Неврология, психиатрия және наркология кафедрасы

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» КеАҚ неврология кафедрасы 1961 жылы құрылған. 2017 жылдан бастап неврология кафедрасы өз алдына жеке 2 кафедраға бөлінді: неврология кафедрасы және психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасы. Психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының клиникалық базасы БҚМУ-нің Медициналық орталығы, АМО, АМО-нің балалар ауруханасы (Облыстық балалар ауруханасы) болып табылады. Кафедрасының негізгі бағыттары ғылыми-педогогикалық және клиникалық жұмыстар болып табылады.

nevrol 2

Қазіргі таңда кафедраның жетекшісі, PhD Аяганов Динмухамед Нурныязович. Балалар невропатологы, медициналық реабилитолог, генетик. 6D 110100 «Медицина» мамандығы бойынша докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ерте жастағы балаларда кездесетін эпилепсияның резистентті формасының клиникалық-иммунологиялық аспектісі». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Лепесова М.М. 

Аяганов Д.Н. шетелдік және отандық журналдарда орыс және ағылшын тілдерінде 30-дан астам басылымдардың, сонымен бірге «Балалардағы бұлшықет гипотониясының симптомокомплексі» (2014 ж.) оқу-әдістемелік құралының авторы. «Синдром Веста» монографиясының шығарылуымен жұмыс жасайды. Балалар неврологиясы бойынша отандық және мемлекетаралық конференцияларға, конгресстерге, семинарларға баяндамалармен қатысқан: Тбилиси (Грузия), Каппадокия (Турция), Урумчи, Сиань, Юньчень (КНР), Бухара (Узбекистан), Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе (Қазақстан). Әртүрлі гранттық жобалардың қатысушысы. 2015 жылы Санкт-Петербургта СПбГПМУ қосымша кәсібі білім беру және біліктілікті жетілдіру факультетінің психоневрология кафедрасында ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өткен. 2016 жылы Сиань и Юньчень (КНР) қаласында медициналық реабилитация бойынша тәжірибиемен алмасу стажировкасында болған.

Сонымен қатар «Нейроиммунопатология позициясынан ерте жастағы балаларда кездесетін эпилепсиялық энцефалопатияның резистентті формасының патогенетикалық негізі» атты ғылыми шығарылымның авторлық құқықығының куәлігіне ие. ҚР-нің балалар неврологының ассоциациясының, балалар неврологының мемлекетаралық ассоциациясының, EPNS ассоциациясының белсенді мүшесі болып табылады. Облыстық балалар аурханасының неврология бөлімшесінде апта сайынғы науқастарға дәрігерлік кеңестер өткізеді және қалалық клиникалық балалар ауруханасының неврология бөлімшесі мен реанимациясының консультанты болып табылады. 3-ші оқу жылының докторанттың «Қазақстандағы Дюшенн миодистрофиясының клиникалық-генетикалық сипаттамасы» және 1-ші оқу жылының докторанттың «Балалардағы неврологиялық аурулардағы жалпыланған қозғалыстардың болжамды құндылығы» тақырыптарына ғылыми жетекшісі болып табылады. 2020 жылдан бастап «Марат Оспанов атындағы БҚМУ-і» КеАҚ жанындағы биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның төрағасы болып табылады. Сондай-ақ университеттегі проблемалық комиссияның мүшесі.

nevrologia sait

Маннапова Ақжунус Иманкұлқызы 1999 жылы Актөбе мемлекеттік медицина академиясын, «Емдеу ісі» факультетін бітірген. Еңбек өтілі – 18 жыл. 2000-2011 жылдар аралығында «Гистология» кафедрасының ассистенті болып жасады. 2011-2018 жылдары Дәлелді медицина орталығының доцент міндетін атқарушысы болып жұмыс жасады. 2008 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 14.00.25 - Адам анатомиясы бойынша кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Хромның созылмалы әсері және оны аңдыз тамыры майлы сығындысымен коррекциялау кезіндегі трахеобронхиальды лимфа түйіндеріндегі морфологиялық функциялық өзгерістер». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Умбетов Т.Ж. 

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының доцент міндетін атқарушы болып табылады.

Умирзакова Айнур Онталаповна – медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер невропатолог, нейрофизиолог, 3-ші курс докторанты. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Эпилепсиялық энцефалопатия кезіндегі когнитивтік бұзылысты бағалау». Докторлық ғылыми диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы Дюшенн миодистрофиясының клиникалық-генетикалық сипаттамасы». 12-ден астам басылымдары бар, соның ішінде ағылшын тіліндегі халықаралық журналда. Университет қабырғасында жүргізіліп жатқан ғылыми-гранттық жобаларға белсенді қатысады. Неврология мамандығы бойынша білімін әрдайым жетілдіріп отырады. Қазақстан Республикасында да, жақын шетелдерде де неврологиялық конференцияларда ауызша баяндамаларымен шығып отырады. WSO-тің (Әлемдік инсульт орталығы) мүшесі болып табылады. Грузияда дәлелді медицинаның клиникалық практикасы бойынша шетелдік тәжірибеден өткен. «Эпилептикалық энцефалопатия кезіндегі когнитивті бұзылуларды бағалау» тақырыбынан жеке интелектулаьды авторлық куәлігі бар.

Досболова Мөлдір Құрманғалиқызы, 2009 жылы қыркүйек айында Алматы қаласы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақстан Ұлттық медицина университетіне «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсіп, 2016 жылы «дәрігер терапевт» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған. Интернатура бойынша 2 жылдық окуды аяқтағаннан кейін, 2016 жылы тамыз айында Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіне «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түскен. 2018 жылы резидентураны аяқтап, дәрігер невропатолог сертификатын алған.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасайды.

Сариманов Сауирхан Аллабердіұлы, 2009 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсті. 2016 жылы «жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығымен бітіріп, диплом алған. Интернатураны бітірген соң 2016 жылдың қыркүйегінде «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түсті. 2018 жылда резидентураны бітіріп, сертификатты қорғап шыққан.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасайды.

Кулыбаев Толыбек Жумабекович, 2009 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсті. 2014 жылы «бакалавр» мамандығымен бітіріп, диплом алған. Интернатураны бітірген соң 2016 жылдың қыркүйегінде «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түсті. 2018 жылда резидентураны бітіріп, сертификатты қорғап шыққан.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасайды. 

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов