Жастар ісі жөніндегі бөлім

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ

    Жастар ісі жөніндегі бөлім университеттегі мемлекеттік жастар саясатын, азаматтық-патриоттық, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиені жүзеге асыратын негізгі құрылымдық бөлімше.
    Жастар ісі жөніндегі бөлімнің жұмысын келесі қызметкерлер атқарып келеді:
- бөлім жетекшісі – Жумагалиева Мирамгуль Сериккалиевна;
- музей меңгерушісі – Сейтжанова Гаухар Мараловна;
- тәрбие жұмысы бойынша маман – Нурбаева Жанар Абдикалыковна;
- мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман – Конакбаева Бакыт Кобековна;
- мәдени-көпшілік жұмыстар бойынша маман – Смагулова Акмарал Кудайбергеновна;
- ұйымдастыру жұмысы бойынша маман – Искакова Гульбану Айтугановна;
- көркемөнерпаздар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі маман – Уразбеков Корганбек Сакатаевич;
- музей қорын сақтаушы – Сундетова Бактыгуль Раульовна
molodezh
    Жастар ісі жөніндегі бөлім жанында келесі үйірмелер жұмыс жасайды:
- «Сұңқар» спорт клубы;
- «Сыр мен сымбат» клубы
- «Жалын» пікірсайыс клубы;
- «МедАрт» студенттік жастар театры
- Алина Гизатуллина атындағы студенттік хор;
- «Меломен» вокалды-аспаптар ансамблі;
- «ЖасStar» би ансамблі;
- «Абзал жандар» КВН командасы;
- «Серпер» ұлттық аспаптар тобы
   Жастар ісі жөніндегі бөлім келесідей мекемелер және құрылымдық бөлімшелермен бірлесе жұмыс жүргізеді:
- Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы;
- Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі;
- Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасы;
- Ақтөбе облыстық тілдер басқармасы;
- Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы;
- Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;
- Ақтөбе облыстық ресурстық орталық;
- Ақтөбе қалалық ресурстық орталық;
- Ақтөбе облыстық өлкетану музейі;
- Жоғары және орта оқу орындары;
- Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімі;
- Кәсіподақ ұйымы;
- Деканаттар;
- Кафедралар.
   Университетте қоғам мүддесі үшін шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жастардың мәдени, ғылыми, кәсіби қалыптасуын реттейтін жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жастар ісі жөніндегі бөлімнің негізгі міндеттері жастардың құқықтарын және заңды қызығушылықтарын қорғау, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және оларды қоғамдық өмірге тарту болып табылады.
   Оқу орнында студенттердің жеке тұлға боп дамуы үшін тұрақты материалды-техникалық база қалыптасқан. Университетішілік шаралар, сонымен қатар қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысу үшін қажетті қаражат жеткілікті бөлінеді. Жастар ісі жөніндегі бөлім тұрақты түрде студенттік ұйымдар жұмысын реттеп отырады, олар: «Жасstar» би ансамблі, «Абзал жандар» КВН командасы, «Жалын» пікірталас және «Сыр мен Сымбат» клубтары, Алина Гизатуллина атындағы студенттік хор, «Серпер» ұлттық аспаптар тобы, «Сұңқар» спортклубы, «МедАрт» студенттік жастар театры. Оладың негізгі міндеттері - студенттік іс-шаралар өткізу, белсенді студенттерді қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуын ұйымдастыру. Жылдан жылға аталмыш топтарға қатысушылар саны өсіп, халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстарда үлкен жетістіктерге ие болып отыр. Атап айтсақ, «Мельпомена-2017» балалар және жастар театрлық ұжымдарының Республикалық фестивалінде (Кокшетау қ.) «МедArt» студенттік жастар театры І орын, «Көктем ханшайымы – 2018» қалалық сұлулық байқауында Нұралханова Айжан 3 орын, Мурадимова Анель 1 орын, Ерболат Перизат «Көктем ханшайымы – 2018» (бас жүлде) атанды. «Қазақстан Таланттары» халықаралық шығармашылық жобасы «Жаңа жұлдыз» халықаралық фестиваль – конкурсында вокал және сахна көрінісі номинацияларында студенттеріміз І орындарға ие болды. Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген «Жас дарын – 2018» қалалық өнер байқауында аспаптық жанры бойынша Айбазар Нұрталап 2 орын, вокал жанры бойынша Сайлауова Асылжаным 2 орынды иеленді. «ЖасStar» би ансамблі «Сәлем, Қазақстан 2017» халықаралық көпжанрлы байқауда (Қарағанды қ. - гран-при), «AQTOBE STUDENT FEST - 2018» студенттердің халықаралық шығармашылық фестивалінде 1 орынды, І Халықаралық хореографиялық «Би толқынында – 2018» байқауында гран-при иеленді. А.М.Гизатуллина атындағы студенттік хор халықаралық балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының байқау-фестивалінде (РФ, Казань қ.) 2 орынды лауреат атанды, Шымкент қаласында өткен «Жастар ұлт болашағы» республикалық байқауда «аспапта ойнау» номинациясында Ержігіт Найзабек гран-при, «сахналық көрініс» номинациясында Әкімалы Елана 1 орын, «вокал» номинациясында жеке және дуэттік орындауда да Қоңыров Ибрагим, Сайлауова Асылжаным, Шәріп Айханым 1 орынды иеленді. Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Шырқа гитара" байқауында Бекболатов Берік 2 орын, Джамиев Жалғас пен Сахиева Жұлдыз (дуэт) 3 орын иеленді. Ақтөбе қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жыл студенті-2018» байқауында Байтенов Қуаныш «Жылдың үздік белсендісі», Мұратбаев Айболат «Үздік студент ғалым» атақтарға ие болды.
    Жыл бойы тұрақты түрде студенттерге кәсіби тәрбие беру мақсатында университет жатақханаларында профессорлармен, алдыңғы қатарлы оқытушылармен кездесулер өткізіліп келеді. Аталған кездесулер барысында студенттер өз мамандықтары бойынша қосымша мәліметтер мен аға буын профессорлардың жеке іс тәжірбиелері мен дәрігерлік деонтология туралы ақпарат алады. Бұл кездесулер студенттердің бойындағы патриоттық сезімін, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді.
   Жыл сайын Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы, Ақтөбе заң институты және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті арасында үш жақты іс-шаралар жоспары жасалып, жоспар аясында ай сайын студенттермен кезедесулер ұйымдастырылуда.
   Жыл сайын әрбір 1 курс топтарына университет оқытушылар мен қызметкерлері арасынан кураторлар тағайындалады. Рухани, ғылыми, адами және шығармашылық бағытта өзіндік дамытуға бейім кәсіби, білімдар мамандарды қалыптастыру топ кураторларының белсенді жұмысы арқылы атқарылып жатыр. Кураторлардың алғашқы жұмысы студенттерді университет өміріне бейімделуіне көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар, бос уақытын тиімді пайдалануы үшін әр студенттің мүмкіншілігі мен қызығушылықтарына мән беріп, олардың жан-жақты мәдени дамуы үшін өнерді насихаттап, топтағы өнерлі студенттердің бойындағы қабілетті қалыптастыру мақсатында шығармашылық, ғылыми және спортттық үйірмелерге қатыстыру жұмыстарын жүргізеді. Ұжымдық, мінез құлық, сөз, киіну мәдениетін қалыптастыруда, эстетикалық тәрбие беруде кураторлық сағаттар өткізіп, топпен облыстық драма театрының қойылымдарына, университеттің тарихи, облыстық өлкетану, «Әлия», мұражайларына экскурсиялар ұйымдастырады. Кураторларлық қызметті тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында университетте кураторлар кеңесі жұмыс жасайды.

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...