Ең үздік топ

9-желтоқсанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ең үздік топ – 2016» байқауы өтті. Бұл сайыс Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай өткізілді. Конкурстың басты мақсаты – топтардың ұйымшылдығы мен белсенділігін, және олардың шығармашылық табыстарын арттыру.
Байқауға 7 топ және кураторлары қатысқан болатын.
  • 117 топ –кураторы – Ш.Ш. Утаргалиева;
  • 115 топ – кураторы – А.А. Жугунусова,
  • 111топ – кураторы – А.А. Купенова;
  • 112 топ – кураторы – Д.К. Егизбаева;
  • 114 топ – кураторы – Г.К. Утебаева;
  • 104 топ – кураторы – А.Р. Жангалиева;
  • 106 стом – кураторы – Ж.К. Ташимова.
Байқауға қатысушы топтар 4 кезеңнен өтті. Кезеңдер қатары:
І «Егемен елдің ертеңіміз»/Таныстыру/
ІІ. Білімпаздар, зерделілер, алға!/ Сұрақ – жауап
ІІІ. Өнер – алды қызыл тіл. /Өз өнерлерін көрсету/ – 5 минут. Әр топ берілген тапсырма бойынша көрініс қоюы шарт болатын. Берілген тапсырмалар реті:
 111 «Жалпы медицина» – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысы;
 115 «Жалпы медицина» – 1937-38 Репрессия жылдары;
              117 «Жалпы медицина» – М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы бастаған көтеріліс;
 112 «Жалпы медицина» – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы;
 114 «Жалпы медицина» – 1916 жылғы Ұлт Азаттық қозғалысы;
 104 «Жалпы медицина» – 1991 жылғы Тәуелсіздікке қол жеткізу туралы;       
              106 «Стоматология» – Шыңғыс хан және оның заманы.
IV. Бейнебаян «Ең үздің топ – 2016»
Байқау жоғары деңгейде өтті. Барлық топтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды:
Бас жүлдеге ие болған – 111 топ студенттері мен кураторы – А.А. Купенова
1-орынға ие болған – 114 топ студенттері – Г.К. Утебаева
2-орынға ие болған – 115 топ , кураторы – А.А. Жугунусова
3-орынға ие болған – 117 топ, кураторы – Ш.Ш. Утаргалиева
«Ең белсенді топ» атанған – 112 топ студенттері.
106 «Стомотология» факультетінің студенттері «Ең ұйымшыл топ» атанды.
104-топ студенттері «Ең білімді топ» атағына ие болды.