Визуалды (сәулелік) диагностика курсы

1959 жылы АқММИ-ның ішкі аурулар пропедевтика кафедрасында рентгенология курсы ашылып, курсты доц. Е.А. Брусиловский басқарды. 1963 жылы рентгенологияға қосымша медициналық радиология пәні қосылды. Брусиловский Евгений Алексеевич жоғары білікті маман, осы қызметтен бұрын Ақтөбе облысының бас рентгенологы қызметін атқарды. 1965 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шықты, ал 1968 жылы доцент атағы берілді.
 image523001
Брусиловский Евгений Алексеевич
1963 жылы рентгенология пәніне қосымша ретінде медициналық радиология пәні қосылды. Дәрістер оқуға КазНИИОиР-дан профессор Жолкивер Курт Ильич шақырылды, ассистенттікке дәрігер-рентгенолог Аристенко В.Г. алынды.
 image2556002
Доцент, м.ғ.к. Е.А. Брусиловский мен доцент В.Г. Аристенко
1971 жылы курс рентгенология және медициналық радиология кафедрасына айналып, кафедра меңгерушісі болып доцент Ә.С. Смағұлов тағайындалды, Әжмағи Смагұлұлы кафедраны 1995 жылға дейін басқарды.
 image7885003
Смагулов Ажмаги Смагулович – профессор, рентгенология және радиология кафедрасының меңгерушісі 1971-1995
Кафедра білікті мамандармен толыға бастады, олар: м.ғ.к. Т.А. Сұлтанов, (1971), м.ғ.к. В.Г. Аристенко (1973), м.ғ.к. Е.Ш. Шайқымов (1975). Осы жылдары кафедра оқытушылары практикаға рентгенокардиометрия және зонография әдістерін енгізді. 1975 жылы кафедра меңгерушісі доц.Ә.С.Смагұловтың инициативасы бойынша Батыс Қазақстан өңірінде бірінші рет радиоизотоптық лабораториясы ашылды. Бұл әдіс кейбір ауруларды клиникаға дейінгі сатыда анықтап дер кезінде ем шараларын қолдануға және ғылыми жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік берді. Соның нәтижесінде институтымызда 3 докторлық және 3 кандидаттық диссертация қорғалды.
1981 жылы клиникалық практикаға «Способ диагностики хромовой интоксикации» әдісі енгізілді. Бұл әдіс ССРО шаруашылық көрмесінде қола медальмен марапатталды, ал стенд-дисплей Берлин қаласында жоғарғы бағаға ие болды. Осы жылы Ә.Смағүлұлының «Способ диагностики хромовой интоксикации», ал 1985 жылы «Атом және Медицина» монографиялары жарық көрді. 1990 жылы Ә.Смағұловқа профессор ғылыми атағы берілді.
Кафедра базасында өздерінің кәсіби мамандықтарын Ж.Мустафин, А.Қ. Амреев, Е.Н. Локтев, А.Е. Есмамбетов жетілдірді. Кафедра түлегі Ж.Мұстафин докторлық диссертация қорғап шықты, кәзірде ол Қаз ОРҒЗИ жұмыс жасайды.
1995 жылдан бастап, кафедраны, кейіннен сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсын медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Сұлтанов Темирхан Ахметкереевич басқарды.
 image4782004
Султанов Темирхан Ахметкереевич - к.м.н., профессор
1993 жылы Т.А. Сұлтановтың инициативасы бойынша Облыстық онкология диспансерінде радиоизотоптық лаборатория, ал 1998 ж ОҒЗЛ-да флюорография кабинеті ашылды. 1995 жылы доц. Т.А. Сұлтанов кафедра меңгерушісі болып сайланды және ол кафедраны 2009 жылға дейін басқарды. 1999 жылы оған профессор ғылыми атағы берілді. Сәулелік терапия нәтижелерін жақсарту мақсатында Т.А. Сұлтанов Батыс Қазақстан аймағында бірінші болып клиникалық практикаға ісікемес аурулардың сәулелік терапиясын, дозаны мультифракциялау, қатерлі ісіктердің кейбір түрлерінде операция алдында ірілендіріп фракциялау әдісін, жатыр мойынының қатерлі ісігінде модификаторларды (мтеронидазол, 5-фторурацил) т.б. қолдану әдістемелерін енгізді.
Кафедра жас мамандармен толықтырылып отырды, әртүрлі жылдары ассистент болып Шарипов Р.А., Қибатаев Қ.М., Көшкімбаев А.Т, Нуртаева С.М жұмыс жасады. 1996 жылдан осы уақытқа дейін ассистент болып институт түлегі, жоғарғы санатты дәрігер-рентгенолог А.Б. Хабиева, ал 2014ж магистратураны бітіріп, ассистенттікке Г.А. Мутигулина және БҚММУ МО сәулелік диагностика бөлімінің жетекшісі Алдияров С.А. кафедраға жұмысқа келеді.
2009 ж бастап курс жауапкершілігіне практикалық және педагогикалық салаларда көп жылдар қызмет жасаған м.ғ.к,, доц. Қ.М. Қибатаев тағайындалды.
 image0456605
Кибатаев Козы Мурзаханович – к.м.н., доцент, рук. курса лучевой диагностики и лучевой терапии 2009 – 2017гг
Кафедра және курс қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбектері жоғары бағаланып «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен проф. Т.А. Сұлтанов (1998), проф. Е.Ш. Шайқымов (1999ж), доц. Қ.М. Қибатаев (2015), ал 2010 жылы проф. Т.А. Сұлтанов «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.
Курс қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау қызметкерлеріне кеңес-диагностикалық көмек жүргізеді. Ассистент Мутигулина Г.А. маммографияның бақылауымен сүт бездерінің трепан-биопсиясын жүргізеді, ассистент Алдияров С.А. Ақтөбе және облысы бойынша сүт бездері скринингінің 2-ші қаралуына жауапты дәрігер болып келеді.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов