Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Кафедра институттың ашылуымен бірге 1957 жылдан бастап жұмыс жасайды, ол бастапқыда «Марксизм-ленинизм кафедрасы» деп аталды. Оның алғашқы жетекшісі В. Толкачев, кейін тарих ғылымдарының кандидаты, К.Ж. Жаманбаев болды. Кафедрада КОКП тарихы, философия, саяси экономия, ғылыми коммунизм, ғылыми атеизм пәндері оқытылды.
1964 жылы студенттер санының өсуіне байланысты кафедра екіге: КОКП тарихы мен саяси экономия және философия мен ғылыми коммунизм кафедрасы болып бөлінді.
1964 және 1974 жж. арасында философия және ғылыми коммунизм кафедрасына философия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Қ. Қожамұратов, ал 1974 және 1978 жж. философия ғылымдарының кандидаты, доцент К. У. Биекенов жетекшілік етті, ол қазіргі таңда Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтану кафедрасының профессоры болып қызмет етуде және әлеуметтану ғылымдарының докторы болып табылады.
1979-1987 жж. кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.А. Асаров басқарды. Аталмыш кезеңде кафедра дәрістерді проблемалық тұрғыдан оқыту әдістемесін жасап шығарды. Ә. А. Асаровтың философияны профильдік тұрғыдан оқыту туралы мақаласы орталықтан шығатын «Философские науки» журналында жарияланып. аса ерекше қызуғышылықты туғызды. Бұл жылдары кафедраның қызметкерлері – Н.И. Губановтың, Ә. А. Асаровтың, О. М. Тихомированың, А.Т. Тайжановтың, Қ. Ж. Жолдасовтың 5 кандидаттық және Н. И. Губановтың докторлық диссертациялары қорғалды. Осы кезде кафедра Қазақстанның оқу орындарының ішінде барлық қызметкерлері бірдей ғылыми дәрежесі бар жалғыз кафедра болды.
1991 жылы тарих, саяси экономия және философия, ғылыми коммунизм кафедралары бір кафедраға-әлеуметтік ғылымдар кафедрасына қайта біріктірілді. Оны 1998 жылдың желтоқсан айына дейін философия ғылымдарының докторы, профессор Н.И. Губанов басқарды. Бұл уақыт Қазақстанның егемендігінің жариялау кезеңімен тұспа-тұс келді. Енді білім беру ісіне Қазақстан тарихы, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, экономикалық теория негіздері секілді жаңа пәндер енгізілді.
1998 және 2000 жылдар арасында кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ә. А. Асаров басқарды. Осы азғантай уақыт ішінде ол докторлық диссертациясын қорғап, «Қажеттіліктер теориясы» монографиясын жариялады. Мұнан кейін кафедраны 2002 жылға дейін А.С. Атызбаева басқарды.
Кафедрада осы жылдар ішінде В. Толкачев, Жаманбаев К.Ж., Темиров Н. Т., Қожамұратов Б.Қ., Көшербаев С. Б., Жолбасқанов Т. Ж., Жолдасов Қ. Ж., Биекенов К.У., Асаров Ә.А., Тайжанов А.Т:, Оспанов М. Т., Губанов Н.И., Щербаков В. С, Мых Н.А., Тихомирова О. М., Сүлейменов Б.С., Рудакова Н. Е., Назарова Н. М., Мамбетов Ү.Е., Виноградов С.А., Кундикеров Б., Толыбаев М. Е., Жайтапова А. А., Ищанова А. К., Кұрманова С. Б., Тленшина Г. М., кабинет меңгерушілері: Зарипова К. Ш., Афанасьева Л. А., лаборанттар: Пелипенко Т. М., Нұржанова Г. М., Шолжанова Л. И., Насухин А.Б. және басқа да оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс жасады.
2002 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедраға философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі А.Т. Тайжанов жетекшілік етуде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап сабақ тек орыс тілінде ғана емес, мемлекеттік тілде де жүргізіле бастады. Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құжаттарды даярлауда кафедра аға оқытушылары Ж.Е. Айтжанова, Б.И. Шәмші, С.С. Күміспаев және т.б. қызметкерлер өте көп еңбек сіңірді. Оқытудың этномәдени аспектілері мәселелерін терең зерттеп жүрген профессор А.Т. Тайжанов бұл әдістеменің оқу процесіне енгізіліуіне көп үлес қосып осыған сай оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құжаттарын әзірледі.
Кафедра оқытушыларының түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, облыстық, ЖОО аралық ғылыми, әдістемелік, практикалық конференцияларға қатынасуы дәстүрге айналған. Өз тарихында кафедра 1000-нан астам ғылыми мақала, 100-ден астам әдістемелік еңбектер, ондаған монографиялар мен кітаптар жариялады. Тек соңғы 5 жыл ішінде ғана (2008-2014 жж. аралығы) 200-ге жуық ғылыми мақала жарық көрді.


________________________________________

Кафедра жетекшісі – философия ғылымдарының докторы, ҚР ӘҒА академигі Алтай Тайжанұлы Тайжанов – философия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі (1997), белгілі Әуезовтанушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия факультетін бітірген (1975). 1966-1970 жж. жәй жұмыстарда, әскер қатарында болған. 1970-1975 жылдары ҚазМУ-дің студенті. 1975-1977 жж Рудный индустриалды институтында қызмет етті. 1977-1997 жж. Ақтөбе мединститутында оқытушы, аға оқытушы, философия кафедрасының доценті, Ақтөбе педагогика институтының этнопедагогика және мәдениет тарихы мен теориясы кафедрасының меңгерушісі. 1997-2000 жж. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры – ғылыми зерттеу және инновациялық-әдістемелік орталығының директоры, кафедра меңгерушісі, профессоры. 2000-2003 жж. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 2004 жылдан Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 1997-2005 жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының философия және саясаттану институты жанындағы философия саласы бойынша маманданған Докторлық Ғылыми кеңестің мүшесі, 2005 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті жанындағы Диссерттациялық Кеңестің мүшесі. Ғылыми кадрлар даярлау бағытында да көп еңбек еткен, 500-ден астам ғылыми, мәдени-көпшілік еңбегі, 13 монографиясы мен кітаптары жарияланған. Ғылыми жұмыстары мен ізденістері М.Әуезов шығармашылығына, қоғамдық – философиялық ой тарихына, оқу мен тәрбиенің этномәдени аспектілеріне арналған.
Алтай Тайжанұлы қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани шараларға да белсенді түрде араласады. Ол Президенттің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жасалып жатқан көптомдық «Философия мен қоғамдық ой тарихы» сериясының редколлегия мүшесі, Облыстық ономастика коммисиясының мүшесі, Медицина Академиясының Ғылыми Кеңесінің және Терминологиялық комиссиясының мүшесі. Ол сонымен қатар кезінде «Ақиқат», «Парасат», «Әль-Фараби» журналдарының редколлегия мүшесі болды. Қазіргі уақыттарда «Батыс Қазақстан университеті» және «Әдіскер жаршысы» журналдарының ақылдастар алқасының мүшесі.
Оқу мен тәрбие және ғылым мен білім саласындағы, Республикамыз бен облысымыздың мәдени-әлеуметтік, рухани салаларында атқарған еңбегі ескеріліп, ол Президенттің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» белгілерінің иегері атанды. ҚР Президентінің, Министрліктің, Облыс және қала әкімшілігінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.
Шығармалары: «Педагогические взгляды Мухтара Ауэзова». Алматы, «Рауан», 1990 ж.; «Мухтар Ауэзов-мыслитель». Алматы, «Ғылым», 1991 ж.; «Мұхтар Әуезов шығармашылығының мектеп өміріндегі орны». Ақтөбе, 1992 ж.; «Этнопедагогика. Учебно-методическое пособие». Актобе, 1992 ж.; «Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектері». Алматы, 1995 ж.; «Этнокультурные традиций в духовном наследии М.О. Ауэзова». Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1997 ж. (в соавторстве); «Мировоззрение Мухтара Ауэзова». Алматы, «Ғылым», 1997 ж.; «Мұхтар Әуезов – ойшыл, ғалым, ұстаз». Алматы, «Ғылым» 1998 ж.; « Құдайберген Жұбанов дүниетанымы». Ақтөбе, 1999 ж.; «Билер тағылымы және бүгінгі күн». Ақтөбе, 2000 ж.; «Қазақ болмысы». Ақтөбе, 2001 ж.; «Жабайхан Әбділдин Қазақстан философия мектебінің негізін салушы». Алматы, 2003 ж.; «Тағылымды танымдар». Орал, 2007 ж.; «Этномәдени білім мен тәрбие» (Ақтөбе, 2009); «Білім философиясы мен социологиясы (Этномәдени аспектілері)». Ақтөбе, 2011; «Саясаттану». (басқа авторлармен бірге). Ақтөбе, 2014 және басқа да еңбектері жарық көрген.


________________________________________
Бүгінгі таңда әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында мына қызметкерлер жұмыс жасайды:

Шәмші Бауыржан Исаұлы – кафедраның оқу істері бойынша жауапты аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, 2002 жылдан бері қарай еңбек етеді.

Айтжанова Жанат Ерғалиқызы – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, 2000 жылдан бері қарай еңбек етеді.

Күміспаев Самат Самидуллаұлы – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, 2004 жылдан бері еңбек етуде.

Молдин Бекзат Аққонысұлы – оқытушы, саяси ғылымдар магистрі, 2004 жылдан бері жұмыс жасайды.

Балтымова Айнұр Рашидқызы – оқытушы, философия ғылымының магистрі, 2005 жылдан бері қызмет етеді.

Құмаров Нұрлан Амангелдіұлы – оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, 2008 жылдан бері жұмыс жасайды.

Утешова Гулжанат Талғатқызы – оқытушы, 2006 ж. бастап қызмет атқарады.

Балапашев Бекен Сарсенғалиұлы – оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, 2009 жылдан бері еңбек етуде.

Ерғалиев Мирлан Есенғалиұлы – аға оқытушы, 2009 жылдан бері еңбек етеді.

Сағымбаева Наталья Әбдигалиқызы – оқытушы, 2009 жылдан бері қызмет атқаруда.
________________________________________

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов