Гистология кафедрасы

 Гистология кафедрасы 1958 жылы ашылды.
Видик Т
Видик Таисия Владимировна - кафедраның алғашқы жетекшісі 1953 жылы Таисия Владимировна Ленинград қаласының санитарлық-гигиеналық медициналық институтын үздік дипломмен аяқтаған. 1958 жылы «Тәжірибедегі жолақты бұлшық ет талшықтарының реактивтілігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Сергеев К
Сергеев Константин Константинович – 1959-1963 жылдар аралығында кафедраны басқарды. Бұл уақыт кафедраның жаңадан қалыптасып келе жатқан уақыты болды. Осы кезеңде кафедрада 3 ассистент және 2 лаборант жұмыс жасады. Константин Константинович жан–жақты дамыған тұлға болды. Өз бетінше шет тілдерін оқып үйреніп, ағылшын неміс француз тілдерін білетін. Сонымен қатар философия пәніне қызығушылық танытты. Нейрогистологиямен айналысқан. 1960 жылы доцент академиялық атағын алды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.
Овсянников Г
Овсянников Геннадий Васильевич - 1963 және 1979 жылдар аралығында гистология кафедрасына жетекшілік етті. Осы уақыт аралығында кафедраның оқу базасы өсті, кафедраның штаты 12 қызметкерге кеңейді. Осы уақыт аралығында кафедра қызметкерлері қорытынды бақылауға арналған тесттік тапсырмалар дайындады, оқытушылар өз күштерімен практикалық сабаққа қажетті гистологиялық препараттар және таблицалар дайындады, сонымен қатар кафедраға диапроектор, эпидиаскоп, микропроекторлар алынды. Кафедраның ПОҚ «Әр түрлі жағдайдағы дәнекер тіннің реактивті қасиеттері» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. 40 ғылыми жұмыстың нәтижесі көрсетілді. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі белсенді жұмыс жасады. Көптеген үйірме қатысушылары одан әрі ғылыми зерттеу жүмыстарымен айналысып, кандидаттық және докторлық диссертацияны қорғады. Жұмыс барысында Геннадий Васильевич бірнеше рет институт пен облыстық ұйымдардың грамоталарымен, сондай-ақ Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және "Денсаулық сақтау үздігі" төс белгісімен марапатталған.
Корват А
Корват Александр Иванович –1979 - 1989 жылдар аралығында кафедра жетекшісі болды. 1958 жылы 4-ші курс студенті бола отырып, "Фуксинка" сортты күнбағыс тұқымының бояғыш затын ашты, бұны жасуша ядросын бояу үшін шетелдік Гейдейгайна гематоксилині аналогын қолданды. Осы кезеңде ғылыми тұрғыда кафедраның оқытушылары "Тәжірибе жүзінде хром қосылыстарының әсеріне ауа жолдарының реакциясы" тақырыбында жұмыс жасады. А.И.Корват 43 ғылыми жұмыстардың авторы. Рационализаторлық ұсыныстары бар "Гистологиялық кесінділерді бояу тәсілі"атты жұмысқа патенті бар. Александр Иванович көркем кескіндемен айналысады. 1978 жылдан бастап 40 сурет көрмелеріне қатысты – қалалық, республикалық және бүкілодақтық, оның ішінде алты жеке көрмелері бар. 250-ден астам пейзаждың, натюрморттардың авторы, грамоталармен, дипломдармен, медальдармен марапатталған. Бүкілодақтық көркем шығармашылық байқау-конкурсының екі мәрте лауреаты.
Умбетов Т
Умбетов Туракбай Жетенович -м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА академигі 1990 - 2010 жыл аралықта кафедраны басқарды. Емдеу ісі факультетін бітіргеннен кейін 1966 жылы Тұрақбай Жетенұлы АқММИ қалыпты анатомия кафедрасының ассистенті болып қалдырылды. Тұрақбай Жетенұлының ғылыми және педагогикалық қызметі Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында, содан кейін Новосібір Еңбек Қызыл Ту ордені медициналық институтының қабырғасында және КСРО МҒА Сібір бөлімінде басталды. 1972 жылы «Қалыпты жағдайда және денервация жағдайында иттің жамбас мүшесіндегі қан мен лимфа тамырларын морфофункционалды зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1989 жылы «Гемолимфоидты қан айналымы қалыпты және бұзылған жағдайда алкоголь әсерінен бүйректің аймақтық лимфа түйіндерін морфофункционалды зерттеу» атты докторлық диссертациясын қорғады. Үмбетов 11 рационализаторлық ұсыныстың, бес өнертабыстың, 400-ден астам ғылыми жұмыстың, 11 оқу құралының, үш әдістемелік ұсыныстың, 10 монография мен терминологиялық сөздіктің, сондай-ақ "Гистология" пәні бойынша 4 басылымның типтік бағдарламаларының авторы.
 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, ҚР Денсаулық Сақтау Ісінің үздігі. 2006 жылы оған "Жылдың үздік оқытушысы" мемлекеттік гранты берілді. "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (2007 ж.), "ҚР Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін" (2009 ж.) медальдарымен марапатталған.
kdo55
Егембердиева Роза Есенбаевна - м.ғ.к., доцент 2011-2018 жылдар аралығында кафедра жетекшісі болды. 1988 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік бітірді. Бітіргеннен кейін қалыпты анатомия кафедрасында ассистент болып жұмыс жасады. 1994 жылы "Вариабельность макро- и микроструктур коры пред- и постцентральной извилин полушарий большого мозга человека" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2010жылы «Варианты строения борозд и извилин полушарий большого мозга человека», 2011 жылы - «Адам миы жартышарларының жұлгелері мен қатпарларының құрылыс түрлері» атты оқу құралдары шықты Казіргі таңда «Морфофункциональное состояние и содержание микроэлементов головного мозга человека и животных в норме, при воздействии химическими соединениями и коррекции рибофлавином» атты тақырыбы бойынша жұмыс жасайды. Р.Е. Егембердиева отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған 72 - тан астам ғылыми жұмыстардың, 3 оқу құралының авторы. Р. Е. Егембердиева студенттермен ғылыми - зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Олар жыл сайын университеттің ғылыми - студенттік конференциясында баяндама жасап, жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан Республикасы, Ресей және Украина елдерінің студенттік конференцияларға қатысты, баяндамалары дипломдармен марапатталды. Р.Е. Егембердиеваның басшылығымен 2 магистерлік жұмыс қорғалды.
keqs6522
Көмекбай Жанат Ескарақызы- м.ғ.к., 2018ж бастап гистология кафедрасының жетекшісі қызметін атқарып келеді. 2002ж Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының «емдеу ісі» факультетін аяқтаған. 2007 ж бастап осы уақытқа дейін «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жұмыс жасап келеді. 2011ж медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды. 60 тан аса ғылыми туындылардың, 1 монография, 5 оқу процесіне ендіру актісі, 6 оқу құралының авторы, қазіргі уақытта 1 магистрлік ғылыми жұмысқа жетекшілік етеді. 2011 – 2017жж гистология кафедрасының аға оқытушысы, 2013 ж №2 жалпы медицина факультетінің декан орынбасары, 2017-2018жж доцент міндетін атқарды.. Кафедра жетекшісі қызметін атқару барысында кафедрада компьютерлі микроскопиялық аудитория, морфологиялық лаборатория ашылып, кафедраның материалдық – техникалық жағдайы жақсарды. 2017ж бастап университетте сапа менеджменті саласында ішкі аудитор қызметін атқарады, университеттің мәселелік комиссиясының мүшесі, «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАқ, академиялық жұмыстар жөніндегі департаментіндегі тест тапсырмаларының сәйкестігін бақылау комиссиясының мүшесі. Ғылыми бағыты: морфология, онкология.
kd5535a
Темирова Гульнара Аягановна- гистология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты 2015 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгісімен және куәлігімен марапатталды. Қызметінің әртүрлі кезеңдерінде фармация факультетінің деканы, медициналық-профилактикалық медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және фармация факультеттері деканының орынбасары қызметтерін атқарды. Кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Профессор-оқытушылар құрамы арасындағы университетішілік сайыста ол «2009 жылдың үздік доценті» атағына ие болды. Үнемі түрде ол құзіретті тәсілге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі құзіреттіліктері мен әдіснамаларын және құзыретті көзқарас негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеудің әдіснамаларын (2014 ж.)/ ducation core competencies and methodologies for the development of educational programs based on competent approach (2014), «Технологияларды трансферттеу және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы институционалдық реформалар» жобасымен. «Денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа» жобаларын игерді (2014 ж.). Университеттік пәндердің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырды, аға әдіскер және ОӘО әдістемелік бөлімінің менгерушісі (2014-2017 жж.) болып жасады. Университет мамандықтарының пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету үшін 47 ішкі нормативтік құжаттың авторы. Темірова Г.А. оның 170 жұмысы, 7 авторлық куәлігі, 2 монографиясы бар, «Эпиграф» ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кураторы және апробациясы, бірқатар гистологиялық және иммунологиялық зерттеу әдістерін меңгерген. Ғылыми бағыты: морфология, медицинадағы білім беру саласындағы зерттеулер, онкология.
kwf6656
Бердалинова Акженис Крымгереевна – м.ғ.м., аға оқытушы.
2001ж Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының «Педиатрия» факультетін аяқтаған. 2003 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жұмыс жасауда. 2012 жылы «Медицина» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдап, медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. Осы уақыт арасында 60-тан аса ғылыми туындылары, 4 оқу процесіне ендіру актісі, 6 авторлық куәлігі жарық көрді. Ғылыми бағыты: морфология, лимфология, тәжірибелік жануарлардың асқорыту, эндокринді және иммунды қорғаныс мүшелерін зерттеп, тәжірибелік дағдыларды игерді.
rt36666
Жунусова Ляззат Сейткасымовна – гистология кафедрасының оқытушысы.
1987 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. Оқу-тәрбие жұмысында мол тәжірибесі бар. Жүнісова Л.С. 1987-2000 жылдар аралығында әр түрлі еңбек қызметінде Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, облыс әкімінің және білім және денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған. 2020 жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Студенттер-үйірме мүшелерімен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, кафедраның тәрбие жұмыстарына жетекшілік етеді, кафедра отырысының хатшысы
 
Гистология кафедрасының қосалқы құрамы
Гистология кафедрасының жұмысында және дамуында лаборанттар үлкен рөл атқарады: құжаттарды құрастыру және басып шығару, хабарландыру, кафедраның барлық қызметкерлерінен маңызды ақпараттар жинау, іс-шаралар ұйымдастыру, студенттермен байланыс және көмек ету.
dfg522
Ержанова Нурслу Ділманова-2017 жылдан бері кафедра лаборанты
erf3226
Ділманова Ғарышгүл-2013 жылдан бері кафедра лаборанты
 265dnmmks
Есқара Фариза-2019 жылдан бері кафедра лаборанты
 
lkjf2225 sdflf32522
dcfkkg252
@zkmu.gistologiya
@gistolod.zkgmu

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов