Алғашқы студенттер үштілділік олимпиадасы

13-14 желтоқсанда шетел тілдері курсы оқытушылары А.С. Каримсакова мен Г.А.Кузембаева университет студенттері арасында алғашқы үштілділік олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау, медбикелік іс және фармация» мамандықтарының 1 және 2-курс студенттері қатысты.
Олимпиаданың бірінші күнінде, яғни 13-желтоқсанда үш тілде тест өткізілді. Оған 30 студент қатысты. Тест нәтижесінде 15 студент екінші кезеңге өтіп, үш адамнан тұратын бес топқа бөлінді.
Келесі күні өткен байқауда олимпиада қатысушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша білімдері мен үш тілді жетік меңгергендіктерін көрсетті. Бірінші сайыста студенттер ағылшын тілінде бейнежазба қарап, сол бойынша сұрақтарға жауап берді. Сайыстың қиындығына қарамастан, студенттер тапсырмаларды оңай орындап шықты.
Келесі кезеңде қатысушылар бір тілде берілген мақал-мәтелдердің басқа екі тілде баламаларын тауып, сөйлемдерді аударды. Сайыстың соңғы кезеңінің тапсырмасы берілген тақырып бойынша үш тілде өз ойын жеткізу болды. Тақырыптар заманауи сұрақтарды қамтыды.
Әділ қазылар шешім шығару барысында залмен ойын ойналды. Олимпиада жүргізушілері көрермендерге жұмбақтар жасырып, үш тілдегі дұрыс жауаптарға тәттілер берді. Қазақ және ағылшын тілдерінде музыкалық номерлер де қойылды.
Олимпиада мақсаты жастардың қазіргі таңдағы мәселелерге қызығушылығын арттыру, берілген тақырыптар бойынша білімін жетілдіріп, қосымша ақпарат алуға және оларды толғандыратын сұрақтар бойынша үш тілді қолданып, өз ойларын жеткізуге жетелеу болды.
Олимпиадада жеңіске жеткендер:
I орын – Калижан Аман (120 А ЖМ), Маутов Ильяс (120 Б ЖМ), Бектибаева Айдана (120 Б ЖМ);
II орын – ЖанаузаковаМолдир (117 А ЖМ), Дайрабай Айжан (118 Б ЖМ), Сәт Жулдыз (103 Б ЖМ);
III орын – Супалдиярова Наргиза (103 ҚДС), Жанабергенова Асель (116 Б ЖМ), Калмагамбетова Сауле (117 А ЖМ).
Студенттерге сертификаттар, дипломдар және сыйлықтар тапсырылды. Шетел тілдері курсы атынан университет кәсіподағына қаржылай көмегі үшін алғыс айтамыз.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, оларға алдағы уақытта оқуларына табыстар мен жетістіктер тілейміз!