Психиатрия және наркология курсы

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының психиатрия кафедрасы 1961 жылы құрылды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып дәрігер-психиатр, профессор Приленский Юрий Федорович тағайындалды, кейіннен кафедраны басқарғандар: Каляпин Александр Гаврилович; медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Катковников Альберт Ильич (1981 – 1999 ж.а.). Альберт Ильич кафедра меңгерушісі қызметін атқарған кезде Қазақстан Республикасындағы психиатрия ,ғылымы мен қызметінің дамуына зор үлес қосты.
Кафедраның одан кейінгі меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Назаров Зинулла Айдарович (1999 – 2004ж.а.) тағайындалды.
2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін психиатрия, наркология және неврология кафедрасын медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ибатов Амагельды Нигметович басқарды, қазіргі кезде зейнеткер, Орал қаласында дәрігер- психиатр болып қызметін жалғастыруда.
Психиатрия кафедрасында оқытушы қызметін атқарғандар: доцент Сарсембаев Кайратбек Талгатбекович, Тлеугарин Кульжан Тлеуович, Колесников Александр Анатольевич, Черников Александр Константинович, Калдыбаева Венера Кадыровна.
Клиникалық ординатураны бітіріп, кейін кафедрада оқытушылық қызмет атқарғандар: Дьячкова Валентина Николаевна, Тажибаев Оскар Махмудович. Кафедрада клиникалық ординатурадан өткен Уразова Гульмира Нурлановна қазіргі уақытта АОПДО бас дәрігердің орынбасары қызметін атқаруда. Психиатрия кафедрасында субординатура және интернатурадан өткен Негай Николай Анатольевич,қазіргі уақытта - Республикалық психикалық денсаулық орталығының директоры.
2009 жылдан бастап бүгінге дейін неврология, психиатрия және наркология кафедрасының психиатрия және наркология курсына жауапты Павленко Валерий Петрович. Павленко Валерий Петрович – медицина ғылымдарының докторы, доцент, жоғары категориялы дәрігер-психиатр, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басты штаттан тыс психиатры, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде оқу-әдістемелік құралдар: «Инновационные технологии обучения» және «Психические и поведенческие расстройства в результате употребления опиоидов (опийная наркомания)», сонымен қатар монография «Новое в лечении алкоголизма: клиническая фармакология пропротена-100».
nevrol 10
Павленко Валерий Петрович Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын 1995 жылы бітірді, психиатрия бойынша интернатурадан өту кезінде кафедраға ассистент-стажер болып жұмысқа қабылданды. 1998 жылдан бастап ассистент, кейіннен доцент, 2009 жылдан бастап психиатрия және наркология курсына жауапты. 2004 жылы Павленко В.П. «Фармакологический анализ систем мозгового подкрепления и эмоциональной памяти при гормональном дисбалансе» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, 2010 жылы «Патогенетические механизмы алкогольной и опийной зависимости» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде оқу-әдістемелік құралдар: «Инновациялық оқыту технологиялары» және «Опиоидтарды (апиынға тәуелділікті) қолдану нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары», сонымен қатар монография «Алкоголизмді емдеудегі жаңа жаңалық: Пропротен-100 клиникалық фармакологиясы».
Кафедрада жұмыс жасап жүріп Павленко Валерий Петрович студенттерге лекциялар оқиды және практикалық сабақтар өткізеді, дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклдарын ұйымдастырып, жүргізеді. ОПДО және басқа да емдеу мекемелерінде науқастарды қабылдайды.Қазіргі уақытта психиатрия бойынша электронды оқулық жасаумен айналысып жатыр. Ғылыми қызығушылықтары: наркологиялық бұзылыстар.
kf00552
Қазіргі уақытта психиатрия және наркология курсында қызмет атқарушылар: Павленко В.П. – курсқа жауапты, Хамитова Ж. М. –доцент, ассистенттер : Зайнуллин С.В., Ахметова С.А., Рамазанова А.А., Сабыр Л.М., лаборант Даулбаева Л.Т.
mkmc2252
Хамитова Жанар Муратовна – доценттің қызметін атқарушы, бірінші категориялы дәрігер-психиатр, оқытушы, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын 1997 жылы бітірді. Дәрігер-невропатолог болып жұмыс жасаған, 2003 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті. 2010 жылдан бастап психиатрия және наркология курсында доценттің қ.а. Лекциялар оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді, психоневрологиялық және наркологиялық диспансрде науқастарды қабылдайды. 2010 жылы мемлекеттің тілдегі оқу құралын шығарды: «Есірткі қабылдау салдырынан болған психикалық және кылықтық бұзылулар». 7 ғылыми мақаланың авторы. Хамитова Ж.М. наркологиялық бұзылыстардың фармакотерапиясы жөнінде ғылыми ізденістер үстінде.
Рамазанова Акмарал Адиетовна – ассистент, медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер-нарколог, педагогикалық өтілі – 23 жыл, дәрістер оқиды және практикалық сабақтарды өткізеді. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Биомаркеры преждевременного старения у лиц длительно контактирующих с экологически агрессивными веществами». Қазақ тілінде 3, орыс тілінде 1 оқу құралын жазған. 50-ге тарта ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми қызығушылықтары: АЗХС зауыты және уинверситет жұмысшыларының арасындағы қартаю пробемалары, өзгерген сана жағдайларын зерттеу. Университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, ректораттың хатшысы, университеттің қоғамдық жұмыстарымен белсенді айналысады.
Зайнуллин Станислав Владимирович – бірінші категориялы дәрігер-психиатр, ассистент, Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін 1993 жылы аяқтаған. Сол жылдан бастап облыстық психоневрологиялық дсипансерде психиатр болып жұмыс жасаған. 1999 жылдан бастап психиатрия кафедрасында. 2003 жылдан бастап кафедра ассистенті, практикалық сабақтар өткізеді, науқастарды қабылдайды. Ғылыми қызығушылықтары: өзгерген сана жағдайларын зерттеу. 
abmnc0010
Ахметова Светлана Ахантаевна – ассистент, дәрігер-нарколог, психиатр. 2011 жылдан бастап кафедра ассистенті, практикалық сабақтар өткізеді. Курс жұмысына TBL және CBL инновациялық әдістерін енгізді. Ғылыми қызығушылықтары: алкоголь ұолдану нәтижесінде болатын психикалық бұзылыстар. 10 ғылыми мақаланың авторы. Курстың тәрбие жұмысына жауапты. Университеттің спорт саласына белсенді ат салысады, үстел теннисі бойынша 1 жүлделі орын иемденді. 
sdfgvcdflkdc0001
Сабыр Лаура Мендыбаевна – 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірді. 2002-2005 жж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша бітіріп, «жоғары кәсіби білімі бар шет тілдерінің мұғалімі» біліктілігін алды. 2016 жылдан бастап ол неврология кафедрасында психиатрия және наркология курсының ассистенті болып жұмыс істеді және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін сырттай бітірді. К.П.Жубанова (2016-2018), «психология» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры дәрежесін алды, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистратурасында оқыды. Қ.Жұбанова, «психология» мамандығы, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Студенттердің кәсіби қызметке психологиялық дайындығын қалыптастыру». 2020 жылы ол «Дәрігердің кәсіби қызметіндегі психология» атты дәрістер курсын шығарды. Ақтөбе облысының медициналық қызметкерлері үшін «Психикалық денсаулықты нығайту және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу» семинар-тренингтерін өткізді.
Қазіргі уақытта ол психиатрия және наркология курсының ассистенті, психиатр, дәрістер оқиды және ағылшын тілінде психиатрия мен наркология бойынша практикалық сабақтар жүргізеді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысады, психологиялық кеңес беру мәселелерімен айналысады. «Upper-intermediate» деңгейдегі ағылшын тілін жетік біледі.
Ғылыми қызығушылықтары: психотерапия, психологиялық кеңес беру, мінез-құлық психотерапиясы.
Оқу процесін жақсарту мақсатында оқытудың оқытудың жаңа технологиялары (РВL, CBL, TBL) енгізілуде. Автоматтанған ақпараттық жүйе «Платонус», оқу – әдістемелік комплекстер, аралық бақылау тесттері, жағдайлық есептер, әдістемелік нұсқаулықтар, әртүрлі интерактивті оқу әдістері(симулятор, рольдік ойындар). Дәріс оқу және практикалықсабақтарды жүргізу кезінде курс оқытушылары аудио және видеоматериалдарды қолданып оқытудың заманауи тәсілдерін кеңінен пайдаланады.
Курс қызметкерлері студенттерге, интерндерге дәрістер оқиды және практикалық сабақтар өткізеді, оқу процесінде инновациялық және интерактивті тәсілдерді пайдаланады, оқу –әдістемелік әдебиеттерді ойлап табады, дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклдарын ұйымдастырып, жүргізеді, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде және басқа емдеу мекемелерінде науқастарды қабылдайды, студенттер және мектеп оқушыларының арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Соңғы жылдары курстың негізгі ғылыми бағыты:балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің қауіп факторларын зерттеу және алдын алу.
2014 жылы ЗКГМУ базасында психиатрия және наркология курсы «Қазақстан және Ресейдегі психиатрияық қызмет: жалпы жағдайлар, даму перспективалары және халықаралық серіктестік» тақырыбында халықаралық қатысумен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ол конференцияға Қазақстанның және жақын шетелдің ЖОО-дарының өкілдері қатысты. Болашақта осындай конференцияны тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарда бар. Курс қызметкерлері Қазақстанда және шетелдегі болатын конференцияларға қатысып тұрады, зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми басылымдарға жариялап, теледидарға сұхбаттар береді.
Психиатрия және наркология курсы Оренбург мемлекеттік медицина университетінің психиатрия, наркология, психотерапия және медициналық психология кафедрасымен және В.И.Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университетінің психиатрия, наркология, клиникалық психология және психотерапия кафедрасымен тығыз байланыста.
Психиатрия және наркология курсының қызметкерлерінің тізімі:
Павленко Валерий Петрович – курс бойынша жауапты
Хамитова Жанар Муратовна – доцент қ.а.
Рамазанова Акмарал Адиетовна – ассистент
Ахметова Светлана Ахантаевна – ассистент
Сабыр Лаура Мендыбаевна – ассистент
Даулбаева Лаззат Тынымбаевна – лаборант
Контакттер: жұм. тел. 53-42-78
элек. мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов