маңызы бар дербес зейнеткер атанды.
Н.Д. Растопчин басшылығымен кафедрада қазіргі оториноларингологияның өзекті мәселелері шешілді:
1.Есту мүшелерінің физиологиясы және патологиясы.
2. ЛОР ағзаларының қатерлі ісіктері.
Көмей обырының этиологиясы, патогенезі, клиникасы бойынша бірегей зерттеулер жүргізілді, осы патологияны емдеудің бірегей сызбалары әзірленді. Көмейдің экстирпациясы, көмейдің резекциясы, көмейді жаңартып - қалпына келтіру операцияларының барлық түрлері, сол сияқты күрделі операциялық әрекеттер жүргізілді.
1964 жылдан бастап, кафедрада Ставрополь медициналық институтында табысты қорғалып В. П. Григорьевке арналған кандидаттық, созылмалы іріңді ортаңғы отитті емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жүргізілді.
Н.Д. Растопчиннің ісін жалғастырушысы доцент Григорьев Вячеслав Петрович болды, ол 1983 жылы конкурс бойынша сайланды. 1961 жылы Орынбор мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 198 ғылыми жұмыстың, 10 өнертабыстың авторы. 1970 жылы «Тимпанопластикадан және жалпықуыстық отадан кейінгі трепанациялық жаралардың жазылу ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1983 жылы «Созылмалы іріңді ортаңғы отитті хирургиялық және консервативті емдеудің патогенетикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Профессор В.П.Григорьев денсаулық сақтау тәжірибесіне, ортаңғы құлақтың жалпықуыстық операциясынан кейінгі сыртқы есту жолының пластикасы, мезотимпанит кезіндегі антродренаж: аттико-антротомия, антрумды дренирлеумен бөліктелген аттико-антротомия, созылмалы іріңді ортаңғы отитпен ауыратын науқастардың көпшілігінде ортаңғы құлақтың анатомиялық архитектоникасы мен функцияларын сақтауға мүмкіндік беретін хирургиялық араласу әдістерін жасап, енгізді. В.П. Григорьевтің жетекшілігімен, кафедраның ЛОР қызметкерлері аз күшті тұрақты электр тогы арқылы ЛОР ауруларын емдеу әдісі әзірленді және қолданылды.
Алынған материал негізінде клиниканың ассистенті В.В. Железнова 1991 жылы медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесінде: «Вазомоторлы ринитті емдеудегі аз күшті тұрақты электр тогы» тақырыбында диссертация қорғады. 2003 жылы кафедра ассистенті Б.А.Жапалаков «Созылмалы тонзиллитті емдеуде аз күшті тұрақты электр тогын қолдану» тақырыбында кандидаттық диссертациясын орындап, қорғады.

lor2

2009 жылдан бастап қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы БҚММУ оториноларингология, офтальмология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор Исмагулова Эльнара Кереевна басқарады.
1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірді. 1991-1993 ж.ж АқММИ ЛОР - аурулар кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды. 2002 жылы Қазақ онкология және радиология Ғылыми-зерттеу институтында «ауыз-жұтқыншақ обырын емдеу нәтижелерін жақсарту жолдары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылдан бастап М.Оспанов атындағы БҚММА Медициналық Орталығының ЛОР- бөлімшесі кафедрасының меңгерушісі, М.Оспанов атындағы БҚММА ЛОР-аурулар курсымен онкология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2005 жылдың қазан айында Мәскеу қ. «Оториноларингологияның ғылыми-клиникалық орталығы» ФММ-де(федералдық мемлекеттік мекеме) «Жұтқыншақтың лимфоидты сақинасының қатерлі ісіктері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. «Оториноларингология-Бас және Мойын Хирургиясы» Еуро-Азия журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. Монографиялар мен 140-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

 

 lor3

Э.К.Исмагулова жетекшілігімен кафедрада қазіргі оториноларингологияның өзекті мәселелері табысты шешілуде:

1. Есту мүшелерінің физиологиясы және патологиясы.
2. Ересектер мен балаларда дауыстың бұзылуы.
3. ЛОР ағзаларының қатерлі ісіктері.
5. ЛОР органдарының патологиясын емдеудегі аз күшті тұрақты электр тогы

2009ж. ҚР ҰҒА академигі, профессор Тулебаев Р.К. және м. ғ. д., профессор Исмагулова Э.К., жетекшілігімен дәрігер-ординатор Шагатаев Б.А. «Көмейжұтқыншағының қатерлі ісіктерін емдеудің қазіргі заманғы диагностикасы және тиімділігін салыстырмалы бағалау» тақырыбында кадидаттық диссертацияны қорғады және 2010 жылы кандидаттық диссертацияны профессор Э.К. Исмагулова мен проф. С.А. Таукелева жетекшілігімен кафедра ассистенті С.Қ. Қожантаева «Ретрокохлеарлы құрылымдардың гистоморфологиялық өзгерістері негізінде созылмалы ортаңғы отиттер кезіндегі естімеушілік ерекшеліктері және оның алдын алу» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
Қазіргі уақытта клиникада профессор Э.К.Исмагулова, профессор Б.А.Жапалаков, доцент В.В.Железнова, медицина ғылымдарының докторы С.К.Қожантаева, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А.Шагатаева, ассистент Д.Б.Шингалиева, ассистент-стажерлер А.К.Амирадинова, Г.Н.Камелова жұмыс істейді.
Алынған материалдар негізінде 3 докторлық, 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Кафедра қызметкерлері мен қала дәрігерлері, Каз.КСР оториноларинголтардың Ақтөбе ғылыми қоғамының мүшелері 500-ден астам ғылыми жұмыстар жарияланды, 40-тан астам рационализаторлық ұсыныстар, 17 өнертабыстар, дәрігерлер үшін 10 әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

lor4

Доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Железнова Валентина Витальевна. 1978 жылы Ақтөбе мемлекеттік мединститутын бітірді.
Оториноларингология бойынша интернатураны бітіргеннен кейін Орал облысы Жәнібек ауданының ОАА-да ЛОР дәрігері болып жұмыс істеді. 1983-1985ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ЛОР аурулар кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды. 1991 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінде «вазомоторлы ринитпен ауыратын науқастарды емдеудегі аз күшті тұрақты электр тогы» тақырыбында диссертация қорғады.

  

 

 

 

lor5

Кафедра профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Жапалаков Басир Айдарханұлы. 1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. Интернатураны бітіргеннен кейін 1982 жылдан 1985 жылға дейін Орал облысы Қаратөбе ауданының аудандық ауруханасында ЛОР-дәрігер болып жұмыс істеді. 1988 жылдан 1990жыл аралығында Ақтөбе мединституты ЛОР – аурулары кафедрасының клиникалық ординатурасын өтті. 1990 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік мед. академиясының ЛОР аурулар кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2003 ж. «Созылмалы тонзиллитті емдеуде аз күшті тұрақты электр тогын қолдану» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2004ж қазан айынан бастап доцент лауазымына ие болды.

 

 

 

lor7

Оқу-клиникалық орталығының жетекшісі-медицина ғылымдарының докторы Қожантаева Сарқыт Қожабергенқызы. 1991ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген.
«Пирацетам қолдану фонында шудың әсері кезінде адамның үлкен ми көлденең иреңдерінің жеке өзгеруі және есту қабығы жасушаларының жағдайы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, 2010 жылы «Ретрокохлеарлы құрылымдардың гистоморфологиялық өзгерістері негізінде созылмалы ортаңғы отиттер кезіндегі естімеушілік ерекшеліктері және оның алдын алу» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

 

 

lor8

В 2009г. защитила кандидатскую диссертацию на тему: «Современная диагностика и сравнительная оценка эффективности лечения злокачественных опухолей гортаноглотки» под руководством академика НАН РК, профессора Тулебаева Р.К. и д.м.н., профессора Исмагуловой Э.К.
АМО Оториноларингология бөлімшесінің Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Шагатаева Бибигуль Адаевна, жоғары санатты дәрігер. 1995 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 2002 жылдан 2004 жылға дейін М. Оспанов атындағы БҚММУ ЛОР - аурулар курсында Оториноларингология бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 2009ж. ҚР ҰҒА академигі, профессор Р. К. Төлебаевтың және м.ғ.д., профессор Э. К. Исмагулованың жетекшілігімен «Көмейжұтқыншағының қатерлі ісіктерін емдеудің қазіргі заманғы диагностикасы және тиімділігін салыстырмалы бағалау» тақырыбында кадидаттық диссертацияны қорғады

 

 

lor9

2009 жылдан бастап магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша "Медицина" мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс есебіне теориялық және практикалық білімді меңгеру үшін резидентураға қабылдау ашылды.
Оториноларингология бойынша дәрігерлер мен мамандарды қайта даярлау бойынша циклдарды қамтитын дипломнан кейінгі білім беру курстары бар.

 

 

 

АМО Оториноларингология бөлімшесі

lor10

Бірінші рет 1960ж. №1 МСЧ Ақтөбе қаласында 40 төсектік ЛОР-бөлімшесі Оториноларингология кафедрасы үшін база, доцент Н.Д.Растопчин жетекшілігімен болды. Содан кейін, қаланың үш бөлімшесінің, оның ішінде балалар бөлімшесінің бірігуіне байланысты ЛОР-бөлімшесі №2 Қалалық клиникалық ауруханада 90 төсекке кеңейтілді. 1996 жылы облыстың емдеу мекемелерінің қайта құрылуына байланысты ересектерге арналған ЛОР-бөлімшесінде 40 төсекке дейін қысқарып, «Облыстық клиникалық аурухана» Қалалық клиникалық ауруханаға ауыстырылды. 2001 ж. мекеменің М. Оспанов атындағы БҚММА Медициналық орталығы болып қайта аталуына байланысты және республикада денсаулық сақтауды оңтайландыруға байланысты Лор бөлімшесі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының Медициналық орталығы базасында 20 төсекке дейін қысқарды.

 

lor11

2015 жылдан бастап ЛОР бөлімшесі АМО-ға ауыстырылды және Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, сондай-ақ Орал, Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындарына мамандандырылған оториноларингологиялық көмектің барлық түрлерін көрсету бойынша негізгі база болып табылады. Клиникада: консультациялық, ургенттік және жоспарлы хирургиялық көмек, сондай-ақ жедел және созылмалы аурулары бар оториноларингологиялық науқастарға консервативті терапия жүргізу жүзеге асырылады.
Оториноларингология бөлімшесі аудиометриялық, эндовидеохирургия риносинусохирургия, құлақ микрохирургиясы, көмей эндоларингохирургиясы, оториноларингологиялық комбайн және фиброэндоскоптар кіретін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

 

 lor12 

 lor13 lor14

Бөлімшеде қызметкерлер бірге: сыртқы есту жолының пластика тәсілі, антродренаж, антрумды дренаждайтын аттикотомия, антрумды дренаждайтын ішінара және бөлек аттико-антротомия, антрумның блокадасымен бөлек аттико-антротомия, ларингостоманың пластика тәсілі және т.б. кеңінен қолданылады.

lor15

Оториноларингологияға белгілі барлық хирургиялық араласу жүргізіледі: мұрын қуысы мен мұрын маңы қуысының эндовидеохирургиясы; құлақ микрохирургиясы; ортаңғы құлақ санациалайтын операциялар; жұтқыншақ және көмей хирургиясы.

 

 

 

 

Осылайша, Ақтөбе облысының оториноларингологиялық қызметін дамытудың 50 жылдық табысты жолы жоғары кәсіпқойлықтың, мақсатқа ұмтылудың, жігерліктің үлгісі болып табылады және басты мақсат – ЛОР-органдары ауруларынан сырқаттанушылық, өлім-жітім және мүгедектік көрсеткіштерін төмендету және Қазақстан халқының денсаулығын сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында диагностиканың барлық деңгейлерінде айтарлықтай жақсарған. Айта кету керек, біздің облыстың ЛОР - дәрігерлері Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді шешу бойынша, ең алдымен, ауруларды уақтылы диагностикалау, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жетілдіруде белсенді түрде қадамдар жасауда.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов