Құрметті әріптестер!

2016 жылдың қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына арналған Еурокеңес стандарттары бойынша Еуропалық ғылыми-өндірістік палата арқылы құрылатын ARES (Academic Ranking of World Universities-European Standard) Еуропалық стандартқа сәйкес жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды.
Рейтинг әдістемелігі келесі көрсеткіштерден тұрады: ғылыми жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, түлектерге сұраныс, ақпараттандыру, профессорлық-оқытушылар (ПОҚ) құрамының біліктілігін арттыру бағдарламасының деңгейі, ПОҚ-тың халықаралық деңгейде танылуы, Ғылымдар академиясына мүшелік. Рейтингтегі орынға шығуға профессорлық-оқытушы құрамның біліктілігін үнемі арттырып отыруға бағытталған жоғары оқу орнының ішкі бағдарламасы да ықпалын тигізеді.
ARES рейтингіндегі қазақстандық ЖОО-ны ранжирлеу нәтижесі бойынша 2016 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті келесі орындарға ие болды:
"Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" жыл сайын BA – MA – PhD деңгейінде мамандар даярлау бағыттары бойынша ҚР ЖОО-ның бас рейтингі және мамандарды даярлаудың деңгейі мен бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша ҚР ЖОО-ның рейтингін жариялап отырады. 2016 жылы тәуелсіз рейтингте 75 ЖОО қатысты.
2016 жылғы медициналық ЖОО-ның генералдық рейтингіне сәйкес «бакалавриат – магистратура – докторантура ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету" тобы (медицина)) мамандарын даярлау бағыттары бойынша біздің университет III құрметті орынға ие болды.
2016 жылғы медициналық ЖОО-ның бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау – 3-орын
5В110100 – Мейіргер ісі – 1-орын
5В110400 – Медициналық-профилактикалық іс – 1-орын
5В130100 – Жалпы медицина – 3-орын
5В130200 – Стоматология – 3-орын
2016 жылғы медициналық ЖОО-ның магистратура білім беру бағдарламасы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
6М110100 – Медицина – 3-орын
6М110300 – Мейірбике ісі– 3-орын
6М110500 – Медициналық-профилактикалық іс – 3-орын.
Баршаңызды университеттің алған жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Университет ұжымы болашақта да кемелденуге, білім берудің әлемдік деңгейіне жетуге, білім беру сапасының барлық жоғарғы талаптарына сай болуға және студенттерді кәсіби даярлауға үнемі ұмтылатынына сенімдіміз!
Сапа қызметі