26.09.2016

Ғылыми-клиникалық қызметінің негізгі бағыттары

1. ҒЫЛЫМИ-КЛИНИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары  ҚР 18.11.2011 ж. № 407-ІVЗРК «Ғылым туралы заңында» Заңына, 10.07.2012 ж. № 319-ІІІЗРК «Білім туралы заңында» Заңына, 2007-2015 жж. Қазақстан Республикасының ғылымның  дамуының мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасына, 29.11.2010 ж. «Саламатты Қазақстан 2011-2015 жж.» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасының дамуына, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің ғылыми-зерттеу жұмысының перспективті жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің  ғылыми және клиникалық жұмысының проректоры медицина ғылымының докторы Тимур Ағатайұлы Жаркенов.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Эксперименталды зерттеулер университеттің ғылыми-практикалық орталығында, немесе сертификатталған және аккредиттенген келесі зертханаларда жүргізіледі:
  • Морфологиялық
  • Физиологиялық
  • Гигиеналық
  • Иммуногистохимиялық
  • Биохимиялық
ҚР «Білім» Заңының 23 тармағына сәйкес университеттің ғылыми жұмыстары 22.08.2011ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігімен ғылыми және ғылыми-техникалық жұмысының субъектісі ретінде аккредитациядан өткен. (куәлік MКN№ 001706).
2012 ж университет бюджеттік тарапынан ұсынылған ғылыми-техникалық бағдарламаның «Батыс Қазақстан аймағында балалардың экологияға тәуелді ауруларының алдын алу және емдеуді жетілдіруге ғылыми-негізделген ұсыныстар жасау» атты тақырыбына жұмысын аяқталды. Университеттегі ғылыми ізденіс жұмыстары 37 тақырыпта жүргізілуде, оның 23-і мемлекеттік тіркеуден өткен. Барлық зерттеулер 3 ғылыми бағытта жүргізіледі:
  • Клиникалық медицинадағы зерттеулер
  • Эксперименталды және теориялық  медицинадағы зерттеулер
  • Психологиялық- педагогика және қоғамдық ғылымның кешенді мәселелері бойынша зерттеулер
Бюджеттен тыс жоспарлар бойынша ғылыми зерттеулер де жүргізілуде:
Университетте 7 ғылыми кеңес жұмыс жасауда:
► Бала мен ананы қорғау мәселелері бойынша ғылыми кеңес. Ғылыми тақырыбы: «Батыс Қазақстан аймағындағы балалардың экзотәуелді және басқа ауруларының диагностика, терапия мен алдын алу әдістерін дайындау мен оңтайландыру» №0108РК00060 0109РК00020 (2009-2015 жж.)
► Хирургиядағы ғылыми кеңес. Ғылыми тақырыбы: «Шұғыл хирургиядағы іріңді-септикалық аурулардың алдын алу және емдеуді дайындау мен оңтайландыру». №0108РК00032(2008-2013 жж.)
► Терапиядағы ғылыми кеңес. Ғылыми тақырыбы: «Жүрек қан тамыр ауруларының диагностикасы мен емдеу сұрақтары». №0101РК00126
► Гигиена және медико-экологиялық мәселелер ғылыми кеңесі. Ғылыми тақырып: «Қоршаған ортаның антропотехногенді ластануы  және адам денсаулығына  әсері туралы гигиеналық және медико-экологиялық мәселелер». №0105РК00186
► Медико-биологиялық пәндердің ғылыми кеңесі. Ғылыми тақырыбы: «Жергілікті өсімдіктен пайда болған отандық майлы фитопрепараттардың фармакологиялық белсенділігін  зерттеу». №0107РК00437
► Морфологиялық пәндердің ғылыми кеңесі. Ғылыми тақырыбы: «Онтогенезде тұрақсыздандыру факторларының әсерінен экспериментте және патологиялық жағдайларда ішкі мүшелердің өзгеру заңдылықтары және оларды коррекциялау қалпына келтіру».   №0105РК00080 (2005-2012 жж.)
► Стоматологиядағы ғылыми кеңес. Ғылыми тақырыбы: «Клиникалық практикада қолданатын дәрілік заттардың фармакоэпидемиологиясы және фармакоэкономикасы». №0105РК00079
Қазақстан білім жүйесіндегі 55 жылдық тәжірибесі бар Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті білім беру мен медициналық қызмет көрсету саласының нарықтық жағдайы да, мамандар дайындаудағы жаңа технология мен инновациялық әдістерді меңгеруге бағытталған  жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғарғы оқу орны болып табылады.
Қойылған мақсатты орындау үшін ғасырлық тәжірибесі бар жоғары медициналық оқу орындарының мамандарымен іс-тәжірибе алмасу арқылы, оқытушылардың білім сапасын көтеру және жетілдіру мақсатында шетелдік жоғары білім орындарына оқуға жіберу арқылы жүргізіледі.
  • Ресей. Новосибирск қ. Мемлекеттік мекеме. Ресей Медицина ғылымдары академиясы Сібір бөлімінің клиникалық және эксперименттік  лимфология ғылыми-зерттеу институты.
  • Федералды мемлекеттік мекеме «Балалар гематологиясы, онкология және иммунологиясы Федералды ғылыми-клиникалық орталығы». Ресей, Москва қ. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуының Федералды агенттігі.
  • краинадағы биоресурстар және табиғатты пайдалану Ұлттық университетінің Шығыс филиалы. «Қырым агротехникалық университеті» Украина, Симферополь қ.
  • Жоғарғы кәсіби білім берудің Мемлекеттік оқыту орны (ЖКБ МОО) «Астрахан мемлекеттік медицина академиясы» Ресей, Астрахан қ.
  • ЖКБ МОО «Орынбор мемлекеттік медицина академиясы» Ресей, Орынбор қ.
  • Дәлелдеу медицина мамандарының аймақтық ұжымы. Ресей, Москва қ.
  • М.Земмельвеис атындағы денсаулық сақтау университетінің қоғамдық орталығы. Венгрия, Будапешт.
  • Польшадағы медициналық ғылыми Познань университеті.
  • ЖКБ МОО «Самара мемлекеттік медицина университеті» Ресей, Самара қ.
  • Литва денсаулыққа арналған ғылыми университеті. Литва. Каунас қ.
  • Белорус мемлекеттік медицина университеті. Белоруссия.
  • ЖКБ МОО «Разумовкий атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті» Ресей, Саратов қ.
  • Запорож мемлекеттік медицина университеті. Запорожье қ., Украина.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті денсаулық сақтау жүйесінің дамуына және медициналық мамандарды дайындауда белсенді қызмет атқарады.
Университеттің негізгі мақсаты – медициналық көмек көрсететін жүйе жасап, алдыңғы орында аурудың ерте диагностикасын, бағдарланған сапалы ауруды емдеуге және үйдегі жағдайдағыдай күтім жасауға негізделген. Бұл жұмыс негізін инновацияға сүйене отырып, тек қана емдеу диагностикалық процесіне емес, барлық денсаулық сақтау жүйесіне енгізуде.
Университеттің өзінің меншікті клиникалары бар:
►Медициналық орталық.
►Отбасылық медициналық емханасы.
►Стоматологиялық емханасы.
Бұл емханалар Батыс Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің құрама бөлігі, негізгі мақсаты – халықтың қажеттілігін үйлесімді қанағаттандыру үшін  аурулардың алдын алу, емдеу-диагностикасын, медико-әлеуметтік және дәрілік көмек көрсетуде.