13.09.2016

Джаркенов Тимур Агатаевич

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина университетінің ғылыми және клиникалық жұмыстары жөніндегі проректоры

Джаркенов Т.А. Ақтөбе мемлекеттік институтының емдеу факультетін және хирургия бойынша интернатураны бітіргеннен кейін тәжірибелік денсаулық сақтауда хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1987-1989 жылдары Бүкілодақтық ғылыми орталықта КССРО медицина ғылымдарының Академиясындағы мақсатты клиникалық ординатурада оқып білім алды. 1990 жылы кандидаттық, 2005 жылы докторлық диссертация қорғады.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде 1991 жылдан бері ассистент, доцент, анестезиология, травматология, ортопедия және әскери-далалық хирургия, жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі болып еңбек етті. 2008 жылдан бері университтеттің ғылыми және клиникалық жұмыстар бойынша проректоры қызметінде.

Тимур Ағатайұлы Джаркенов 130 ғылыми еңбектің, 3 оқулықтың авторы және ҚР өнертапқыштығының 3 патентінің иесі. Қазақстан Ресспубликасының денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.