№1 Хирургиялық аурулар кафедрасы

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы 2010 жылы қыркүйек айында құрылған. Бастапқыда кафедра 1960 жылы құрылып факультеттік хирургия кафедрасы деп аталып келді.
shabanov
Кафедраның ең алғашқы меңгерушісі Ұлы Отан соғысының ардагері, м.ғ.д., профессор Шабанов Михаил Шабанович болды (1960-1970 жж.). 1957 жылы «Аяқ қан тамырларының облитерациялық ауруларындағы қан тамыраларының морфологиялық өзгерістері мен клиникасы» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғаған. М.Ш.Шабанов Ақтөбе мемлекеттік медицина институының ең алғашқы медицина ғылымының докторы және профессоры. Кафедраны меңгеру уақыты аралығында кафедрада 1 докторлық диссертация, 3 кандидаттық диссертациялар қорғалған. 
poleshuk
1971 жылдан 1981 жыл аралығында кафедра меңгерушісі қызметінде Ұлы Отан соғысына қатысушы м.ғ.д., профессор Полещук Иван Сергеевич болды. Соғыс кезінде эвакогоспиталде хирург болып қызмет еткен. Минск, Благовещенск қалаларының хирургиялық клиникаларында қызмет еткен. 1964 жылы «Тиреотоксикалық жемсаудың диагностикасы және хирургиялық емі» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғаған. Кафедра меңгеру кезінде кафедрада 2 кандидаттық диссертациялар қорғалған.
v555s
1981 -1995 жж.аралығында кафедра меңгерушісі Бирючков Юрий Васильевич болды. 2 докторлық диисертация, 4 кандидаттық диссертациялар қорғалды.
fvd415
1996 – 1998 жж.аралығында кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д., профессор Қобландин Сарсен Нагимович атқарды. Осы кездерде кафедра құрамына травматология, ортопедия, урология және әскери-далалық хирургия курстары қосылған. 4 докторлық диисертация қорғалды.
doskaliev
1998 жылдан 2000 жыл аралығында кафедраны м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА мүше-корреспонденті, Мемлекеттік премия Лауреаты, академия ректоры Доскалиев Жаксылык Акмурзаевич басқарды. Ол әлемнің танымал хирургиялық клиникаларында мамандырылу өткен: Канзас (АҚШ), Бонн (Германия). Ғылыми және тәжірибелік жұмысы лапароскопиялық хирургия, жасушалық терапия дамуына және ұйқы безі мен бауыр транспалантациясы мәселелеріне бағытталған.Қазіргі таңда Республикалық транспалантология орталығының координаторы(2013 жылдан бері).
zholmukhambet
2000 – 2002 жж. аралығында кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор, академия ректоры Жолмухамедов Кайрат Канатович қызмет атқарды. Осы кезде кафедрада 1 кандидаттық диссертация қорғалды.
23dfgg
2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығында кафедраны м.ғ.д., профессор Жакиев Базылбек Сагидоллаевич басқарды. Оның басқаруында 2 кандидаттық диссертация, 1 докторлық диссертация қорғалды.
рис 8 Акатаев
2002 жылдан 2004 жыл аралығында және 2009 жылдан 2011 жыл аралығында кафедраны профессор Ақатаев Нағашыбай Ақатаевич басқарды.
рис 9 курмангалиев
2011 жылы қыркүйек айынан бастап кафедра қайта құрылып негізгі хирургиялық аурулар курсынан басқа урология, оториноларингология және офтальмология курстары қосылды. Сол жылдан бастап 2015 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Курмангалиев Олег Маратович басқарды.
рис 10 жумабаев
2015 жылы қыркүйек айынан бастап кафедраны м.ғ.д., доцент Жұмабаев Марат Ниғматович басқаруда.
 Факультеттік хирургия кафедрасында 2002 жылдан бастап қызмет етуде. Медицина ғылымының кандидаты, доцент. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс алқасымен марапатталған (2011). 2011 жылы Израил мемлекетінің Хайфа қаласында хиургиядан мамандыру курсын өткен. 30-дан астам ғылыми мақалаларының авторы, 1 оқу құралы, 2 рационалды ұсыныс авторы.
 2017 жылдың қыркүйек айында кафедра құрамынан оторинолариногология, офтальмология және урология курстары шығарылуына байланысты қайта құрылылды.
Қазіргі таңда кафедрада қызмет етеді: 
1. Профессор, жоғары санатты хирург Н.А.Ақатаев;
2. Профессор, м.ғ.д., жоғары санатты хирург Т.А.Джаркенов;
3. Доцент, м.ғ.к., жоғары санатты хирург М.М.Мукушев;
4. Ассистент, екінші санатты хирург К.Ж.Нурманов;
5. Ассистент, екінші санатты хирург М.Е.Балшамбаев; 
6. Кафедра офис-менеджері: А.Е.Сулейменова.
kollektiv2015
№1 хирургиялық аурулар кафедрасының ұжымы 
( хирургиялық аурулар курсы, 2015 ж.)
 
рис 12 Джаркенов Т
Джаркенов Тимур Агатаевич
 
1987-1989 жж мақсатты клиникалық ординатурада КСРО Медицина ғылымдары академиясының Бүкілодақтық ғылыми хирургия орталығында (Мәскеу қ.) оқыды. 1990 жылы «Бауыр және іштің эхинококкоз хирургиясындағы аутогемотрансфузия» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1991 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде ассистент болып жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап факультет хирургиясы кафедрасының доценті, 2004 жылдан бастап анестезиология, травматология, ортопедия және әскери далалық хирургиямен жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі. 2005 жылы «Өт тас ауруы асқынған түрлеріндегі хирургиялық тактика» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2008 жылдан 2017 жылдың ақпанына дейін - ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, 2017 жылдың ақпанынан бастап - No1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры. Ғылыми қызығушылықтардың орталығы хирургиялық гепатологияның проблемалары болып табылады. Ол 107 ғылыми жұмыстың, оның ішінде өнертабысқа арналған 7 инновациялық патенттің, 2 монографияның, 3 оқулықтың авторы. Хирургия бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласы үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
kabdulov
Кабдулов Абилхасан Есжанұлы Факультеттік хирургия кафедрасында 1969 жылдан бері қызмет етеді. Кафедраның алғашқы аспиранты болып саналады. Медицина ғылымдарының кандидаты (1980 ж.), доцент (1995 ж.), 1998 жылдан бері кафедраның меңгерушісі. Ол екі оқулықтың бірлескен авторы: «Факультеттік хирургия пәнінен дәрістер» (1998 ж.) және «Факультеттік хирургия (пәннің практикалық сабақтарына нұсқау)» (2005 ж.), сонымен қатар нұсқаулықтар авторы: «Ауру тарихын жазуға арналған әдістемелік нұсқау. Хирургиялық дерттерде жиі анықталатын белгілер. Негізгі лабораториялық зерттеулер» (2008 ж.), «Аяқ қан тамырларының аурулары» (2010 ж.). Жоғары санаттағы маманданған хирург-дәрігер. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2000 ж.), төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен (2005 ж.) және құрмет грамотасымен (2010 ж.) марапатталған.
рис 14 мукушев
Мукушев Манас Максатұлы – кафедра доценті. Кафедрада 2009 жылдан бері жұмыс жасайды. Медицина ғылымдарының кандидаты. 35-тен аса ғылыми мақалалардың, 3 өнертабыстың, 1 әдістемелік нұсқаудың және 1 монографияның авторы. 2013 жылы шығарылған «Болезни оперированного желудка» атты монографияның бірлескен авторы. Кафедрада оқулықтар шығару ісіне белсенді ат салысқан: «Хирургиялық аурулар», «Хирургия острого живота», «Клиническая хирургия», «Избранные вопросы хирургии». ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен (2015 ж), бірнеше рет Марат Оспанов атындағы БҚММУ ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. Жоғары санаттағы хирург.
рис 15 есенбаев
Есенбаев Даулет Балтабайұлы – кафедра ассистенті. Кафедрада 2008 жылдан бері еңбек етеді. 30-дан астам ғылыми мақалалардың, 1 өнертабыстың авторы. Түрік Республикасында «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша Анкара қаласында (2012 ж.) және Ресей Федерациясының Эндокринологиялық ғылыми орталығында «Организация и функционирование кабинета диабетической стопы» бағдарламасы бойынша Мәскеу қаласында (2014ж) маманданудан өтті. Марат Оспанов атындағы БҚММУ ректорының құрмет грамотасымен марапатталған (2015 ж.). Жоғары санаттағы хирург.
nurmanov
Нурманов Кайрат Жумагамбетұлы – кафедраның ассистенті. 2010-2013 жылдар аралығында №1 Хирургиялық аурулар кафедрасында хирургия мамандығы бойынша резидентурада оқудан өтті. Сол жылдан бастап конкурстық негізде кафедра ассистенті болып қабылданды. 10 аса мақалалардың авторы, «Хирургия острого живота» 2014ж әдістемесінің шығарылуына қатысқан.
balwambaev
Балшамбаев Мади Есенжолұлы – кафедра ассистенті. 2010-2013 жылдар аралығында №1 хирургиялық аурулар кафедрасында хирургия мамандығы бойынша резидентурада оқудан өтті. Резидентура тәмәмдаған соң конкурстық негізде кафедра ассистенті болып қабылданды. 9 жуық мақалалардың авторы, хирургиялық әдістемелік нұсқаулықтар шығаруға қатысқан.
 
рис 18 акатаев со студентами
Кафедраның негізгі мақсаты хирургия пәніне сапалы студенттерді даярлау, оқу процесі – күнделікті оқудың ажырамас бөлшегі.
Асептика мен антисептика отадан кейінгі жаралар жазылуының кепілі
operiaci
Ота – пациенттерді емдеудің негізгі хирургиялық тәсілі.
Оқу әдістемелік, емдік, ғылыми, тәрбие жұмыстары.
Кафедраның клиникалық базалары әр уақытта болды: Ақтөбе қалалық клиникалық ауруханасы, Ақтөбе теміржол ауруханасы, Марат Оспанов атындағы БҚММУ Медициналық орталығы, Ақтөбе облыстық ауруханасы. Қазіргі таңда кафедра ЖМК ауруханасында орналасқан. Кафедра 4 курс студенттеріне бакалавриат 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу процесін қамтамасыз етеді.
Кафедрада 4 курс студенттеріне практикалық сабақтар өткізіледі және дәрістер оқылады.
Кафедра құрылғаннан бері студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Өз кезегінде үйірме мүшелері танымал бола білді: денсаулық сақтау экс-министрі, қазіргі «Республиканский Координационный центр по Трансплантации» орталық директоры Ж.А.Досқалиев, академияның бұрынғы ректоры, қазіргі Ақтөбе облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бастығы К.К.Сабыр.
Үйірме мүшелерінің ғылыми жетістіктері әртүрлі халықаралық симпозиумдарда конференцияларда жарияланды және лайықты жүлделі орындарға ие болды. 
Кафедра қызметкерлерімен бірге 10 монография шығарылды, 900 жуық ғылыми мақала жарияланды, 6 оқулық, 20 астам оқу-әдістемелік құралдар, соның ішінде 8 мемлекеттік тілде. Өнертабыстық жұмыстар туралы куәлік саны 35. Дайындалған және қорғалған докторлық диссертациялар саны 20.
рис 20 пособие 2 рис 21 пособие 3
 рис 22 пособие 4 рис 23 пособие 5
 рис 24 пособие 6 рис 25 пособие 7 
рис 26 пособия 1
Кафедраның ғылыми мақсаты келесідегідей бағытта:
-шұғыл хирургиядағы іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу және емдеу
-азинвазивті хирургия
-2019 жылдан бастап кафедрада «Қазақ популяциясындағы жедел панкреатиттің дамуы мен болжаудағы цитокиндік гендерінің полиморфизмінің рөлі: генаралық өзара әрекеттесу анализі» атты ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар Университет репозиториі мен кітапхана қоры кафедра қызметкерерінің басылмдарымен толтырылуда.
Күнделікті клиникалық практикаға ғылыми зерттеулердің қорытындылары енгізілген – лапароскопиялық аппендоэктомия кезінде құрт тәрізді өсіндіні өңдеу тәсілдері, тікелей емес реваскуляризация әдістері – табан остеоперфорациясы және диабеттік аяқ басы синдромы кезінде вазопростанды аймақтық инфузиялау әдісі және тоқ ішек бөлімдерін бекіту аномалиясы кезінде френоколопексия әдісі.
№1 хирургиялық аурулар кафедрасының қызметкерлері жалпы хирургия бөлімшесінің емдеу процестерінде белсене қатысады.

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов