Марат Оспанов атындағы БҚММУ босаған (вакантттық) білім беру гранттарына иегер студенттер тізімі

Марат Оспанов атындағы БҚММУ босаған (вакантттық) білім беру гранттарына иегер студенттер тізімі ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің 2017ж. 1 ақпаны күнгі №44 бұйрығымен Марат Оспанов атындағы БҚММУ-ң 14 студенті мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары білім алу процесінде босаған (ваканттық) білім беру гранттарының иегерлері атанды. Список студентов (Скачать в pdf)

Алғыс хат

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің алғыс хаты Құрметті Ербол Жасұланұлы! Сіздермен бірге медициналық кадрларды даярлау мәселесі бойынша 2 жылдан астам уақыт тығыз жұмыс жасадық. Бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде медициналық білімді жетілдіру мақсатында әлемнің ең үздік 500 жоғары оқу орнының қатарына Стратегиялық әріптестер тартылды. Бүгінгі таңда әріптестікті іске асырудың 1 кезеңі ғана аяқталды. Алда[…]

Қысқы Президенттік көпсайыстан ҚР Кубогі

2016 жылы 20-24 желтоқсанда Щучинск қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан ҚР Кубогі өтті. Жарыс 9 жас топтары бойынша өтті. Әр жас тобы спорттың үш түрі бойынша жарысқа түсті: 1 түрі – пневматикалық винтовкамен ату. Ату 10 метр қашықтықтан 10 рет атудан тұрады. 2 түрі – күш гимнастикасы. Әйелдер – 4 минут бойына еденге тіреліп жатып қолдарды[…]

Ректор Кубогі

2016 жылдың 26-27 желтоқсаны аралығында біздің университетеміздің спорттық залында қысқы ХХVIII Бүкіләлемдік Универсиадаға арналған Ректор Кубогі өтті. Жарыс спорттың 4 түрі бойынша өтті: пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, үстел теннисі және волейбол. Әскери-спорттық ғимаратының тир залында мылтық атудан жарыс өтті. Жарысқа оқытушылардың құрама командасы қатысты: әскери кафедраның аға оқытушысы А.З. Гайнулин, әскери кафедраның оқытушысы В.Н. Нечитайло[…]

Жасыл экономика – экологиялық қауіпсіз даму

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жоспарына сәйкес «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» факультетінің 1-курс студенттерінің арасында «Жасыл экономика-экологиялық қауіпсіз даму» тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Қоғамда жиі кездесетін «жасыл экономика» тіркесінің еліміз  үшін маңызы зор. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін мемлекетіміздің Президенті осы сөзді елімізді әрі қарай дамыту жолындағы[…]

Құрметті әріптестер!

2016 жылдың қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына арналған Еурокеңес стандарттары бойынша Еуропалық ғылыми-өндірістік палата арқылы құрылатын ARES (Academic Ranking of World Universities-European Standard) Еуропалық стандартқа сәйкес жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Рейтинг әдістемелігі келесі көрсеткіштерден тұрады: ғылыми жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, түлектерге сұраныс, ақпараттандыру, профессорлық-оқытушылар (ПОҚ) құрамының біліктілігін арттыру бағдарламасының деңгейі, ПОҚ-тың халықаралық деңгейде танылуы, Ғылымдар[…]

Медицина орталығында электрондық оқу залы ашылды

Марат Оспанов атындағы БҚММУ медицина орталығында қызметкерлер мен студенттер үшін электрондық оқу залы ашылды. Қорда мерзімді ғылыми-медициналық басылымдар, оқу және ғылыми әдебиеттер, анықтамалар, энциклопедиялар, библиографиялық деректер қоры, толық мәтінді медициналық кітапханалар және т.б. тұратын электрондық ақпараттық ресурстар бар. Электрондық оқу залы Интернет желісіне қосылған, қолданушылардың жұмыс орындарымен жабдықталған.

Алғашқы студенттер үштілділік олимпиадасы

13-14 желтоқсанда шетел тілдері курсы оқытушылары А.С. Каримсакова мен Г.А.Кузембаева университет студенттері арасында алғашқы үштілділік олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау, медбикелік іс және фармация» мамандықтарының 1 және 2-курс студенттері қатысты. Олимпиаданың бірінші күнінде, яғни 13-желтоқсанда үш тілде тест өткізілді. Оған 30 студент қатысты. Тест нәтижесінде 15 студент екінші кезеңге өтіп, үш адамнан[…]

Құрметті университет ұжымы, студенттер!

Бүгін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басып отырмыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге[…]

Ең үздік баяндама

Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д., профессор М.К. Изтлеуов және аға оқытушы, магистр С.С. Самбаеваның жетекшілігімен «Жалпы медицина» факультетінің 313-топ студенттері Ғ. Тұяққалиева, А. Тұрлан 2016 жылы желтоқсанның 9-10 жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ ҚОРЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ «Биология, медицина және[…]

Ең үздік топ

9-желтоқсанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ең үздік топ – 2016» байқауы өтті. Бұл сайыс Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай өткізілді. Конкурстың басты мақсаты – топтардың ұйымшылдығы мен белсенділігін, және олардың шығармашылық табыстарын арттыру. Байқауға 7 топ және кураторлары қатысқан болатын. 117 топ –кураторы – Ш.Ш. Утаргалиева; 115[…]

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында еріктілер кездесу

12-желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде және Халықаралық еріктілер күніне орай Марат Оспанов атындағы БҚММУ Ғылыми Кеңес залында еріктілер жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғаудың Ақтөбе қалалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.А. Сражова және бірлестік мүшелері, университетіміздің студенттері, «Д.А.Р.» еріктілер клубының мүшелері, әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Ж.А. Кадырова, «Мейірім» еріктілер клубы студенттері қатысты.[…]