Ең үздік баяндама

Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д., профессор М.К. Изтлеуов және аға оқытушы, магистр С.С. Самбаеваның жетекшілігімен «Жалпы медицина» факультетінің 313-топ студенттері Ғ. Тұяққалиева, А. Тұрлан 2016 жылы желтоқсанның 9-10 жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ ҚОРЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Халықаралық ғылыми конференцияға Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. елдерден жас ғалымдар мен студенттер белсенді қатысып, 280-ге жуық ғылыми жобаларын ұсынды.
Конференцияның «Медицинадағы инновациялар: теориядан тәжірибеге» секциялық жұмысына кафедра профессор-оқытушылық құрамы және студенттік үйірме мүшелері онлайн режимде G-Global форматы арқылы қосылды.
«Медицинадағы инновациялар: теориядан тәжірибеге» атты секция жұмысының нәтижесі бойынша 72 ғылыми жұмыс тыңдалып, нәтижесінде «Қолжетімді медициналық гаджеттердің тиімділігі» баяндамасымен университетіміздің «Жалпы медицина» факультетінің 3-курс студенттері Тұяққалиева Ғалия, Тұрлан Ардақ «Ең үздік баяндама» марапатына ие болды.
Ресей Федерациясы, ЮУМУ 6-курс студенті К.В.Сотникова және Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ 7-курс интерні Ы.А.Аннаоразов үздік үштікке енді.