26.09.2016

Ғылыми тәжірибелік орталық

1967 жылы Ақтөбе мемлекеттік Медицина институтында орталық зерттеу зертханасы құрылып, жетекшісі Карленко Юрий Николаевич болды.
Ғылыми – зерттеулер үшін кафедра ұжымдарына бас корпустың ішінен орын бөлінді, қазіргі уақытта  бас корпуста Қазақ-Орыс Халықаралық университеті орналасқан.
1975 жылы орталық зерттеу лабораториясын Ажаев Совет Ажаевич басқарды.
1980 жылы орталық зерттеу орталығында, орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылды  (ОҒЗЛ).
Зертхана 4 қабатты ғимаратта орналасқан, виваримен қосқанда 2000 шаршы метрді алып жатыр. Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының құрмында 4 ғылыми тобы бар – иммунология, патоморфология, биохимия, радиоизотоп және ғылыми жұмыстар құрылды. Лабораторияда оптикалық, электрондық, спекторлық, лазер және рентген аппаратура құралдарымен жабдықталған. Ғылыми зерттеу орталығының базасында 250-ден астам әр түрлі саладағы қызметкерлер ғылыми зерттеулерді жүргізді. 
Меңгеруші  ОЭЛ в 1975 г. доцент, м.ғ.к. С.А. Ажаев
1976 жылдан 1999 жылға дейін орталық зерттеу зертханасын (1980 жылдан орталық ғылыми зерттеу зертханасын) басқарған м.ғ.к. Бегалин Тлеухан Бегалиевич (эпидемиология кафедраының доценті).
1980-1984 жылдары аралығында Ғылыми зерттеу орталығы және профессорлар, оқытушылар құрамы ғылыми зерттеу жұмыстарын орындады. «Қоршаған ортадағы хром және хром қоспалар әсерінен ластанған, Ақтөбе обылысындағы халық денсаулығын нығайтып және сақтауға үндеу беру» тақырыбы бойынша орындалды.
80-90 жылдары институт ұжымының зерттеу жұмыстары сол кездегі аса үлкен проблемаға тоқталды «Ғылым негізі гигиена еңбегі және профессионалды аурулар».
Орталық ғылыми зерттеу зертханасы ғылыми зерттеу ұжымдары ғалымдармен бірлесті. ҒЗИ еңбек гигиенасы А.Н.Сысина (Мәскеу қаласы), ҒЗИ жалпы гигиена (Мәскеу қаласы), ҒЗИ физиология академик А.А.Богомольца (Киев қаласы), Тверскойдағы мемлекеттік Медицина университеті, Ақтөбе хром қоспалар заводының орталық завод лабораториясы және т.б.
Меңгеруші ОҒЗЛ 1975-1999 жж. доцент, м.ғ.к. Т.Б. Бегалин
1999 жылы орталық ғылыми зерттеу зертханасын басқарған м.ғ.д. Сахипов Серік Жумабаевич (қазіргі кезде хирургия кафедрасының профессоры).
1999 жылдан 2000 жылға дейін директорлық қызметін атқарған Нажимов Болат Самиевич (м.ғ.к.)
Меңгеруші ОҒЗЛ 1999-2000 гг. м.ғ.к. Б.С. Нажимов
2000-2003 жылдары орталық ғылыми зерттеу зертханасында Мемлекеттік ғылыми-техникалық программа орындалды «Феталды терапияның көмегімен жетіспейтін коррекцияны әртүрлі органға және жүйеге ойлап табу».
2000 жылдың қараша айынан бастап 2008 жылға дейін ОҒЗЛ директоры, ал 2006 года Ғылыми орталық (ҒО), м.ғ.к. Чуканова Галина Николаевна басқарды (ғылыми-клиника бөлімінің басшысы).
Директор ОҒЗЛ 2000-2008 жж. доцент,. м.ғ.к. Г.Н.Чуканова
2006 жылдың қаңтарында ОҒЗЛ, Ғылыми орталыққа ауысты (ҒО), ал 2008 жылдың қараша айында Ғылыми – тәжірибелік орталық болды (ҒТО).
Ғылыми зерттеу орталығы құрылғаннан бері 150 докторлық және кандидаттық диссертация, 2000-нан астам ғылыми жұмыстар орындалып, 50-ден астам патент алынды. 
Әр жылда орталық ғылыми зерттеу зертханасында еңбектері сіңген Жумагалиева Галия Даутовна (м.ғ.д.), Будчанов Юрий Иванович (м.ғ.к.), Синицкая Зоя Федоровна (б.ғ.к.,доцент), Султанов Т (м.ғ.к., Марат Оспанов атындағы БҚММУ профессоры), Шайхимов Еркін Шайхимович (м.ғ.к., Марат Оспанов атындағы БҚММУ профессоры), Аристенко Виктор Григорьевич (м.ғ.к., доцен, зейнеткер), Бирючкова Валентина Алексеевна т.б. Виварии ғылыми процессіне зор үлестерін қосқан әртүрлі жануарларға зерттеу жүргізгендер Абрамченко Анна Афанасьевна (20 жылдан астам жұмыс жасаған), Мильберте Генриета Георгиевна (зейнеткер) т.б.. 
2008 жылдың қараша айынан 2013 жылға дейін ғылыми-тәжірибелік орталықтың жетекшісі м.ғ.к. Кибатаев Козы Мурзаханович болды.
ҒТО жетекшісі 2008-2013 гг. м.ғ.к. К.М. Кибатаев
2010 жылы мемлекеттік Медицина лицензиясына қосымша медицина сабақтарына, дәрігерлік жұмысқа әртүрлі бөліміне (патология анатомиясына; санитарлы-гигиена және лабораториялық зерттеулер: дабылжәне діріл өлшеу, ЭМП және т.б. физикалық факторлар; радиометрия и дозиметрия; санитарлы-химиялық; лабораториялық диагностика: жалпы клиникалық зерттеу және иммунологиялық зерттеу) берілде.
2013 жылдың ақпан айынан бастап ҒТО жетекшісі С.К.Саханова.
ҒТО жетекшісі 2013 ж. м.ғ.д. С.К.Саханова
2013 жылдан бастап ҚР ДСӘДМ  және ҒБМ  қаржыландыруымен бағдарламалық-мақсаттық және гранттық ғылыми-техникалық бағдарламаларға ҒТО қызметкерлері қатысады.
ҒТО совместно с кафедрой қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина кафедрасымен бірлесе отырып, университет  қаржыландырумен жүретін  ғылыми жобаны орындауға ат салысады.
ҒТО жетекшісінің орынбасары Нургазин Ж. Т.
ҒТО құрамында ғылыми зертханалар және оқу-тәжірибелік зертханалар бар.
Ғылыми зертханалар:
Ғылыми зерханалардың мақсаттары бюджеттен тыс қорлар және МЗСР/МОН РК программасына сәйкес жүргізілетін жұмыстарды қаржыландыратын, патологиялық жағдайдың модулін жетілдіру жөніндегі жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және емдеу мен диагностика әдістерін қолдану болып табылады .
– морфология ( патоморфологиялық и гистохимиялық зерттеу жүргізу).
Доцент, м.ғ.к. Н. Насиров ОҒЗЛ 1976 ж жұмыс істейді.
– иммунологиялық (жасуша және гуморалды иммунитетке заманауи зерттеулер жүргізу)
  Доцент, м.ғ.д. Б.В.Засорин ОҒЗЛ 1980 ж жұмыс істейді.
– биохимиялық (белокты, көміртекті, липидті алмасу және әртүрлі ферменттердің шапшандығына әртүрлі биохимиялық зерттеулер жүргізеді т.б.) 
Аға лаборант С.У. Бекбусинова ОҒЗЛ 1974 ж жұмыс істейді.
– бактериологиялық (биологиялық материалдан бактериялардың бөлінуін және қоршаған орта объектісін, сонымен қатар антигендер мен антителдерге зерттеу жүргізеді)
Бактериологиялық зертхананың медицина лаборанты Т.И.Пестрякова
Оқу зертханасының мақсаттары оқу әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын және басқа құжаттарды, пәндердің оқу жұмыс жоспарларын, оқу-жұмыс жоспарларын мемлекеттік жалпы міндеттер стандарттар маманына сай оқу процесін сапалы түрде өтуін қамтамасыз ету. Оқу-тәжірибелік зертханада студенттердің тәжірибелікпен қамтамасыз ету.
Оқу-тәжірибелік зертханалар
– морфология зертханасы морфологиялық зерттеулер жүргізеді (ткандердің бөлігі, цифрлқ микрофотография, ткандердің жағдайы туралы хабарлар алу)
Морфология зертханасындағы сабақ. Профессор Умбетов Т.Ж.
Морфология зертханасындағы сабақ. Лаборант Г.М.Багимбаева
–  гигиена зертханасы микроклиматқа, физикалық және химиялық факторларға гигиеналық зерттеулер жүргізеді.
гигиена зертханасындағыжаңа тәжірибелік  сабақтарды к.ғ.қ. Г.М.Ургушбаева жүргізуде.
– физиология зертханасы функционалды-диагностикалық зерттеулер жүргізеді (бой өлшеу, спирометрия, электромиография, ЭЭГ, ЭКГ, реограф)
 Физиология зертханасының лаборанты Е.И.Кусанова
– биохимия зертханасы белокты, көміртекті,липидті алмасуға, сонымен қатар қанғы және несіптегі хромопротеиндердің метаболитті алмасуына биохмиялық зерттеу жүргізеді.
– микробиология зертханасы биологиялық материалдағы және қоршаған орта объектісіндегі микроорганизмдердің шығуын зерттейді.
Зертхана меңгерушісі О.В.Заваленная және лаборант С.М.Батырова
Барлық зерханалардың орналасу тәртібі СанПиНов РК и ГОСО РК 5.03.014-2006 (Оқу және ғылыми лаборатория вуздағы) сай.
 ҒТО бөлімінде емшара бөлмесі бар.
Т.К.Еримбетова – 2009 жылдан бастап жоғары дәрежелі медбике емшара бөлмесінде жұмыс жасайды.
Емшара кабинет Медбике Т.К.Еримбетова
2009 жылдан баста студенттердің ғылыми үйірме жұмысы ұйымдастырылган:
– гигиена зертханасы тамақтану кафедрасымен, коммуналды гигиена және еңбек гигиенасымен бірлесіп (сұйық хроматографта азық-түлік құрамындағы миоулы заттарды анықтау);
– физиология зерханасы жалпы физиология кафедрасымен бірлесіп (Спиро С-100 аппаратында студенттердің бронхоөкпе жүйесінің функциясын анықтау)
– морфология зертханасы патология физиология кафедрасымен бірлесіп (хромды интоксикация әсерінен ішкі мүшенің улануын морфофункционалды зерттеу) және  гистология кафедрасымен бірлесіп.
– биохимия зерханасы биохимия кафедрасымен бірлесіп (қан және несіптегі белок, көміртегі, липидті алмасуға биохимиялық зерттеу жүргізу)
Аға ғылыми қызметкер А.К.Бердгалеева және студенттер
ҒТО виварий қамтылған (әртүрлі лабораториялық жануарларды күтіп ұстау және оларды көбейту, ППС зертеу жұмыстарын жүргізу үшін, магистранттар, докторанттар, студенттер және оқу процесі).
Зерттеу процессіне әртүрлі эксперименталды жануарлармен қамтамасыз етуге виварии қызметкері Абрамченко Анна Афанасьевна үлкен үлесін қосты (20 жылдан астамжетекшілік етті), Мильберте Генриета Георгиевна (қазіргі таңда зейнеткер) және т.б..
2001-2013 жылға дейін  М.М.Бердыбекова вивариге жетекшілік етті.
2001-2013 жж. Виварий жетекшісі М.М.Бердыбекова
2013 жылдың қазан айынан жетекші Е.И.Кусанова
Эксперименталды моделдер патология күйін және лаборатория жануарларына оперативті араласу үшін ҒТО вивариінде операция блогі бөлінген. Бұл блок университеттің профессорлық-мұғалімдік құрамға, студенттер үйірмесіне, магистранттарға, докторанттарға әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізуге қажет.
Бастама зерттеулер, консультация, магистранттар, докторанттардыңғылыми-әдістемелік көмек көрсету үшін ҒТО орталығында жұмыс орындарын бөледі.
ҒТО құрамына ғылыми менеджмент және инновация қызмет бөлімі кіреді.
Ғылыми – тәжірибелік орталықтың құрылымына ғылыми зерттеулер менеджменті және инновациялық қызмет бөлімі кіреді.
2009 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ ғылыми – клиника бөлімнің  жетекшілік қызметін м.ғ.к., доцент Г.Н. Чуканова атқарған.
2010 жылдан бастап бөлімді м.ғ.к. A.M. Баспақова жетекшілік етеді.
Ғылыми зерттеулер менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің жетекшісі м.ғ.к. A.M. Баспақова
Университет бөлімшелерінің клиникалық жұмыстарын,  соның ішінде меншікті клиникалардың ғылыми-зерттеулер мен клиникалық қызметтерін  жоспарлауды және координациялауды жүзеге асыру – бөлімнің негізгі мақсаты болып табылады.
Бөлімнің құрылымына келесі секторлар кіреді:
 
– биостатистика секторы
Биостатистики секторының қызметкерлері а.ғ.қ  Г.Г.Ерімбетова және к.ғ.қ. С.К.Жұмағалиева
Биостатистика секторы қызметкерлерінің негізгі міндеттеріне:
Жас ғалымдар мен профессорлық-педагогикалық құрамына медициналық және эпидемиологиялық зерттеулерді жүргізу, оларға математика-статистикалық қолдау жасау; алынған нәтижелерге қорытынды мәліметтер беру; биостатистика бойынша ғылымын жетілдіру жатады.
– клиникалық эпидемиология секторы
Клиникалық эпидемиология секторының к.ғ.қ Э. Ө. Бутинчинова
– патенттік-ақпараттық, инновациалық даму және жоғары технологиялар трансферті секторы
Патентовед а.ғ.қ. А.А.Сариева
Патент маманының негізгі міндеттері – ғылыми зерттеудің патенттік жаңашылдығын қамтамасыз ету, авторларға әдістемелік көмек көрсету, өнертабысты даярлау барысында кеңес беру, өнертабысқа өтінішті рәсімдеу және Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш беру жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру болып табылады. 
Бөлімде Маннапова А.И. (м.ғ.к.), Нагметова А.Б. (әдіскер), Имангазина З.А. (әдіскер), Музатова Ж. (әдістер) патент мамандары қызмет атқарған.
Ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Т.А. Джаркеновтің қызметкерлерімен жиналысы.