09.09.2016

Үмбетов Жабас Зайырұлы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина университетінің ұйымдастыру-экономикалық жұмыстары жөніндегі проректоры
 

Үмбетов Жабас Зайырұлы, 1965 жылы туған, қазақ, 1988 жылы Ақтөбе құрылыс техникумының техник – құрылысшы мамандығы бойынша білім алды. Ал 2002 жылы Орталық – Азиаттық университеті Ақтөбе филиалының экономика факультетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық – заң университеті Ақтөбе филиалының юриспруденция мамандығын оқып бітірді.

2002 жылдың қаңтарынан бастап 2004 жылдың қыркүйегіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің қаржы департаментінде мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды. Атқарған еңбектері үшін Үмбетов Жабас Зайырұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен жане «Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

2008 жылдың мамыр айында ұйымдастыру – экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор болып тағайындалды.