Балалар хирургиясы кафедрасының тарихы

  1970 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультеті ашылуына орай балалар хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылды. 1970-1974 жылдары факультет деканы доцент Э.П.Рудин жетекшілік етіп, кейін Мәскеу қаласы ЦОЛИУ-да проктология кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады. Емдеу факультетінде алғашқылардың бірі болып Дженалиев Б.К., Иванов В.Н., практикалық сабақтар жүргізді. 1974 жылы балалар хирургиясы кафедрасы болып өзгертіліп, 1974-1986 жылдары доцент Сұлтанбаев Темирболат Жұмасилұлының басқарды. «Балалардағы жедел гематогенді остеомиелиттің патогенетикалық негізгі емі» тақырыбында докторлық диссертацияны сәтті қорғады. Осы жылдары кафедра асситенттері болып Дженалиев Б.К., Насрединов Х.Н., Россов В.П., Орманов Б.С., Курков Л.К. жұмыс жасады. Насрединов Х.Н. Ақтөбе Мемлекеттік меицина институтын 1965 жылы жақсы тәмәмдап, Гурьев облысы орталық аудандық ауруханада хирург, кейін уролог, Ақтөбе қаласында мед-санитарлық бөлімінде анестезиолог болып жұмыс жасады. 1975 жылы балалар кафедрасы хирургиясына анестезиологиядағы жірдемақыны жетілдіру сұрағымен айналысып, практикаға кетаминді наркозды енгізді. Россов В.П., Алматы Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Қостанай қаласында педиатр, кейін Алматы қаласында травматолог-ортопед болып жасады. Ортопедия және травматология саласында сүйекішілік және сүйекке металоостеосинтез қолдану және өзгеде балалар хирургиясында жетістіктер Всеволода Павлович есімімен байланысты. Келесі жылы Ақтөбе облыстық балалар клиникасында бас дәрігері болып тағайындалды.
  Орманов Б.С. Алматы Мемлекеттік медицина университетін біріген соң, 1975 жылы Арыс Шымкент облысында жұмыс жасады. Алматы және Мәскеу қаласында сәтті кандитаторлық және докторлық диссертациясын қорғады. Келесі жылы Астана қаласы медицина академиясында кафедра жетекшісі болып, педиатрия факультеті деканы болып жұмыс жасады.
  Курков Л.П. Казан Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Ақтөбе облыстық Қобда ауданыныда бас педиатр болып жұмыс жасады. Кейін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасында жетекші орынбасары болып жұмыс жасады. Жұмыс жасап жүріп өзін сауатты методист, клиницист, жақсы дәрігер ретінде көрсете білді. Соңғы жылдары Санкт-Петербург қаласында Октябрь Темір Жол ауруханасында бас хирург болып жұмыс жасады.
  Беренштейн С.С. Харьков Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, 1987 жылы травматология және ортопедия саласында соның ішінде алғаш рет клиникада ошақтан тыс металлоостеосинтез енгізіп, 1995 жылы «Балалардағы Кальве-Пертес ауруын консервативті емдеуде патогенетикалық негіздеу» тағырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
  1986-1989 жылдары аспирантура кафедрасында Семей Мемлекеттік медицина институтының түлегі Рахметов Н.Р. білім алды. «Балалардағы аппендикулярлы перитонит лимфотропты терапиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, Мәскеу қаласына қайта оралып, әлі күнге дейін Госпитальды хирургия кафедрасының жетекшісі қызметін атқаруда.
 Дженалиев Б.К. 1996-2006 жылдары кафедра ассистенті болып жұмыс жасады. Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының түлегі. «Балалардағы лапароскопиялық бауыр эхинококкэктомиясы» (2001 ж.) тақырыбында кандидаттық диссертациясын және «Балалардағы эндовидеохирургиялық операцияларды патогенетикалық негіздеу» (2007 ж.) тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазіргі таңда ҚР ана мен бала Ұлттық Ғылыми орталығының балалар хирургия бөлімінің жетекшісі.
  1986 жылдан кафедра жетекшісі профессор, медицина ғылымының дәрігері Дженалиев Болат Канапьянұлы. 1971 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының түлегі. Балалар хирургы, ССР еңбек сіңірген профессоры, медицина ғылымдарынығ дәрігер А.И.Ленюшкин қолдауымен «Балалардағы Гиршпрунг ауруының хирургиялық емі нәтижелері» және «Үш жасқа дейінгі балалардағы іріңді хирургиялық инфекцияның патогенетикалық негізгі емі» тақырыбынды дәрігергік диссертациясын қорғады. Болат Қанапьянұлы 200 астам ғылыми жұмыстардың, 3 ғылыми оқу құралы, 20 авторлық куәландырудың авторы болып табылады.
  Жоғары квалификационды категориялы дәрігер, ҚР денсаулық сақтау басқармасының үздігі, Әкім премиясының және Облыс мәслихатының лауреаты. 2015 жылы ҚР «Алтын Адам» премиясының лауреаты және «Дәрігер» номинациясына Ақтөбе облысының жыл адамы.
Әртүрлі жылдары кафедрада ассистенттер болып И.Г.Волошко, Абдуллаев К.П, Музафаров С.Н, Егеров С.Г, Ильясов М.Т, Аяганов А.Н жұмыс жасады. Дәрігер-лаборант болып Красношлыков Б.Г , Кулжабаев Т.К , Шаймерденов М. қызмет етті.
  2017 жылдың қыркүйек айынан бастап балалар хирургия кафедрасының жетекшісі Тусупкалиев А.Б. тағайындалды. Балалар травматологиясы мен ортопедия, іріңді, торакальді, абдоминальді және нейрохирургия, анестезиология және реаниматология белсенді түрде және жаңа бағыттарда дамуда. Қазақстанда және областа алғаш рет лапароскопиялық операция ұйымдастырылған, іріңді хирургия бөлімшесі ашылған, эндохиругиялық ем әдістері клиникаға енгізілді, қарқынды терапия реанимациясы кеңейтілді, жаңа туылған нәрестелердің Обласаралық хирургиялық орталығы ашылды, ургентті қызмет кеңейіп жақсарды.
  Кафедра және клиника қызметкерлері 6 дәрігерлік және 12 кандидаттық диссертация қорғады , 20 авторлық куәлік алынды, 6 монография және оқу құралдарын шығарды, 350 астан ғылыми мақалалар және тезистер , соның ішінде 10 әдістемелік нұсқалар жарияланды.
 
Дәрігерлік диссертациялар:

1. Султанбаев Т.Ж “Балаларда жедел гематогенді остеомиелит емінің патогенетикалық негіздері” (Мәскеу , 1978)
2. Дженалаев Б.К “Алғашқы үш жыл өміріндегі балаларда іріңді хирургиялық инфекцияны емдеудің патогенетикалық негіздері” (Мәскеу , 1996)
3. Беренштейн С.С “Балаларда Легта-Кальве-Пертес ауруын кейбір консервативті ем әдістерінің патогенетикалық негізі” ( Алматы, 1995)
4. Орманов Б.С “Жабысқақ ауруы диагностикасы, емі , профилактикасы” Алматы, 1997
5. Котлобовский В.И “Балалардағы жайылмалы аппендикулярлы перитонитте лапароскопиялық хирургия” (Мәскеу , 2004)
6. Дженалаев Д.Б “Балалардағы эндовидеохирургиялық операциялардың патогенетикалық негіздемесі” (Алматы , 2007)

Кандидаттық диссертациялар:

1.Дженалаев Б.К “Балалардағы Гиршпрунг ауруын хирургиялық емдеу нәтижелері” (Мәскеу , 1981)
2.Орманов Б.С “Балалардағы аппендикулярлы перитонит кезінде клостридиальды емес анаэробты инфекция рөлі және клиникалық ағымы” (Мәскеу , 1986)
3.Рахметов Н.Р “Балалардағы аппендикулярлы перитонит кезінде лимфотропты терапия” (Мәскеу , 1989)
4.Байменов А.М “Балалардағы іріңді-септикалық ауруларды күрделі емінде ультрафиолетпен сәулелендірілген қандарды қолдану” (Мәскеу , 1990)
5.Досмагамбетов С.П “Балалардағы жедел іріңді диструктивті пневмонияда аймақтық лимфотропты терапия” (Мәскеу , 1990)
6.Котлобовский В.И “Жедел аппендицит диагностикасында лапароскопия және балаларда асқынбаған формасын емдеу” (Алматы ,2000)
7.Альтаев К.Ж “Балалардағы Жедел лапароскопиялық операцияларды жүргізу үшін анестезияны таңдау” (Алматы , 2000)
8.Дженалаев Д.Б “Балалардағы лапароскопиялық бауыр эхинококкэктомиясы” (Алматы ,2000)
9.Тусупкалиев А.Б “Балалардағы шап жарығын лапароскопиялық емдеу” (Алматы ,2001)
10.Свиридова М.А “Балалардағы лапароскопиялық және тракциялық араласуда вегетативті жүйке жүйесінің жағдайы” (Мәскеу,2004)
11. Баубеков Ж.Т “Балалардағы жедел аппендициттін асқынбаған және асқынған түрлерінде лапароскопиялық аппендэктомиядан кейінгі асқынуларды анықтау және емдеу нәтижесін жақсарту” (Алматы ,2006)
12.Сатыбалдиев К.Ж “Балалардағы қосарланған лапароскопиялық операциялар” (Астана,2006)
13.Ергалиев А.Е “Балалардағы аппендикулярлы инфильтраттың оптималды емі” (Астана,2009)
14.Бисалиев Б.Н “Гастрошизистің оптималды емі” (Мәскеу ,2011 )
  
  Қазіргі уақытта кафедрада 9 қызметкер жұмыс істейді.Бұл үлкен және досшыл команда, балаларды жақсы көретін және өз ісінің мамандыры,сондықтан болашақта үлкен жоспарлар бар.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов