Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

  Кафедраның негізгі міндеті-балалар хирургиясын, травматологияны, ортопедияны, анестезиология және реанимацияны педиатрия , емдік факультет және Жалпы медицина факультетінің студеттеріне жоғары сапалы оқытуды қамтамасыз ету.Оқыту процессінде балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, аурулардың этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, ажырату диагностикасын, емдеу әдістерін толықтай қарастырады. Жалпы білім үрдісін ұйымдастырушылары кафедраның меңгерушісі проф Дженалаев Б.К, проф Байменова А.М , доцент Досмагамбетова С.П және Тусупкали А.Б.
    Монография және оқу әдістемелері “Жедел гематогенді остеомиелит кезінде сүйек ішілік жуу” (К.С.Ормантаев , Т.Ж.Султанбаев) , “Балалардағы іріңді хирургиялық инфекция” (Т.Ж.Султанбаев , А.И. Ленюшкин) және “Балалардағы маймақтық” (С.С.Беренштейн ), “Балалардағы гидатидозды эхинококкоз диагностикасы және емі” (Б.К.Дженалаев , Б.Д.Дженалаев) , “Балалардағы Эндоскопиялық хирургия” (А.Ф.Дронов,В.И.Котлобовский) , “Балалар перитониті” (А.Б.Тусупкалиев )және “Балалардағы перитониттер” (Б.К.Дженалаев ,А.Б.Тусупкалиев).
 
Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу қызметі
hirurgia
   М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің балалар хирургиясы клиникасы, балалар жасындағы торакальды, абдоминалды хирургия, урология, даму ақаулықтары және тірек-қимыл аппаратының аурулары, анестезиология және реаниматология саласындағы маңызды ғылыми проблемаларды талқылайтын, ТМД және Республикамыздың жетекші мекемелірінің бірі болып табылады.      Клиникалық тәжірибеде іш және кеуде қуысы, ішперде арты кеңістігі мүшелерінің әртүрлі ауруларын емдеуде ультрадыбыстық техника, компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ангиография, гипербарилік оксигенация, эндохирургия әдістері қолданылады. Емдеу және ғылыми-зерттеу қызметінің құрылымы ауру балалар контингентімен анықталады. Емдеу жұмысы жалпы қоры 120 төсектен астам 4 бөлімшеде жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері барлық Батыс аймағының балаларына кеңестік және емдік көмек көрсетеді. Балалар хирургиясы және анестезтология және реаниматология саласындағы актуалды сұрақтар бойынша семинарлар мен конференциялар ұйымдастырып, балалар хирургтары мен педиатрлар үшін дәрістер оқылады.
   Кафедра жұмыс жасаған жылдары клиникалық ординатура бойынша дайындықтан өткен: О.С. Каспирова, Р.А. Кенжалина, Г.М. Куттымуратова, Ж.Б. Кистауова, А. Гербер, Ш. Кожакова, А. Кантуринова, Ж.Т. Баубеков, Н.С. Жакиев, К.Ж. Сатыбалдиев, С.Ж. Нурымов, А.Соколов. Кафедрада жұмыс жасап және денсаулық сақтау тәжірибесінде жоғары санатты мамандар болып табылады.
  Ғылыми-студенттік үйірме (Жетекшілері - проф Дженалаев Б.К., м.ғ.к. Альтаев К.Ж.) Кафедра негізделген кезден бастап ұйымдастырылды. Біздің ғылыми үйірменің студенттері – барлық Ресейлік және бүкілодақтық конференциялардың тұрақты қатысушылары: Мәскеу және Ленинград, Киев және Тбилиси, Рига және Саратов , Одесса және Баку, Ереван және Кишинев, Ростов на Дону және Махачкала, Казань және Уфа, Винница және    Ташкент, Барнаул және Иваново, Ижевск біздің және басқа да ЖОО студенттік жастарын өздерінде қабылдады. Біздің студенттеріміздің студенттік конференцияларда алған көптеген медальдар, грамота және дипломдар ғылыми жұмыстардың жоғары сапалылығын куаландырады. Кафедра және балалар хирургиясы клиникасы қызметкерлері балалар денсаулығын қорғау ісіне бағаланбас үлестерін қосқан және қосып келе жатқан үйірме тәрбиеленушілерімен мақтан етеді.

Тулеубаев К. – м.ғ.д. проф. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің проректоры.
Нармухамедов Ж. – Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, жоғарғы білікті категориялы балалар хирургы.
Котлобовский В.И. – м.ғ.д. проф. ҚР эндоскопиялық хирургияның негізін салушы, лапароскопиялыө хирургия бөлімінің меңгерушісі, М. Оспанов атындағы БҚММА ДЖФ эндоскопиялық хирургия кафедрасының меңгерушісі, «Эндоскопическая хирургия у детей» (Ақтөбе қаласы) атты ТМД –ның бірінші монографиясының соавторы.
Даутов Т. – проф. м.ғ.д. сәулелі диагностика бөлімі және ҚР президенті жанындағы эндоваскулярлы хирургия ісінің басқармасы медициналық орталығының меңгерушісі.
Сейдахметов М.А. – м.ғ.к. Астана қалалық АО «Медицина университетінің» балалар хирургиясы кафедрасының доценті.
Аженов Т. – м.ғ.д. Астана қалалық АО «Медицина университетінің» ЛОР аурулары кафедрасының доценті.
Дженалаев Д.Б. м.ғ.д. – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталықтың балалар хирургиясы бөлімінің басшысы. (Астана қаласы)
Медетбаев Б.Б. – жоғары білікті санатты дәрігер, Ақтөбе облыстық көппрофильді клиникалық ауруханасының, балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі.
Харькин В.П. –жоғары білікті санатты дәрігер, Батыс Қазақстан облыстық көппрофильді балалар ауруханасының , балалар хирургиясы бөлімнің меңгерушісі.
Мергазиев Г.Т. - жоғары білікті санатты дәрігер, Атырау облыстық балалар ауруханасының, балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов