Қысқы Президенттік көпсайыстан ҚР Кубогі

2016 жылы 20-24 желтоқсанда Щучинск қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан ҚР Кубогі өтті. Жарыс 9 жас топтары бойынша өтті.
Әр жас тобы спорттың үш түрі бойынша жарысқа түсті:
1 түрі – пневматикалық винтовкамен ату. Ату 10 метр қашықтықтан 10 рет атудан тұрады.
2 түрі – күш гимнастикасы. Әйелдер – 4 минут бойына еденге тіреліп жатып қолдарды бүгу және жазу, ерлер – 4 минут бойына биікте орналасқан кермеде тартылу.
3 түрі – шаңғы жарысы. Дистанция – 3 км, 5 км, 10 км. жас топтары бойынша.
ҚР Кубогінде ҚР 12 командасы қатысты. М.Оспанов ат. БҚММУ-нің дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Канапина Р.Б. 40-49 жас тобында Ақтөбе облысының абыройын қорғады. Жарыстың бірінші күні пневтикалық винтовкамен атуда өз тобында 57 ұпай жинап, 3 орынға ие болды, келесі күні күш гимнастикасынан 55 ұпай жинап 3 орынға ие болды. Үшінші күні 3 км қашықтықта шаңғы жарысы өтті.
Өз жас тобында жарыстың нәтижесі:
1 орын – Грицкевич Елена – Батыс қазақстан облысы, нәтижесі 179 ұпай
2 орын – Амриева Галия – Ақмола облысы,нәтижесі156 ұпай.
3 орын – Канапина Роза – Ақтөбе облысы,нәтижесі135 ұпай.
Қысқы Президенттік көпсайыстан ҚР Кубогінің командалық сынағының нәтижесінде Ақтөбе облысы 1281 ұпай жинап 5-ші орынға ие болды.
Дене тәрбиесі кафедрасы және «Сұңқар» спорттық клубы дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Роза Биржановнаны оның спорттық жетістіктерімен құттықтайды!