Виртуальная выставка: Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке(июль,2019)

 
virtual1
 
 
Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. -12 басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-648б.

Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі ролі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген.

 

 

 

virtual2

 

Барнард А. Антропология тарихы мен теориясы.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-240б.


Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді,релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған.

 

 

virtual3

 

Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.-360б.


Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына енді ден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды. Жинақта әр философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген.

 

  

virtual4

 

Шульц Д.П., Шульц С.Э. Қазіргі психология тарихы. -11 басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-448б.


Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды қамтиды. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы баслымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның "таңғажайып" зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады.

 

virtual5

 

ФромкинВ., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе. -10 басылым, Халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-608 б.


12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған.

 

 

virtual6

 

Мэнкью Грегори., Тейлор Марк П. Экономикс, 4-халықаралық басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-848б.


Экономикалық қатынас субъектілерінің барлығын мысалға ала отырып жазылған кітап бакалавриат деңгейінде білім беру мен оқытуға қажет тапсырма, сызба, сурет, кесте, кейстерді қамтиды. Кітап авторларының басты мақсаты - оқырманды экономист тұрғысынан ойлауға үйрету.

 

 

 

virtual7

 

Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. -10 басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-480б.


Бұл кітап XXIғасырдағы экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кәсіпкерлік құбылысын теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кәсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізіг кезеңдерін сипаттайтын - бастау, жоспарлау, қалыптасу және даму сатылары жүйелі әрі дәйекті түрде талданған. Кәсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажетті ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген.

 

 

virtual8

 

 

Тер-Минасова С.Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-320 б.


Мәдениетаралық коммуникация - бүгінде кез-келген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

 

virtual9

 

Кенни Энтони.Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том, Орта ғасыр философиясы.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.-400б.

Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр - философияның гүлдені кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі XIII және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналған.

 

 

virtual10

 

Шваб Клаус.Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-200б.


Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажаптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз.

 

 

virtual11

 

Аронсон Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе, 11-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018.-408б.


Мамандар бұл ілімді, салыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аристотель болса, XIX ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жалдпры К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасын, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.

 

virtual12

 

Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдық 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.-432б.


Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін-яхудилік, христиандық пен ислам - қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған - Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушыны тану тарихын баян еткен..

 

 

virtual13

 

Гриффин Р. Менеджмент.12-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018.-768 б.


Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей және жанама әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі.

 

 

 

virtual14

 

Харари Ювал Ноаһ. Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018.-368 б.


Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.

 

 

 

 

virtual15

 

Бринкерхоф Д., Уейтс Р.,Ортега С. Әлеуметтану негіздері, 9-басылым.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.-464б.


"Әлеуметтану негіздері" оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетті.

 

 

virtual16

 

Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.-432б.


Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.

 

 

virtual17

 

Ритцер Д., Степницки Д. Әлеуметтану теориясы. 10-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018.-856 б.


Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді.

 

 

virtual18

 

Кови Стивен Р. Жасампаз жандардың 7 дағдысы: Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.-352б.


Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға оқитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды. Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай? Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі - төрткүл дүниені түгел мойындатқан "...7 дағды".

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbaner

netkorruptsiaru

banner gal

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • ОСМС преимущества

    ОСМС преимущества

  • ФМС Инфорграфический

    ФМС Инфорграфический

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • Обязательное социальное медицинское страхование

    Обязательное социальное медицинское страхование

  • Электронды денсаулық төлқұжаты

    Электронды денсаулық төлқұжаты

  • Электронный дневник здоровья

    Электронный дневник здоровья

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории