Университет қызметкерлерінің құрмет галереясы
Құрмет галереясы университеттің үздік қызметкерлерінің виртуалды бейне галереясынан тұрады және Университеттің жетекшілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқару, оқу-көмекші және басқа да персоналдар қатарынан қызметкерлерді моральдық көтермелеу нысанының бірі болып табылады.
Құрмет галереясына енгізу үшін қызметкерлердің кандидатурасын қарауға негіз болып табылады:
-өзінің лауазымдық міндеттерін мінсіз орындау;
-еңбек және орындаушылық тәртіптік жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
-қызметтік жұмыстарында университеттің имиджі мен рейтингін арттыратын маңызды нәтижелерге жету;
-қызметкерлердің жоғары моральдық сапасы, университеттің қоғамдық өміріне, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді қатысу;
-ведомстволық наградалармен, университет наградаларымен марапатталуған;
-соңғы 3 жылда тәртіптік жазаға тартылмаған.
Құрмет галереясына енгізу үшін кандидатураны ұсынудың негізгі өлшем шарттарына жатады:
a) профессорлық-оқытушылар құрамы үшін:
-білім, ғылыми-зерттеу, клиникалық, тәрбие қызметтері, қоғамдық жұмыстарын жетілдіруде жеке үлесі мен маңызды нәтижелері;
-жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауда, халықаралық серіктестікті дамытуда жетістіктері;
-есептік кезеңде кәсіби қызмет қорытындылары бойынша жоғары рейтингтің болуы.
b) әкімшілік-басқару персоналы үшін:
-қызметтік жұмыстардың жоғары нәтижелері;
-басшылықтың алдына қойған міндеттерінің табысты орындаудағы жеке үлесі;
-Университеттің, оның жеке бөлімшелерінің және Университеттің имиджі мен рейтингін арттыратын іс-шаралардың дамуына қосқан үлесі;
-лауазымдық міндеттерін орындау кезінде іскерлік этика, бастамашылдық, шығармашылық тәсілдемелерді мүлтіксіз сақтау;
-материалдық ресурстарды тиімді пайдалану үшін шаралар қолдану.
c) білім беруді қолдау жөніндегі қызметкер үшін:
-тапсырған жұмысты орындау кезінде бастамашылық, шығармашылық тәсілдемелер көрсету, еңбек міндеттерін орындауда адал қарау;
-қызметкерлер мен білім алушылар тарапынан оң пікірлердің болуы.
d) басқа да қызметкерлер үшін:
-лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тапсырған іске, бастамашылыққа және шығармашылық тәсілдемелерге адал қарау;
-басшылықтың алдына қойған міндеттерін орындауда жеке үлесі.
Құрмет галереясына енгізу үшін кандидатураны қарастыру кезінде басымырақ болады:
-есептік кезеңде білім, ғылым және денсаулық сақтау аясында мемлекеттік, салалық және қоғамдық наградалар және (немесе) бұрын Университет наградаларын алған қызметкерлер;
-республикалық және халықаралық конкурстар, олимпиада, жарыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары.