Виртуальная выставка: Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке(октябрь,2019)

Виртуальная выставка: Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке(октябрь,2019)

1
 
Шо Малколм Н. Халықаралық құқық. 1-кітап – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 584 бет.
Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, турлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады.
 
 
 
 
 
 
 
2

Шо Малколм Н. Халықаралық құқық. 2-кітап. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 624 бет.


Бұл кітап – халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері жан-жақты сипатталатын, халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған.

 
 
3

 

Роббинс Стивен, Джадж Тиматию Ұйымдық мінез-құқық негіздері, 14-басылым. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл – 488 бет.


Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенінескеріп, оның тұлғалық ерекшелегі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын улесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінің, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті.

 

4

 

Лотман Юрий. Семиосфера. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 640 бет.


Семиосфера – Ю.М. Лотманның семиотика теориясы мен методологиясың, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен тусіндіретін жетінші еңбегі.Бұл кітап оны Мәскеу – Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты.

 

 

5

 

Шиллинг Мелисса А.Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 380 бет.


Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады. Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады.

 

6

 

Саид Эдуард Уади. Ориенталим. – Алмыты: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 328 бет.


Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Азия мен Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі устірт көзқарасың сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады. Бұл кітап гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониалдық зерттеулерге негіз салды.

 

  

7

 

Райан Майк. Әдебиет теориясы: Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 292 бет.


Бұл оқулықта әлемдік әдибиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған.

 
 
 
 
8

Әдебиет теориясы: Антология. 1-том/Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 568 бет.


Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыралымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі.

 

 

9

 

Әдебиет теориясы: Антология. 2-том./Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 372 бет.


Кітап постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологиямен арақатынасына арналады. Францияда пайда болып, АҚШ және неміс ғалымдарының зерттеулерінде көбірек көрініс тапқан постструктурализмнің қайнар көздері, оның жеке ағым ретінде өрістеуі әдебиеттегі трансгрессиялық, яғни бұзып-жару идеяларымен астарласа зерделенген.

 

10

 

Әдебиет теориясы: Антология. 3-том / Джули Ривкин мен Райанның редакциясымен. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 440 бет.


«Әдебиет теориясы» антологиясының үшінші томы үлкен екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауларға бөлінген. Атап айтқанда, еңбек мәселесі, мемлекет пен идиология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, hабитус, ореантализм, отарлық, жаhандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эипиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.

 

 

11

 

Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 532 бет.


Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқұлық Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап (Panorama a World History, Book 1) деп аталады. Кітап Homo Sapiens өкіліннің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, 16 ғысырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған.

 

 

12

 

Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. – 328 бет.


Бұл оқулықта XXI ғасырдығы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады.

 

 

13

 

Гомбрих Э. Өнер тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2019 жыл. – 680 бет.


Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтың «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады.

 

 

14

 

Трагер Роберт. Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2019. – 256 бет.


Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.

 

 

15

 

Шунк Дейл Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. – 608 бет.


Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады.

 

 

 

16

 

Янсон Торе. Тіл тарихы: Кіріспе – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 244 бет.


Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Бұл еңбекте тілдің тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптарда қамтылған.

 

 

 

17

 

Уоллейс П. Интернет психологиясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 356 бет.


Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн танысу, онлайн – агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.

 

 

 

18

 

Бейнбриж Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиз. Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 592 бет.


«Медия және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» - кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа саласындағы соңғы өзгерістерді талдаған құнды еңбек.Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген.

 

 

19

 

Ли Энн Пек, Гай С.Рил. Медия этика. Жас мамандардың тәжірибесінен. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018 жыл. – 304 бет.


Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген.

 

 

 

20

 

Котлер Филип, Армстронг Гари. Маркетинг негіздері. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. – 736 бет.


Кітап қазіргі маркетинг аясындағы барлық түсініктер мен процестерге жан-жақты шолу жасай отырып, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты егжей-тегжейлі қарастырады. Қазақ тіліне аударылған 17-басылым – бұл оқулықтың 40 жылдық даму тарихының синтезі. Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің тұрақты клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, ортадағы өзгерістерге ілесіп, икемделе білу секілді маркетинг міндеттері нақты мысалдар, кейстермен бекітіліп сипатталады.

 

 

21

 

ДиМаттео Ларри. Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019 жыл. – 680 бет.


Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда – саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады.

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbaner

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории