27.12.2016

Дипломнан кейінгі кәсіби білім беру департаменті

2016-2017 оқу жылынан бастап біздің факультетімізде көптеген өзгерістер болды. «Жоғары оқу орнынан кейінгі және де қосымша білім беру факультеті», «Дипломнан кейінгі кәсіби білім беру департаменті» болып өзгертілді. Соған қарай департамент ішінде кадрлар құрамы да өзгертілді. Жаңадан мамандар қабылданды. Жауапкершілігі мол, талабы мықты бөлімге айналды.
Дипломнан кейінгі білім беру департаментіне төмендегі бөлімдер кіреді:
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (резидентура, магистратура және докторантура)
2. Қосымша білім беру бөлімі
3. Үздіксіз кәсіби даму бөлімі
4. ДККБ оқу процесін жоспарлау бөлімі