Қалыпты физиология кафедрасы

1958 жылы тамыз айында Ақтөбе Мемлекеттік медицина институты тұсында «Қалыпты физиология» кафедрасы құрылды. Қалыпты физиология мамандығы бойынша аспирантураның түлегі және Алматы қаласындағы Мемлекеттік Медицина Институтында кафедра ассистенті болып жұмыс жасаған Е.Г.Скипина кафедраның жетекшісі болды.
Скипина Екатерина Григорьевна (1925 ж.т.) физиолог, биофизик, медицина ғылымының докторы (1965 ж.), профессор (1968 ж.), Алматы медициналық институтының түлегі (1948 ж.). 1948-1951 жылдары қалыпты физиология бойынша аспирантураны бітіріп, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарды. Докторлық диссертациясын қорғап, 1969 жылы кафедра профессоры болды. Е.Г.Скипина физиология және биофизика сұрақтарына негізделген 50-ден астам ғылыми жұмысқа ие. 1958-1959 оқу жылдары кафедра штатында: Боброва Мария Васильевна (1992 жылға дейін – кафедра доценті), м.ғ.к. Пенькина Зинаида Ивановна, ветеринарлық ғылым кандидаты Щеняцкий Владимир Иванович, лаборанттар Гаршина Людмила (соңынан медицина институтын бітірген), Кударова Курмаш Шигитбаевна және Ильясова Каншайым жұмыс істеді. 1959 жылы кафедра кызметкерлері 1-ші ғылыми конференцияда өздерінің ғылыми докладтарымен қатысты. 1960 жылы М.В.Боброва «Жұлынның рефлекторлық қызметіне интерорецептивтік және экстерорецептивтік ауырсыну тітіркендіргішіне әсері» атты тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

norm1профессор Е.Г. Скипина
Боброва Мария Васильевна Ижевск медицина институтын бітіріп, 1950-1958 жж. – қалыпты физиология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасады. 1960 жылы м.ғ.к. дәрежесін қорғады. 1964 жылдан бастап Ақтөбе медицина институтының қалыпты физиология кафедрасының доценті болды. 55-тен астам ғылыми жұмысы бар. 1990 жылдан бастап зейнеткер.1960 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне доцент А.Г.Мерщиков (1960-1969 жж.) конкурс бойынша тағайындалды.
norm2
Доцент Боброва М.В
Мерщиков Александр Георгиевич – физиолог, биология ғылымының кандидаты (1943 ж.). М.В. Ломоносов атындағы ММУ биология факультетін физиология мамандығы бойынша 1931 жылы, аспирантураны академик Л.С.Штернде бітірді. 1944 жылы – В.И.Ленин атындағы Москва педагогикалық институтының доценті. 1950-1960 жылдары Ужгород университетінің физиология кафедрасының меңгерушісі болды. 1960-1969 жылдары Ақтөбе медицина институтының қалыпты физиология кафедрасын басқарды. Студенттер санының көбеюіне байланысты кафедраға қабылданғандар: И.А.Алешин (1961-1979 жж.), Э.Г.Уразаев (1962-1975 жж.), Р.Б.Чанышева (1963-1996 жж.), Г.А.Арыстанова (1964-1972 жж.), Ю.П.Семеникин (1967-1974 жж.), В.К.Касымбеков (1974-1998 жж.).
norm3
Алешин Иван Алексеевич 1950 жылы Ашхабад медицина институтын бітірген. 1950-1953 жылдары қалыпты физиология кафедрасындағы аспирантурада оқыды. 1953 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. 1953-1960 жж. – Ашхабад медицина институтының қалыпты физиология кафедрасының ассистенті, ал 1961 жылдан Ақтөбе медицина институтының қалыпты физиология кафедрасының доценті. 1974 жылы докторлық диссертация қоғады, содан соң 1980-1988 жылдар аралығында ЕФК кафедрасының меңгерушісі болды. 130 астам ғылыми жұмыстардың авторы. Бірнеше рет халықаралық конгресстер мен конференциялардың делегаты болып сайланды.

norm4Алешин Иван Алексеевич
1969 жылдың қыркүйек айынан 1997 жылға дейін қалыпты физиология кафедрасын профессор А.А.Утепбергенов басқарды. 
Утепбергенов Алкен Ахметбекович – дәрігер, физиолог, биофизик, медицина ғылымының кандидаты (1967 ж.), профессор (1992 ж.).
Қарағанды медицина институтының 1959 жылы емдеу факультетін үздік бітірді. 1959-1969 жылдар аралығында сол институттың қалыпты физиология каефдрасының ассистенті. 1967 жылы «Бауырдың экспериментальды токсикодистрофия кезіндегі холинергиялық жүйенің өзгерісі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1969 жылдан бастап Ақтөбе медицина институтының қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі. 1971-1986 жылдары институттың оқу ісі жөніндегі проректоры. 1971 жылдан бастап проблемалық комиссияны басқарды және академик Т.Ш Шарманов негізін қалаған «Дені сау және ауру адамның тамақтануы» кафедра-аралық ғылыми-зерттеу лабораториясын басқарды. Лабораторияның базасында 15 кандидаттық және 4 докторлық диссертация дайындалып қорғалды. 120 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жарық көрді. «Медициналық биофизика» (Москва, 1980 ж. және София, болгар тілінде, 1980 ж.) оқулығы; «Адам физиологиясы» (Алматы 1995 ж.), «Дені сау адамның физиологиялық және лабораториялық көрсеткіштер анықтамасы» (Ақтөбе 1995 ж.), «Балалар физиологиясы» (қазақ тілінде 1997 ж.), 5 ғылыми-әдістемелік нұсқаулар, 3 ғылыми өнертанудың авторлық төлқұжаты. А.А.Утепбергенов «ССРО денсаулық сақтау үздігі», «ССРО жоғары білім беру саласындағы үздік көрсеткіштері үшін» медальдарымен марапатталған, физиологтар қоғамы Ақтөбе бөлімшесінің төрағасы қызметін атқарды. Бүкілодақтық физиологиялық қоғамның Х-ХІV съездер және халықаралық ғылыми конференциялар жұмысына қатысты. 1992 жылдан бастап Оңтүстік медицина академиясының қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі. 1970-1976 жылдар аралығында кафедра ассистенттері, институт түлектері М.К. Ізтлеуов және Н.У. Рсымбетов қызмет атқарды.
1970 жылдан бастап қалыпты физиология кафедрасындағы биофизика курсын аға оқытушы Н.И. Губанов басқарды.
norm5 
Утепбергенов Алкен Ахметбекович
Қасымбеков Владимир Қасымбекович м.ғ.к, доцент Қарағанды медицина институтын 1965 жылы бітірді. 1965-1970 жылдары КММИ- ң қалыпты физиология кафедрасының ассистенті. 1970-1973 жылдар аралығында Н.И.Пирогов атындағы екінші Москва медицина институтының қалыпты физиология кафедрасындағы аспирантурада оқыды. Академик Г.И.Косицкийдің басшылығымен «Регуляторные функции внутрисердечной нервной системы при искусственной стимуляции сердца» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1974ж). 75-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, екі рационалдық ұсыныс және бір өнер табыстың иегері. 1973-2000 жылдары университетіміздің қалыпты физиология кафедрасында ассистент, доцент, курс жетекшісі қызметтерін атқарды. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада доцент лауазымында.
norm6
Доцент В.К.Касымбеков пен М.К.Изтлеуов электрофизиологиялық кабиенетте
Изтлеуов Марат Капенович ассистент-стажер қызметінде істеген жылдары «Физиология және тамақ гигиенасы» бойынша кандидаттық диссертациясын КСРО Тамақтану институтының Қазақ филиалында сәтті қорғады. Марат Капенович аға оқытушы ретінде «Медициналық электроника және биологиялық кибернитика курсына жауапты болды. 1978-1981 жылдар аралығында Марат Капенович физика- математика бойынша сырттай екінші жоғары білім алды.Қалыпты физиология кафедрасында жұмыс істеген жылдары Марат Капенович 25- тен астам ғылыми мақалалары жарық көрді. КСРО денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 1982 жылы Марат Капенович институт басшылығының ұсынысымен жоғары математика, информатика, кибернетика бойынша оқыту медициналық және биологиялық физика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
norm7
Коллектив ұжымы, 1975-1983 жылдар аралығы
Алдыңғы қатарда: Доцент В.К.Касымбеков., аға лаборант Кударова К.Ш., лаборант Т.В.Горустович., профессор И.А.Алешин
Екінші қатарда: доцент М.К.Изтлеуов.,аға оқытушы Р.Б Чанышева., аға оқытушы Н.И.Губанов., доцент М.В.Боброва
Чанышева Роза Бектемировна кафедра құрылған кезден бастап 1996 жылға дейін жұмыс жасаған санаулы қызметкерлердің бірі. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін адам және жануарлар физиологиясы мамандығы бойынша үздік бітірді. 20 жылдан астам уақыт бойы аға оқытушы болды, сонымен қатар «Физиолог» студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастырушысы, 35-тен астам ғылыми басылымдардың авторы. Қазіргі кезде – зейнеткер.
Парзян Михаил Сергеевич – м.ғ.к., доцент (1990). 1979 жылы Ақтөбе медицина институтын бітірді. 1980-1987 жылдары ССРО МҒА тамақтану институтының қазақ филиалында жұмыс жасады. 1986 жылы «В1 афлотоксиннің биологиялық әсерінің таралуы және метаболизмге тамақтанудың әсерінің сипаты» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1993 жылдан бастап ҚР Ғылым академиясында Ғылым министрлігінің аймақтық мәселелері бойынша медициналық зерттеулер ғылыми орталығының ғылыми жұмысы бойынша директор орынбасары қызметін атқарды. 1995 жылы экология және тіршілік қызметі қауіпсіздігі халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 30-дан астам ғылыми басылымдары, сонымен бірге емдеу тәсілі бойынша 1 еңбек-өнертабысы бар.
norm8
М.ғ.к., аға оқытушы Т.А.Макарова
Макарова Татьяна Андреевна - м.ғ.к, аға оқытушы. 1969 жылы Қарағанды медицина институтының емдеу факультетін бітірді. Цех дәрігері қызметін атқарды. 1975 жылдан бастап патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, ал 1980 жылдан бастап Семей медицина институтының жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті болды. 1983 жылы «Вирустық гепатит В: клиникалық және иммунологиялық көрсетілімдері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. 1986 жылдан бері қалыпты физиология кафедрасында жұмыс жасады. «Физиолог» студенттік ғылыми үйірмесіне жетекшілік етті.
1997 - 1999 жылдар аралығында курс жетекшісі қызметін доцент Қасымбеков В.К атқарды. Одан әрі 2000-2005 жылдар аралығында Нургалиева Р. Е курска жетекшілік етті. Оқытушылар құрамының тұтас буыны толықтай ауысты. Бұл жаңа факультеттердің – стоматологиялық, фармацевтикалық, орта медициналық қызметкерлердің ашылуына байланысты, сонымен қатар аға оқытушылардың бір бөлігі құрметті демалысқа шықты, ал басқалары кәсіби қызметін өзгертті. Кафедра ұжымының құрамына ЖОО-ның ғылыми және қоғамдық өмірінде өзін көрсете білген, үздік дипломы бар оқытушылар, ассистент - стажерлар А.К. Кусаинова, Н. И. Каржаубаева, А. А. Абенова, практикалық денсаулық сақтау саласынан А.Т. Қалдыбаева, Т. Ж.Батырова, Ф. К. Балмағанбетова кафедраға ассистент болып қабылданды.
norm9
Кафедра ұжымы, 2000-2005 жылдар аралығы
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраның ғылыми жұмысы «Қоршаған орта физиологиясы» бөліміндегі бастамашыл ғылыми тақырыппен байланысты болды. Заманауи әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, Батыс Қазақстан өңірінің тұрғындарының морфологиялық және функционалды бейімделуіне арналған ғылыми материалдар жинақталып, жиналған материалдар бойынша республикалық және шетелдік басылымдарда 100-ден астам мақалалар мен тезистер жарияланды, жұмыстың үзінділері физиологтардың республикалық съезінде баяндалды, екі докторлық, бір кандидаттық және 4 магистерлік диссертация қорғалды.
norm13
Кафедра ұжымы, 2010 жыл
Алдыңғы қатарда: оқытушы А.Б.Омарова., м.ғ.к., доцент Касымбеков В.К., м.ғ.к., аға оқытушы
Т.А .Макарова., кафедра жетекшісі м.ғ.к., доцент Г.И.Исаев., м.ғ.к., доцент А.Т.Калдыбаева
Екінші қатарда: оқытушы А.Аманжолқызы., лаборант Абдирахман.,магистрант Т.Ж.Батырова., м.ғ.к.,доцент Р.Е.Нургалиева., магистранттар Балмаганбетова Ф.К., К.Н.Каниева
 
Қазіргі уақытта кафедрада таңдалған ғылыми проблема, бейімделу физиологиясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Медициналық білім беру реформасын жүзеге асыру мақсатында кафедра қызметкерлері жаңа оқу- әдістемелік құжаттарды (оқу бағдарламаларын, кредиттік технология бойынша пәнді игеруге арналған нұсқаулық, бақылау-өлшеу құралдары, ағымдағы және қорытынды бақылаулар және т.б) жүргізуде, сонымен қатар емтихан сессиясы кезінде қолданысқа ие қалыпты физиология бойынша тест сұрақтарының үлкен базалық деректерін жасады. Студенттердің білімін бақылау үшін электронды оқу журналы тәжірибеге енгізілді.
Бүгінгі таңда кафедрада ең жаңа құрал – жабдықтармен камтамасыз етілген (ЭКГ-мен жұмыс жасайтын велосипед эргометры, реограф, спирометр, ЭЭГ, электронейромиограф, активациометр, ацидогастрометр) заманауи физиологиялық зертхана мен оқу-электронды LAB TYTOR зертханасы бар. Ол оқу процесінде және студенттер мен қызметкерлердің ғылыми жұмыстарында кеңінен қолданылады. Барлық құрылғылар компьютерлік бағдарламаға қосылған. Кафедрадағы негізгі жұмыстардан басқа, қызметкерлер университеттегі салауатты өмір салтының аспектілеріне арналған мерекелік шараларға белсене ат салысады.Кафедрада «Физиолог» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасауда. Кафедра оқытушылары мен студенттері жыл сайынғы пәндік олимпиадаға белсенді қатысады.
IMG 4534
Кафедра ұжымы, 2017 жыл
Қазіргі таңда кафедрада 14 адам қызмет етеді: кафедра жетекшісі., м.ғ.к., доцент А.Т.Калдыбаева., м.ғ.д.,профессор Р.Е.Нургалиева., доценттер м.ғ.к.,Г.И.Исаев., РһD А. Аманжолқызы., м.ғ.к. Ж.А.Айбасова., докторант, м.ғ.м. Шайымбетов Ж.М., аға оқытушылар, м.ғ.м Т.Ж.Батырова., Ф.К.Балмаганбетова., Д.С.Кульжанова., б.ғ.м. А.Б.Омарова., оқытушылар М.Ж.Альмаханова.,А.М.Аккожина., лаборант Г.Б.Абдирахман және офис менеджер Ж.М.Ажгалиева.
 IMG 4566556696
Кафедра жетекшісі, м.ғ.к., доцент Калдыбаева А.Т
Калдыбаева Айман Турганбаевна 2010 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің қалыпты физиология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к., доцент.
1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін және педиатрия бойынша интернатураны бітірді (1986).
1986-1993 жж Айман Тұрғанбайқызы практикалық педиатрияда, 1993-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Батыс филиалының аймақтық проблемаларды медициналық зерттеу ғылыми орталығында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2003 жылы жүргізілген физиологиялық-гигиеналық зерттеулердің нәтижелері бойынша А.Т.Қалдыбаева. Ол «Экологиялық қолайсыз жағдайдағы Жоғары және орта оқу орындарында оқитын студенттердің денсаулық жағдайы (Ақтөбе облысы мысалында)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Кафедрада 2001 жылдан бастап жұмыс істейді, 2001-2004 ж.ж. ассистент, 2004-2010 жж. доцент қызметінде болды. 2008 жылы А.Т. Қалдыбаеваға Қазақстан Республикасының Жоғары Аттестаттау Комиссиясы (ВАК) доцент атағын берді. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра жетекшісі болып жұмыс істейді.
Оқу-әдістемелік жоспарда Қазақстандағы медициналық білім беру реформасын жүзеге асыру бойынша А.Т. Қалдыбаева көптеген жұмыстар жүргізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастырылуымен өткізілген барлық факультеттер бойынша ТОБ (ТУП) құрастыру семинарларына қатысып, оны жүзеге асыруда ерен еңбек етті («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медбике ісі», «Фармация», «Медико-профилактикалық іс», «Жалпы медицина», «Стоматология») (2006, 2009, 2012, 2017).
А.Т. Қалдыбаева ОӘЖД, АК, ЛЭК, ҒК, биомедициналық пәндер бойынша проблемалық комиссияның, тестология бойынша, инновациялық, интеграцияланған және ПОӘК тексеру жөніндегі комиссиялардың белсенді мүшесі болып. Ол өзінің бүкіл кәсіби мансабында технологиялық білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық тәжірибені зерттеу арқылы педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жұмыс істейді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысады. Тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру макстында ол алыс және жақын шетелдерде (Балтық елдері мен Башқұртстан) және Қазақстан Республикасының университеттеріне болып кайтты.
Оқытудың барлық инновациялық әдістерін (TBL, CBL, PBL, RBL және екеулік дәрістер, бинарлық дәрістер) оқу үдерісіне белсенді енгізеді. Оқыту технологиясы мен оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша оқу процесінде көптеген актілері бар. Т. Қалдыбаева алғаш рет кафедрада жыл сайынғы дәстүр ретінде іс-шаралардың негізін қалаған пәндік және интеграцияланған олимпиаданы ұйымдастырды.
2004-2010 жж. - Марат. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Қоршаған ортаның антропогендік ластануының және халықтың денсаулығының жай-күйінің гигиеналық және медициналық-экологиялық проблемалары» проблемалық комиссиясының хатшысы қызметің коса аткарды. Соңғы 10 жылда ол Кіші Ғылым Академиясы (МАН) «Медицина, валеология, жена психологиясы» секцияларына жетекшілік етті. Ол университет, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясында да бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған студенттердің ғылыми зерттеулеріне үнемі жетекшілік етеді. Негізгі ғылыми бағыты - физиология, валеология және гигиенаның өзекті мәселелері.
80-нен астам ғылыми, әдістемелік жұмыстардың, 2 монография мен 4 әдістемелік ұсыныстардың және 22 оқулықтың авторы және авторлар қауымдасында: «Бала организмдері дамуының физиологиялық ерекшеліктері», «Қалыпты физиология бойынша ситуациялық есептер» екі тілде, «Физиологияның өзекті сұрақтары », «Калыпты физиология (дәрістер жинағы)», «Физиология-2 » пәні бойынша 2 тілде біріктірілген 8 оқулық, үш тілді глоссарий «Глоссарии по физиологии. Физиология бойынша глоссарии. Glossary in physiology».
- «Медицина студенттерінің вегетативтік жүйке жүйесі және оның өмір сүру сапасымен байланысы» және «Марат Оспанов атындағы БҚММУ 1-2 курс студенттерінің когнитивті ерекшеліктерін зерттеу» студенттік ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі болды.
- «Балалардың денсаулығы мен репродуктивті денсаулығын қорғаудың жаңа технологияларын жасау» тақырыбындағы ҚР мақсатты ғылыми жобасында аға ғылыми маманы қызметін аткарды.
- «ВРCA1, BRCA2 гендік мутацияларымен байланысты сүт бездерінің неопластикалық процестерінің химиотерапиямен туындаған асқынуларын салыстырмалы эксперименттік клиникалық бағалау және түзету әдістері» (эксперименттік клиникалық зерттеу) тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық ғылыми жобасында жетекші ғылыми маман болды.
А.Т. Қалдыбаеваның басшылығымен 3 медицина ғылымдарының магистрі дайындалып шыкты (2014 (1), 2016 (2).
60-тан астам ғылыми жарияланымдар бар, олардың нөлден жоғары импакт-факторы макалалары: барлығы - 9: оның 9 (Scopus) және 1 (Web of Science), Хирш индексі - 3,
13 сілтеме жасалынған; РИҒС (РИНЦ) : 35, Хирш индексі -2, 30 сілтеме; ГУГЛ академиясы: сілтеме 11; авторлық куәлік - 12.
Ол әріптестер мен студенттер арасында лайықты бедел мен құрметке ие.
