№1 Акушерия және гинекология кафедрасы

Акушерия және гинекология кафедрасы 1960 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ұйымдастырылды. Акушерлік және гинекология кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып профессор М. А. Бульина тағайындалды. М.А. Бульина Ұлы Отан соғысы жылдарында госпиталдаәскери хирург болып жұмыс істеген. Оның басшылығымен жатырдың жиырылу белсенділігін зерттеуде алғашқы ғылыми зерттеулер жүргізілді. Осы жұмыстар бойынша 7 кандидаттық диссертация қорғалды, жүзденастам ғылыми еңбектер жарияланды, 5 патент рәсімделді.

bulina1983 жылдан бастап профессор Қ.Қ.Құдайбергенов кафедраға жетекшілік етті. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Докторлық диссертациясы «Босанғаннан кейінгі септикалық аурулары бар әйелдердің клиникалық және иммунологиялық ерекшеліктері» тақырыбына арналған. Қ.Қ. Құдайбергеновтың басшылығымен 3 кандидаттық диссертация қорғалды.
kudaibergenov

1995 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып проф. Т.М. Үкібасова тағайындалды. Сол кезден бастап кафедраның ғылыми жұмысының бағыты экологиялық мәселе жағдайындағы әйел ағзасының қызметін зерттеу болды. Оның жетекшілігімен 24 кандидаттық диссертация қорғалды, 500-ге жуық ғылыми еңбектер жарияланды, 20-дан астам патенттер рәсімделді.

ukybasova

2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доц. А.Б. Түсіпқалиев тағайындалды. 2001 жылы «Акушерлік және перинатальды патологиядағы құрсақ ішілік инфекциялар» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2005 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 2006 жылдан бастап жатыр миомасының дамуының патогенетикалық механизмдерін зерттеуге арналған докторлық диссертациямен жұмыс істейді. 60-тан астамғылыми еңбектер, 2 оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар жарық көрді, 3 патент рәсімделді.

2014 жылғы 8 қаңтардағы No01-07-17 / 32 бұйрығымен негізгі кафедраны бөлу арқылы No1 акушерия және гинекология кафедрасы құрылды. Кафедраның ғылыми жұмысының тақырыбы «Батыс Қазақстан әйелдерінің репродуктивті потенциалы». Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 50-ден астам ғылыми жұмыстары, 2 патенті жарияланған.

2018 жылдан бастап Кувейт медициналық университетімен «Анемиялық синдромы бар жүкті әйелдердің феррокинетикасының зертханалық маркерлерінің диагностикалық маңызы» және «Қағанақ қабының жарылуында инсулинге ұқсас өсу факторы - 1/альфа-фетопротеинмен байланыстың дәлдігі (AmnioQuick Duo)» бірлескен ғылыми жұмыстары жүргізілуде.
kollektiv

2014 жылдан бастап кафедраға м.ғ.к., доцент Шиканова Светлана Юрьевна жетекшілік етеді.

shikanova

№1 акушерия және гинекология кафедрасының жетекшісі Шиканова Светлана Юрьевна - м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер, педагогикалық стаж 26 жыл, дәріс оқиды және орыс тілі мен ағылшын тілінде практикалық сабақтарды жүргізеді. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Борлы биохимиялық аймақта жүктілердің биосубстраттардың микроэлементты құрамы». «Бүйрек ауруларында акушерлік және перинатальды асқынуларынң алдын алулары мен болжамы», «ЭТСН мен ӨТСН туылған жаңа туған нәрестелер өмір сүру сапасы» тақырыптарында ғылыми жұмыстары жүргізілуде. «Жүктілік кезіндегі бүйрек физиологиясы мен патологиясы» атты оқу әдістемелік құралы жарыққа шықты. 130-дан астам ғылыми басылым жұмыстары бар.

Каримова Бакыт Жарылгаповна -м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер, педагогикалық стаж 20 жыл, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізеді.
tyi36

Ғылыми қызығушылықтары: кандидаттық диссертация тақырыптары: «Пельвиоперитонитті емдеуде лапароскопиялық хирургияны, озоносанация мен эндолимфатикалық антибиотикотерапияны кешенді қолдану», «Босанудан кейінгі эндометрит» атты оқу әдістемелік құралы жарыққа шықты. 70-тен астамғылыми басылым жұмыстары бар. Кафедрада оқу сағаттарын бөлу және сабақ кестесін құрастыруға жауапты.

Бекжанова Мария Сарбаевна - ассистент, жоғарғы санатты дәрігер, педагогикалық стаж 27 жыл, қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізеді. 20-дан астам ғылыми басылым жұмыстары бар. Кафедрада кафедра ішілік бақылауға жауапты.

Сарсембаев Мухит Серикбаевич - ассистент, жоғарғы санатты дәрігер, педагогикалық стаж 20 жыл, қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақ жүргізеді. Ғылыми басылым жұмыстары бар. Кафедраның клиникалық жұмысына жауапты.

Изгалиева НазгульТынышкалиевна - ассистент, жоғары санатты дәрігер, педагогикалық стаж 9 жыл, қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақ жүргізеді. Ғылыми басылым жұмыстары бар. Кафедрада өндірістік тәжірибеге жауапты.

Кунаков Нурлан Нагашбаевич – ассистент, педагогикалық стаж 5 жыл, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақ жүргізеді.

Старченко Татьяна Александровна - ассистент-стажер, педагогикалық стаж - 4 жыл, орыс тілінде практикалық сабақ жүргізеді, жоғары санатты дәрігер. Ғылыми басылым жұмыстары бар. Кафедрада тәрбие жұмысына жауапты.

Ижанова Айнур Нагашпаевна - ассистент-стажер, педагогикалық стаж 4 жыл, қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақ жүргізеді, бірінші санатты дәрігер. Ғылыми басылым жұмыстары бар.

Мухамбеталиева Гульмира Кылышниязовна – ассистент-стажер, педагогикалық стаж 6 жыл, қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақ жүргізеді, кафедра профоргы. Ғылыми басылым жұмыстары бар. Қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақ жүргізеді

Ерниязова Жаудир Копжасаровна – ассистент - стажер, педагогикалық стаж 1 жыл, орыс және қазақ тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді.
 

dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5

plt  port

  

 mediki vrachirepo

Түлектердің назарына

8fjkg56dg

«Қаржы орталығы» АҚ Telegram қосымшасына ауысуға арналған QR-код

eyuihgc

jhiuu4774278

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Прием на 2020

    Прием на 2020

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов