17.06.2016

Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор

Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы 1974 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын бітірді.

2001 жылы кандидаттық диссертация, 2007 жылы докторлық диссертация қорғады. Ал, 2009 жылы профессор ғылыми дәрежесіне ие болды. 2001 – 2007 жылдар аралығында аға ғылыми қызметкер дәрежесінен Онкология және радиология бойынша Қазақ ғылыми зерттеу институты филиалының директоры дәрежесіне дейінгі жолдардан өтті.

2008 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры болып қызмет атқарады.

Жоғары санатты дәрігер. 100-ден астам мақаланың, 10 монография және оқу құралының, 5 авторлық куәліктің иегері.

Ақтөбе облыстық мәслихатының V шақырылым депутаты.

Жанұялы, 2 ұл тәрбиелеп отыр.

Марапаттау: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» төс белгісімен, «Ломоносов атындағы Орден», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының құрмет белгісі».