Айман Тұрғанбайқызы денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің (2012), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (2014) Құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2017 ж.) марапатталды.
norm10
Кафедра профессоры, м.ғ.д. Нургалиева Роза Ергалеевна
Нургалиева Роза Ергалеевна 1986 жылы институтты бітіргеннен кейін қазіргі уақытқа дейін қалыпты физиология кафедрасында жұмыс істейді. Роза Ергалеевна, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, қалыпты және патологиялық физиология пәндерінің бір кафедрасына біріктірілгеннен кейін қалыпты физиология курсының меңгерушісі болды (2000-2004 жж.).
1997 жылы Мәскеу қаласында «Распределение ваго — и симпатотонии в двух этнических группах и реактивность сердечно-сосудистой системы на нагрузки» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2001 жылы ҚР ЖАК доценті ғылыми атағы берілді. 150-ден астам ғылыми және әдістемелік жарияланымдардың, екі өнертабыстың, «Справочника физиологических и лабораторных показателей здорового человека», «Тестированный контроль по курсу нормальной физиологии» оқу құралының авторы.
2010 жылы Алматы қаласындағы Адам және жануарлар физиологиясы ҒЗИ базасында "Физиология" мамандығы бойынша «Эколого-физиологические особенности адаптации у детей младшего школьного возраста» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
Орындалған кандидаттық диссертацияның, қазіргі екі магистрлік диссертацияның, соның ішінде бір докторлық диссертацияның ғылыми кеңесшісі болып табылады. Р.Е. Нургалиева медициналық-биологиялық және гигиеналық пәндер бойынша университеттің екі ғылыми проблемалық комиссиясының құрамында жұмыс істеді.
Р.Е. Нургалиеваның Қазақстан физиологтарының съездері мен конгрестеріне белсенді қатысуы оның республиканың батыс өңірлік физиологиялық қоғамының басшысы және "бейімделу физиологиясы" ғылыми мектебінің ұйымдастырушысы болып тағайындалуына байланысты.
Доцент Р.Е. Нургалиева 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедрадағы жұмысын жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басшысы бола отырып, университеттің ғылыми секторындағы жұмыстармен ұштастырып келеді.
Адал еңбегі үшін доцент Р.Е. Нургалиева университет басшылығынан алғыс және денсаулық сақтау министрінің грамотасына ие. Қазіргі уақытта университеттің біріккен ғылыми проблемалық комиссиясының төрағасы болып табылады.
IMG 4661556
Кафедра доценті, м.ғ.к. Исаев Ғ.И.
Исаев Ғалымжан Исаұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, қалыпты физиология кафедрасының доценті. Өзінің кәсіби қызметін 1991 жылы Ақтөбе қаласындағы №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында мейіраға болып бастаған. 1993 жылдың қарашасынан бастап сол клиникада кезекші дәрігер болып жұмыс істеді. 1994 жылдың қаңтарынан бастап ол бір мезгілде АқММИ қалыпты физиология кафедрасында ассистент болып жұмыс істей бастады. 1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін және педиатрия бойынша интернатураны бітірді. Интернатураны бітірген соң Исаев Г.И. 1994 жылы ол толығымен кафедрада жұмыс істеуге көшті.
Ол республикада фетальды терапияның бастауында тұрған «Эмбриональды гепатоциттердің қысқа мерзімді консервациясы (эксперименттік зерттеулер)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын аяқтады, ол 2001 жылы сәтті қорғалды. Кандидаттың жұмысын қорғағаннан кейін аға оқытушы, кейінірек кафедраның доценті мәртебесін алды.
2003 жылдан 2010 жылға дейін қалыпты физиология кафедрасын басқарды. 2010 жылы Исаев Г.И. қызметтік қажеттіліктерге байланысты ол жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы бөлінгеннен кейін ол патологиялық физиология кафедрасын басқарды.
Кафедрада жұмыс жасаудан басқа, 1998-2000 жж. ректордың көмекшісі бола отырып, ол университеттің атауын өзгерту барысында Академия Жарғысын жасауға айтарлықтай үлес қосты.
2001 жылы университет тарихында бірінші болып интернатура бөлімін басқарды, ол бөлімді дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінен бөлу және қалыптастыру кезінде ойластырылған көзқарас, шығармашылық және жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
2002-2005 жж. тестілеу орталығын басқара отырып, ол компьютерлік тестілеу бөлімінің жұмысын жүйелендірді.
Университетте жұмысы бастауынан студенттер контингентін құруға жыл сайын қатыса отырып 2004-2005 жж., қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. 2004 жылы университеттің ұсынысы бойынша ол университеттегі Ұлттық тестілеу орталығы филиалының жетекшісі болды және Г.И.Исаевтың арқасында бұл филиал Ұлттық тестілеу орталығының Ақтөбе облысы бойынша базалық филиалы мәртебесін алды және ол оны 15 жылдай табысты басқарды. Оның жетістіктері Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаттарымен бірнеше рет атап өтілді.
2000 жылы «Медициналық Интернет» семинарына қатысып, яғни компьютерлік технологиялар туралы білімдерін жетілдіре отырып, сонымен бірге ол әріптестеріне көмектесті: бірқатар аға буын практикалық денсаулық сақтау ісі мамандарын компьютерлік сауаттылыққа оқытты. Медицина саласында университеттің интернет жұмысына үлкен көмек көрсетті.
Осы жылдар ішінде ол кафедрадан қол үзген жоқ. Кафедрада жұмыс істеу кезеңінде Исаев Г.И. ақпараттық фундамента, электромуляжды, пән бойынша оқу фильмдерін көруге арналған бейне демонстрациялары бар адам физиологиясының жүйелері бойынша оқу аудиториялары ұйымдастырылды; дәріс материалдары мультимедиялық қондырғыда пайдалануға нақышталды. Исаев Ғалымжан Исаұлы бірнеше рет оқу-әдістемелік және ғылыми конференцияларға баяндамалармен барды. Ол медициналық ғылымның бірнеше оқулығына шолу жасады.
50-ге жуық ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде 3 өнертабыстың авторы. Мемлекеттік тілдегі «Қалыпты физиология (сұрақтар мен жауаптар)» оқулығының бірлескен авторы.
IMG 83732333
Кафедра доценті, PhD докторы Аманжолқызы Айнур
Аманжолқызы Айнур – PhD докторы, кафедра доценті. 2005 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін бітірді. 2006 жылы акушерство-гинекология бойынша интернатураны бітірді. 2006 жылдан бері қалыпты физиология кафедрасында жұмыс жасайды, қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Жүргізілген физиологиялық-клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша 2017 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2018 жылдан бастап кафедра доценті лауазымына ауыстырылды. 2020 жылы Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы болып тағайындалды. 40-тан астам ғылыми және әдістемілік-оқу құралдарының авторы. Жалпы педагогикалық стажы 14 жыл.
Казіргі уақытта А. Аманжолқызы кафедраның ғылыми жұмысы бойынша жауапты тұлға. Дайындаған студенттік зерттеу жұмыстарының нәтижелері университет және ТМД деңгейінде конференцияларда баяндалып, жүлделі орындарға ие болды. А. Аманжолқызының жетекшілігімен БжҒМ-мен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық жобаларға бірнеше өтінімдер берілді, сонымен қатар 3-ші рет БжҒМ ҒТЖ-ның ғылыми қатысушысы болып жұмыстар атқарады. Денсаулық саласына қоскан көпжылдық адал мінсіз еңбегі үшін Марат Оспанов атындағы БҚМУ ректоры (2019) құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазіргі таңда, Медицина мамандығы бойынша 1 оқу жылының докторанты Донаева А.Е-ның ғылыми кеңесшісі болып бекітілді.
 IMG 20210201 WA00105999
Аға оқытушы, м.ғ.м. Батырова Тамара Жаксыгалиевна
Батырова Тамара Жаксыгалиевна - медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. 1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. 1998 жылдан университетте еңбек етіп келеді. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді, дәріс оқиды. Жалпы педагогикалық стажы 22 жыл. 2012 жылы магистрлік диссертация қорғап, медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болды. Кафедрада тәрбие жұмысына жауапты, 1 курс студенттеріне қосымша кураторлық қызметті атқарып келеді. Университет деңгейінде жүргізілген конкурстар бойынша «Жыл кураторы» атағына ие болды. Оқу, оқу - әдістемелік, ғылым, тәрбие жұмыстарды бағытында жазылған баяндамалары мен тезистері баспалардан шыққан. 35-тен астам ғылыми мақалалары жарық көрді. Университетте жасаған көп жылдық еңбектері ректордың мақтау грамоталарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
 IMG 82745563
Аға оқытушы, м.ғ.м. Балмағанбетова Фарида Киікбаевна
Балмағанбетова Фарида Киікбаевна - медицина ғылымдарының магистрі, қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы.
1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірді. Қалыпты физиология кафедрасында 2003 жылдан бері жұмыс жасайды, қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді және дәріс оқиды. Жалпы педагогикалық стажы 17 жыл. 2012 жылы магистр академиялық дәрежесіне ие болды. 25-тен аса мақалалардың, 1-монографияның және 5- оқу-әдістемелік құралдардың авторы болып табылады.
 IMG 8277623
Аға оқытушы, м.ғ.м. Кульжанова Динара Сандибаевна
Кульжанова Динара Сандибаевна – медицина ғылымдарының магистрі, қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы. 2010 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетін бітірді. Қалыпты физиология кафедрасында 2013 жылдан бері жұмыс жасайды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді және ағылшын тілінде дәріс оқиды. Жалпы педагогикалық стажы 8 жыл. 2016 жылы магистр академиялық дәрежесіне ие болды, 20-дан аса мақалалары, 4 авторлық құқықпен қорғалған куәлігі бар, 5 оқу-әдістемелік құралының авторы болып келеді, соның ішінде 3 ағылшын тілінде. Университетішілік байқаудың қорытындысы бойынша ол «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2020» дипломының иегері.
IMG 8253552
Оқытушысы, б.ғ.м. Омарова Айнур Бакитовна
Омарова Айнур Бакитовна 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Униерситететін бітірді. 2003-2016 жылдары аға лаборант лауазымында болды. 2016 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болды. 2017 жылдан бастап оқытушы қызметінде.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттері мен жас ғалымдарының жыл сайынғы ғылыми конференциясында студенттерге ғылыми кеңесшісі болды, сонымен қатар оқу - әдістемелік, ғылым, тәрбие жұмыстары бағытында жазылған баяндамалары мен халықаралық конференцияда мақалалары жарыққа шықты.
Ол Университет оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2013 жылы медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай «Мақтау қағазы»- мен марапатталды. 13-тен астам ғылыми мақалалары бар. Жалпы еңбек өтілі 18 жыл.
 IMG 4630869
Оқытушы Альмаханова Майганым Жакаевна
Альмаханова Майганым Жакаевна 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірді. Қалыпты физиология кафедрасында 2012 жылдан бері жұмыс жасайды, қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Жалпы педагогикалық стажы 26 жыл. 20-дан аса мақалалары бар, 2 авторлық құқықпен қорғалған куәлігі бар, 2 оқу-әдістемелік құралының авторы болып келеді.
IMG 8240566
Оқытушы Аккожина Акмарал Манасовна
Аккожина Акмарал Манасовна 2012 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітірді. Қалыпты физиология кафедрасында 2013 жылдан жұмыс жасайды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ береді. Жалпы педагогикалық стажы 8 жыл. 5-тен аса мақалалары, 2 авторлық құқықпен қорғалған куәлігі бар, 4 оқу-әдістемелік құралының авторы болып келеді, соның ішінде 2 ағылшын тілінде.
IMG 44848621
Офис – менеджер Ажигалиева Жанар Мендалиевна 
Ажигалиева Жанар Мендалиевна – қалыпты физиология кафедрасының офис-менеджері. 1999 жылы патологиялық физиология кафедрасына жұмысқа қабылданды. 2016 жылы қалыпты физиология кафедрасына ауыстырылды. 2016-2019 жыл аралығында аға лаборант қызметін атқарды. 2019 жылы Басқарма Төрағасы-Ректордың «Құрмет грамотасы» берілді.
 IMG 20210205 WA0071125599
Лаборант Әбдірахман Гулбаршын Бақытқызы
Әбдірахман Гулбаршын Бақытқызы –қалыпты физиология кафедрасының лаборанты. 1997 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Медицина Академиясының «Аяжандар ісі» факультетін бітірген. Қалыпты физиология кафедрасында 2004 жылдан бері жұмыс жасайды. Жалпы еңбек өтілі 16 жыл. Көпбалалы ана. 5 бала тәрбиелеп отыр. 2007 жылы Алғыс хатпен марапатталған.
WhatsApp Image 2021 02 01 at 14.28.5888
Кафедра ұжымы, 2020жыл

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов