12.10.2016

Интернатура факультеті

Интернатура деканатының тарихы терең. 1996 жылға дейін түлектер интернатураны облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы орталықтардан өтті, ал 1996-1997 жылдар аралығында дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінің жанынан бөлім болып ашылды. Алғашқыда интернатураға жауапты ДБЖФ терапия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Владимир Абрамович Гольдберг болды.
1998-2001 ж.ж. бұл қызметті м.ғ.к., доцент Нұржан Махмұтұлы Шумбалов орындады.
1973-1979 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медициналық институының емдеу факультетінде білім алды, оқу орнын аяқтағаннан кейін 1979 жылы Орал қаласының облыстық ауруханасына дәрігер-интерн ретінде жіберілді. Жоғарғы оқу орнының комсомол комитетінің хатшысы ретінде тандап алуынуына байланысты 1979 жылы қараша айында ДСМ бұйрығымен Ақтөбе медициналық институтына шақырту алды. 1983 жылға дейін комсомол ұйымының хатшылығынан босатылып, сол уақытта терапия бағыты бойынша клиникалық ординатурада оқыды, кейін институттың ҒЗЗО-да кіші қызметкер жұмысын атқарды. 1987 жылы Москва қаласында кандидаттық диссертацияны қорғады. Доцент және профессор академигі ғылыми дәреже иегері, үш мәрте "Денсаулық сақтау үздігі" және "Құрметті ағарту қызметкері" атақтарымен марапатталған. 98 басылымның, соның ішінде 9 әдістемелік құрал мен нұсқаудың авторы. Денсаулық сақтау ұйымы және медициналық білім бойынша Ресей, Украина, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Финляндия сияқты елдерде білім алды.
2002-2008 жылдар аралығында интернатура бөлімі тиісті факультеттер деканаттарының құрамына кірді. Профессор, м.ғ.д., Қуанғали Бапашұлы Әбдрахманов жауапты болды.
1984-1987 жылдары аспирантура кезінде КСРО-дағы Медицина. Ғылыми Академиясының, Ғылыми зерттеу институтында, атақты балалар пульмонологы, м.ғ.д., профессоры В.К.Таточенко жетекшілігімен кандидаттық диссертацияны қорғады.
1987 жылы АкММИ госпиталды педиатрия кафедрасында ассистент, кейін доцент болып жұмыс істеді.
1997-2000 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетінде докторантурада оқыды.
2001-2003 жылдары университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры және жалпы тәжірибе кафедра жетекшісі болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап госпиталды және емханалық педиатрия кафедрасының меңгерушісі болып келді.
Қазіргі кезде ғылыми және педагогикалық жұмыспен айналысады, басшылығында резиденттер, аспиранттар бар, 100 астан ғылыми басылымның және 2 куәліктің авторы.
2008 жылғы желтоқсан айынан бастап интерндеріне арналған емдеу, педиатриястоматологиялық факультеттерінің интернатура деканаты ұйымдастырылды.
2008-2013 жылдар аралығында интернатура деканы боп, м.ғ.к., ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры Сәлім Ізтілеуұлы Сарқұлов болды. Ол 1970 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. 1988 жылы «Коронарный кровоток и гемодинамика у больных ИБС до и после аорто-коронорного шунтирования» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1989 жылдан бастап кафедра доценті, 2008 жылғы қыркүйектен бастап кафедра профессорының міндетін атқарушы. 1993 жылдан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін емдеу факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар 2008-2013ж аралығында интернатура деканы болды.
Бірнеше мәрте мадақтау қағазымен, сондай-ақ ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен, ҚР БҒМ алғыс хаттарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың үздігі болып табылды.
2013 жылдың қантарынан 2014 жылдың наурыз айына дейін интернатура деканы м.ғ.к. Кыдырбек Смагулович Абишев болды. Ол 1996ж Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген.
1996-2000ж аралығында Маңғыстау облыстық ауруханасында тәжірибелі дәрігер-хирург қызметін атқарған.
2000-2003ж Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының госпитальді хирургия кафедрасында аспирантура оқыған.
2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2004-2013ж госпитальді хирургия кафедрасында қызмет жасады.
2010 жылы ҚР ДСМ құрмет грамотасымен марапатталды. Қазіргі таңда Мұғалжар аудандық орталық ауруханасында бас дәрігер қызыметін атқаруда.