26.09.2016

Студенттік ғылыми қоғам

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің
СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ
«Біз Қазақстанның зиялы
қоғамын жасау мен зиялы
элитаға дайындау мәселесінің
алдында тұрмыз. Қазіргі кезде білім беру
мен жоғары кәсіби маман
дайындау мемлекет саясатының ең
басты құндылығы болып табылады»
Н.Ә.Назарбаев
Біздің Alma mater Батыс Қазақстан облысындағы медициналық білім берудің алтын бесігі ретінде Қазақстан медицинасының ең үздік дәстүрімен болашақ жетекші маман дайындауға ұмтылады. Мұнда университеттің құрылымдық бөлімдері де маңызды роль ойнайды, олардың қатарына студенттік ғылыми қоғам да кіреді. Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) – студенттік ғылымды дамыту мен жақсартуды мақсат еткен Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттерінің ерікті ұйымы.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде (бұрын Ақтөбе мемлекеттік медицина институты – АқММИ) студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу процесімен тығыз байланыста болуымен қатар, еліміздегі ең ірі медициналық білім беру мен ғылым орталықтарының бірі болып табылатын, университет алдындағы ғылыми мәселелерді шешумен де айналысып келеді.
Қойылған мақсаттарға жету үшін біздің университетте 55 жылдан астам уақыт СҒҚ жұмыс істеп келеді.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттік ғылыми қоғамының ертеден келе жатқан өзіндік дәстүрлері бар. 55 жыл ішінде үздіксіз жұмыс істеп, үйірмелер қатысушыларының университеттің күнделікті өміріне шығармашылық көрініс беріп отыруы, ерекше мақтан тұтарлық жағдай. Шығыста адам өзінің шығу тегін жеті атасына дейін, ал кейде одан да тереңірек білу керек. Себебі бұл білім ертеден қалыптасқан принциптерді білу мен дәстүрді сақтауды қалыптастырады. Марат Оспанов атындағы БҚММУ ерекшелігі университеттің барлық құрылымдарының қалыптасу тарихын толығымен сақтап қалды. Соның қатарына СҒҚ-да кіреді.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ құрылуы 1958 жыл деп саналады, яғни ең бірінші студенттік ғылыми үйірме ұйымдастырылғаннан кейін, студенттік ғылымның құрылуында 12 кафедра болды және уақыт өте келе үйірмелердің, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың саны артты, жаңа кафедралардың ұйымдастырылуы көбейді. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының Студенттік ғылыми үйірменің (СҒҮ) алғашқы ғылыми жетекшілері дарынды, білімді, айқын мақсат қоя білетін, жастарды ғылымға тарта алатын адамдар болды. Солардың ішінде доценттер, м.ғ.к. А.П.Сорокин, С.Н. Гордина, В.А.Яглинский, М.А.Бульина, В.В.Морозова, В.И.Сенников, Х.Е.Маманова, И.А.Будчанов, А.Т.Стародубова, К.К.Сергеев және т.б. Қазіргі күнге дейін дәстүрлерін сақтап, белсенді қызмет атқарып келе жатқан студенттік үйірмелер қатарына (қалыпты анатомия, химия, фармакология,балалар хирургиясы, емдік хирургия) қазіргі кезде №2 хирургиялық аурулар кафедрасы, акушерия және гинекология кафедраларын жатқызуымызға болады. Мысал ретінде, қалыпты анатомия кафедрасының мұрағатында 1958 жылы кафедраның негізін қалаушы, анатомиялық мұражай және үйірме жетекшісі А.П.Сорокиннің қолымен жазылған ғылыми үйірменің алғашқы отырысының хаттамасы сақталған.
Содан кейін оқытушылық және ғылыми қызметтің қатарына АқММИ түлектері академиктер: м.ғ.д., профессор Н.І.Ізімбергенов, м.ғ.д., профессор Қ.А.Жаманқұлов, м.ғ.д., профессор Р.С.Көзденбаева, м.ғ.д, профессор О.Н.Төребаев, м.ғ.д., профессор Т.Ж.Үмбетов, м.ғ.д., профессор Ж.К. Ордабаев қосылды.
Бірінші жылдары медициналық институттың ұйымдастырылуының алғашқы жылдары көптеген іс-шаралар толтырылды: үйрету және оқу, ғылыми қызмет, корпустардың жаңартылуы.
АқММИ алғашқы түлегі, м.ғ.д., профессор ҚазМИ-дің ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі А.К.Жанғабыловтың естеліктерінен:
«…Әр түрлі адамдардан құрылған шағын топ, киімдері де, өздері де қарапайым. Жаңа медициналық институт біз үшін болашақ мамандығымызға, студенттік өмірге, ғылымға жаңа жол ашты… «Анатомкада» түнеуші едік. Біздің өзіміздің «Везалийіміз» – студент С.Рысмаханов болды…Ол латынша кітапты толық білетін еді, жоқ дегенде жартысын білетіні анық!…»
АқММИ студенттері өздерінің алғашқы ғылыми жұмыстарын 1960 жылы 5-6 мамырда өткен І студенттік ғылыми конференцияда көрсете білді. Мұнда 12 кафедраның атынан 25 баяндама қорғалды.  Конференцияда 2 отырыс болды: І отырыстың ғылыми жетекшісі, сол кездегі институт ректоры м.ғ.к. А.Б.Даиров, II отырыстың ғылыми жетекшісі жалпы гигиена кафедрасының жетекшісі, доцент Л.Н.Желваков болды. Бұл 1960 жылдың мамырының шуақты күндері АқММИ студенттерінің белсенді ұйымдасуының нәтижесінде тарихтың жаңа беттері ашылды, яғни өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарына кірісуінің басы болды.
Қазір, 50 жылдан астам уақыт өткен кезде, сол алғашқы конференция жинағының сарғайған беттерін ақтара отырып, біз сол кезде 3 курста оқыған өзімізге танымал оқытушы, ғалымдардың есімдерін табамыз: академиктер Н.І.Ізімбергенов, О.Н.Туребаев, В.М.Бондаренко, профессорлар Т.А.Сұлтанов, С.Т.Ахметқалиев.
Бұның барлығы студенттік жылдарда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан адамдарға үлкен ғылымның есігі айқара ашық болатынына дәлел бола алады. Осы сөздерді құптау үшін, академик Н.І.Ізімбергеновтың сөздерін мысал ретінде келтіруімізге болады: «…Егер мен өз мамандығымда белгілі бір жетістіктерге жетсем, онда мен энциклопедиялық мамандығы бар, керемет оқытушы, өзімнің ең алғашқы жетекшім Софья Наумовна Гординаның басшылығымен қызмет атқаратын кафедра жұмысына қарыздармын…»
1961 жылдан бастап институт студенттері ЖОО аралық, республикалық, бүкілодақтық студенттік ғылыми конференцияларына, өздерінің жұмыстарын Орынбор, Саратов, Харьков, Алматы, Ташкент, Мәскеу, Ленинград қалаларында орыс, неміс, ағылшын тілдерінде қорғай бастады.
Содан бері студенттік ғылыми конференциясы өткізілмеген жыл болмады. Жыл бойы студенттер өздерінің ғылыми жетекшілерімен бірге ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өздерінің жұмыстарын қорытынды ғылыми конференцияда баяндайды.
Ғылыми конференциялардың жинағын талдау нәтижелері М.Оспанов атындағы СҒҮ кеңесінің жетекшілері әр жылдары әр түрлі адамдар болғанын көрсетті: И. Истомин, Х.И. Гофман, С. Грибель, В. Делягин, Ю.И. Будчанов, Г. Пинхасов, А. Трумов, С. Омаров, Ж.К. Нармұхамедов, Д.Ж. Нұрғалиев, К.К. Сабыр, Ю. Веселов, А.Н. Кузнецов, Д. Дженалаев, А. Шайхина, С. Тәңірбергенов.
1960 жылдан бастап конференцияның секциялық отырыстарының төраға және төраға орынбасары болып студенттердің өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асырудың аспектілері ретінде студенттер сайланды. Әрине, секциялардың қазылар алқасы құрамында ғылыми кеңесші болатын профессормен бірге жұмыс жасау өте үлкен дәреже және жауапкершілігі мол жұмыс, қазылар алқасының құрамында әрқашан оқу озаттары, СҒҚ мүшелері, белсенді үйірме мүшелері болады.
Секциялық отырыстардың бұлай ұйымдастырылуы қазіргі кезде де ғылымдағы жастар саясатының стандарттарына сай жұмыс істеп келе жатыр.
ХХ ғ. 70 жылдары СҒҮ жұмысы жақсы деңгейге жетті: СҒҚ Кеңесінің жиналысы ай сайын өткізілді, кафедралар және курс жанындағы үйірмелер жұмысы керемет жүзеге асты: эксперименттер, әдебиеттермен жұмыс, препараттау, үйірмелер отырысының уақытында ұйымдастырылуы…
М.Оспанов атындағы БҚММУ «Фармакология» кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Надия Маликқызы Мавлюдованың естеліктерінен:
 «…Институтқа түскенге дейін мен фармакология кафедрасында лаборант болып жұмыс істедім, сол себептен емдеу факультетінің І курсына түскенде бірден кафедра жанындағы ғылыми үйірменің мүшесі болдым. Ғылыми-зерттеу жұмыстар өте белсенді жүрді, 1 мәселемен АқММИ-дің 8 кафедрасы бірге айналысты, сонымен қоса ғылымға үйірме мүшелері де араласты. Институттың СҒҚ хатшысы болдым. Ай сайын жоғары курс студенттері, жас ғалымдардың қатысуымен кештер өткізілді, әдетте мұндай кештер институттың асханасында өткізілді. Студенттік конференцияларды СҒҚ кеңесі өздері ұйымдастырды. Студенттік конференция біз үшін өте маңызды жаңалық болды, ол 2 күнде өтті, секциялық отырыстар сабақтан соң кешкі сағат 5-6-да өтті… »
80 жылдары да СҒҚ бөлімшелерінің жұмысы қызу жүріп жатты. 1988 жылы 18 сәуірде алғаш рет Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының 70-жылдығына арналған 24-ші «Ғылым күні» студенттік ғылыми конференциясы өткізілді. Отырысты сол кездегі институт ректоры А.С.Смағұлов сәлемдесу сөзімен бастады.
М.Оспанов атындағы БҚММУ-дің «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к., доцент Ғ.А.Смағұлованың естеліктерінен:
«…Әр ағымда (2 ағым емдеу және 1 ағым педиатриялық факультеттер) СҒҚ-ға ағым студенттерінің әр түрлі ғылым үйірмелерге жауапты комсомол комитетінің мүшесі болды. Барлық СҒҚ жұмыстарын АқММИ комсомол мүшесі Сайлау Омаров жүргізді. Мен СҒҚ- да 1-3 курстарына жауапты болдым (1980-1983 ж.ж.) негізгі міндетім ғылыми үйірмелерге белсенді қатысуды және нәтижелілікті (баяндаулар, конференциялар және т.б.) насихаттау. Анатомиялық және биологиялық үйірмелер көбісіне төменгі курстағы студенттерге жақын болды. Өзім биологиялық үйірменің белсенді мүшесі болдым. Ғылыми жетекшім б.ғ.д., профессор А.Б.Бегалиев. Оның жетекшілігімен 1984 жылы біздің Ақтөбе қаласындағы жаңа туған сәбилерге хромның мутагенді және тератогенді әсері жайында зерттеу жұмыстары жүргізілді».
Кеңес уақытында конференциялар Қазан революциясының КСРО коммунистік партия (КОКП) съезінің және Лениндік комсомолының атаулы күндеріне арналды. 90-жылдары экономикалық және қоғамдық проблемаларға байланысты, елімізде барлық ЖОО-ның СҒҚ ісі төмендесе де, тоқтаған жоқ. Бұл қиындықтарға қарамастан, студенттердің ғылыми ізденісі өз жалғасын тауып отырды және студенттік ғылыми конференциялар әр жыл сайын өткізіліп отырды.
2000 жылдардың басында СҒҚ құрылымында бірқатар өзгерістер болды: СҒҚ басқарма төрағасын М.Оспанов атындағы БҚММА жас ғалымдары сайлайтын болды. Ал, төраға орынбасары болып СҒҚ басқармасының жоғарғы курс студенті сайланды. 2002-2007 жылдар аралығында: «Темір жетіспеушілік анемияның алдын-алу», «ЖИТС және ЖҚТБ – ақыры және қорғаныс» тақырыптарында дөңгелек үстелдер, студенттердің және оқытушылардың қатысуымен «нашақорлықпен күрес» атты ғылыми конференциясы, Нұрсұлтан Назарбаев білім фондының «Интелектуалды олимпиада» телевизионды жобасы іс-шаралары өткізілді. 2000-2007 жылдар аралығында студенттік ғылыми конференцияларда 860 жұмыс, бағдарлама және тезистер жинағы баяндалды.
Студенттердің ғылыми зерттеу сапасын көтеруге м.ғ.д., профессор Гүлсім Нығметқызы Кисманова (1999-2008 жж.) үлкен үлес қосты. Оның қатысуымен академияның СҒҚ белсенді қызметі құрылды. 2005 жылы СҒҚ басқару төрағасы болып қалыпты физиология кафедрасының аспиранты Нұржамал Ідірісқызы Қаржаубаева сайланды. СҒҚ басқаруымен және ректораттың қолдауымен (сол кездегі ректор – ҚР МҒА академигі, м.ғ.д., профессор С.Ф. Беркінбаев) бағдарламалардың және конференциялардың рәсімделуі айтарлықтай жақсартылды (сапалы түрде шығарыла бастады), сонымен қатар белсенді түрде конференция жүргізуге демеуші ретінде фармацевтика компаниялары тартыла бастады. Осы кезеңнен бастап, жақын және алыс шет елдермен ғылыми байланыс жасалып келеді, ал 2005 жылдан бастап, біздің конференция республикалық, кейін халықаралық мәртебеге ие болды.
Сол уақыттағы «№2 Жалпы медицина» факультетінің деканы м.ғ.к. Клара Батенқызы Даржанованың естеліктерінен:
«… 2000-2006 жылдар аралығында патологиялық анатомия кафедрасындағы студенттік ғылыми үйірмесіне жетекшілік қызметін атқардым. Онда: реферативті, реставрациялық және эксперименталды бағытта жұмыс жүргізілді. Әр жыл сайын өтіп тұратын конференция тек студенттер ғана емес, оқытушылар үшін де маңызды және күптігей мәселе болды. Біздің басқарма қолдауымен университет студенттері халықаралық конференцияларға Турция, Украина, Молдова, Ресейге аттана бастады…»
Ғылыми конференциялар еліміздің атаулы күндеріне және біздің ЖОО-ның тарихының маңызды кезеңдеріне арналды.
2009 жылдан бері СҒҚ құрылымы өзін-өзі басқару принципі қайта оралуға байланысты өзгерді, яғни СҒҚ кеңесінің төрағасы СҒҚ белсенді студенттерінің арасынан сайланады. 2009-2011 жылдар аралығында СҒҚ-ны Жантілек Бошанов басқарды. Қазіргі кезде М.Оспанов атындағы БҚММУ кардиохирургиялық орталығының интервенционды кардиолог қызметін атқарады. 2009 жылдан бастап, медицина ғылымдарының магистрі, PhD докторанты Раманқұлова Айгүл Болатқызы ғылыми жетекшісі қызметін атқарып келеді.
2009-10 оқу жылдарында ең алғаш «Үздік ғылыми үйірме» байқауы өткізілді, бұл байқаудың жеңімпаздары: «Қалыпты анатомия» кафедрасының СҒҮ (2010, 2012), «№2 хирургиялық аурулар» (2011), «Гистология» (2013), «Акушерия и гинекология» (2014).
2010 жылғы студенттердің ғылыми қоғамының жарғысында, университет ректоры бекіткен негізгі құжат реттемесі, студенттер ғылыми қоғамының мақсаттары және СҒҚ кафедра және курстардың құрылымы көрсетілген.
2011-2012 оқу жылдары СҒҚ ұжымының төрағасы болған Нұрлан Ешниязовтың жетекшілігімен, қазіргі кезде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің медицина орталығында кардиореаниматолог дәрігері, Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты, Қазақстан медицина жоғарғы оқу орындарының арасында алғашқы боп бірінші рет "Үздік ғылыми үйірме" байқауының бір бөлімі ретінде ғылыми үйірмелердің жәрмеңкесі және студенттердің өз қолымен жасалған оқу-көрнекі құралдар көрмесі енгізілді. Бұл байқау қазіргі уақытта жыл сайын өткізілетін жақсы дәстүрге айналды.
2013-2014 оқу жылының бастамасымен СҒҚ-ның кеңесімен жас ғалым мектебі, қала және облыс оқушыларының арасында жүйелеу және бағдарлау жұмыстары жүргізілді (Төраға –Вадим Медовщиков).
Жетістіктерімізді қорытындылай келе, 54 ғылыми университет конференцияларында жалпы алғанда 5 мыңнан аса ғылыми жұмыстар баяндалды. Біздің студенттердің жасаған тезистері және баяндамалары Египетте (Каир), Болгарияда (София), Сербияда (Нови сад), Түркияда (Стамбул), Қытайда (Пекин), Ресейде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Волгоград, Ярославль, Астрахань, Орынбор), Украинада (Киев, Одесса, Запорожье), Белоруссияда (Минск, Витебск) мемлекеттерінде жарияланды және соңғы 10 жылда университетіміздің 100 студенті халықаралық конференциялардың жүлдегерлері атанды.
Осы сәттерді еске түсіре отырып, СҒҚ-ның тарихын сақтап және оны келесі ұрпаққа жалғай білген оқытушыларды айтпай кету мүмкін емес. СҒҚ-ның ұжымы медицина мұражайының тарихының директоры, профессор А.М. Гизатуллина, профессор К.Ж. Ахметов, профессор Б.А. Утегенов, профессор Т.К. Каримов, м.ғ.к. К.Б. Даржановқа студенттердің ғылыми зерттеулер жұмыстарының ақпараттары мен ғылыми конференциялардың жинақтарын студенттік ғылыми қоғамына табыстағаны үшін риза. Студенттік ғылыми қоғамының университет оқытушыларына, СҒҚ-ның мерей тойымен құттықтап, табыстаған сыйлық-кітаптары үшін инфекциялық аурулар кафедрасының ұжымына (кафедра жетекшісі м.ғ.к., доцент М.С. Курмангазин), фармакология кафедрасына (кафедра жетекшісі – м.ғ.к., доцент С.С. Искакова), ғылым докторлары, профессорларына: Т.Ж. Умбетов, Б.Т. Тусупкалиев, К.Ж. Сакиева, Л.М. Тулегенова, Г.М. Кульниязова, ғылым кандидаттары, доценттері С.Ю. Шиканова, Б.Ж. Кәрімова, К.К. Тоқбаева, Х.И. Құдабаева, Е.Ш. Базарғалиев, Б.К. Қарымсақова, Р.А. Арингазина, К.Е. Жарылқасынов, С.К. Бермағамбетова, С.Т. Уразаеваға алғыстары шексіз.
Әрине, атқарып жатқан жұмыстарымыз университет басқармасының қолдауынсыз жүзеге аспас еді, ректор, м.ғ.д., профессор Е.Ж.Бекмұхамбетов, ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор Т.А. Джаркенов, оқу-тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор, доцент А.Б. Түсіпқалиевке де ерекше алғыс білдіреміз.
Қорыта келгенде, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ғылыми жетістіктерін кепілге ала отырып және дәстүрлерге негізделіп, 55 жыл қажырлы еңбегінің арқасында, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттік ғылыми қоғамы өз жұмыстарын атқара алатын жастардың мықты дамушы одағы екеніне сенімді болуға болады.