26.09.2016

Жас ғылымдар кеңесі

Университетте 40 жылдан астам «Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық ұйымы қызмет атқарады. Дәлірек айтсақ, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі "Жас ғалымдар кеңесі" 1971 жылы ректор медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.Ш. Шармановтың бұйрығымен құрылған.
Бірінші жылдары осы кеңестің ережелері, жас ғылымдар жұмысының негізігі бағыттары, құқығы мен міндеттері анықталып құрылған. Сол кезде Жас ғылымдар кеңесінің құрамына иинституттың 30 жасқа дейінгі оқытушылары кірген. Кейін, 2006 жылы Жас ғылымдар кеңесінің мәжілісінде ұйым мүшелерінің жасы 35 ке дейін ұзартылғаны жайында шешілді.
Ұйым құрамына ғылыми көзқарастары біріккен университеттің жас қызметкерлері кіреді. Ұйым мүшелері бұрын әртүрлі кафедралардың студенттік ғылыми ұйымының қатысушылары болған.
Әр жылдары ұйым мүшелері арасында аспиранттар, клиникалық ординаторлар, ғылыми дәрежелердің ізденушілері болған.
Қазіргі таңда ұйым құрамына 120-дан астам оқытушылар кіреді; олардың ішінде резиденттер, магистранттар және тәлімгер-оқытушылар бар.
Ұйым мәжілісі жоспар бойынша айына бір рет өтеді. Ұйымның төрағалық қызметін университет қызметкерлері атқарған; олардың ішінде С.Досмағамбетова, М.Саркулов, Н.Каржаубаева, Г.Журабекова, А.Романкулова және т.б.
Жас ғылымдар ұйымының төрағалары Ғылыми кеңес құрамына әрдайым кірген. Қазіргі таңда Жас ғалымдар ұйымы (ЖҒҰ) негізгі жұмысы 2008 жылдың ҚР Білім және Ғылым Министрлігі (БҒМ) «Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары және ғылыми ұйымдарының Жас ғылымдар ұйымы» бұйрығы бойынша жүргізіледі.
Университет өміріне жас ғылымдар ұйымының қосқан үлесінің бірі жас ғылымдар арасында ғылыми конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, олардың әртүрлі конференцияларға қатысуы, жастар ғылыми қоғамдық ұйымдарының делегаттарын қабылдау, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары арасында интеграцияланған жұмыстар өткізу болып табылады.
Жас ғылымдар ұйымы көптеген бағытта шаралар өткізеді. Ғылыми студенттік қоғаммен бірге жыл сайын теориялық және тәжірибиелік медицинаның актуалды сұрақтарына арналған ғылыми студенттік конференциялар өткізіледі.
Жас ғылымдар ұйымының жұмысы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау Департаментімен жоғары бағаланады.
Жас ғылымдар – университеттің мақтанышы мен үміті, болашағы.