Әскери кафедра

Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина  университетінің әскери кафедрасы
 
Заңды мекен-жайы: 030019, Ақтөбе,  Маресьев  көш, 72 үй.
 
email: vk_Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .
тел. 8(7132)54-16-92, факс 8(7132)56-04-09.
 
Әскери кафедраға қабылдау ережесі:  Әскери кафедраға қабылдау ережелері «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығымен бекітілген.
ҚР ҚМ анықтаған қабылдау жоспарына сәйкес іріктелген студенттермен ЖОО-да алатын жоғары кәсіптік білімдері негізінде әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша әскери – есептік мамандықтардан даярлық ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Студенттердің әскери даярлығы қосымша оқыту түрі болып табылады және студент жігіттер үшін теориялық және тәжірибелік оқу курстарынан, оқу-жаттығу жиынынан, ал студент қыздар үшін кәсіби тәжірибе алудан тұрады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық ақылы және ақысыз түрде жүзеге асырылады. Ақысыз негізде оқу үшін конкурс шарттарынан өтпеген және іріктеу комиссиясымен ұсынған студенттер ақылы түрде оқуға тартылады.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, әскери даярлыққа тартылатын жылы жасы 25 жастан аспаған, сотталмаған, тек оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер ғана жіберіледі.
Оқуға іріктеу конкурсы келесі үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең – әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеру өту;
2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу өту;
3) үшінші кезең – дене шынықтыру даярлығын тексеру.
Құжаттарды қабылдау және конкурстың бірінші кезеңінен өткізу әскери кафедрада ұйымдастырылады. Екінші және үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді. Конкурстың әр кезеңінен тек бір рет қана өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген студент келесі кезеңге жіберілмейді.
Әскери кафедрада келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:
-  «Жер үсті әскерлеріндегі емдеу ісі»;
- «Жер үсті  артиллерия бөлімшелерін , бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»;
- «Санитарлық-гигиеналық зертханалардағы зертхана ісі»;
- «Идеологиялық  жұмыстарды ұйымдастыру»;
- «Жалпы стоматология».

Басшылық туралы мәлімет

 Искендиров1

Әскери кафедра бастығы
медицина қызметінің полковнигі 
Искендиров Арман Асылбекович.
Білімі-жоғары. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын,   2006 жылы МО РФ әскери медицина академиясын бітірген.
2014 жылдан бастап әскери кафедра  басшысы лауазымында.

Утегенов1

Әскери кафедра бастығының орынбасары
медицина қызметінің подполковнигі
Утегенов  Аскар Турегалиевич.
Білімі-жоғары. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын бітірген. 2016 жылдан бастап осы лауазымда.

kollektiv

Тарихи анықтама

Әскери кафедра Ақтөбе  мемлекеттік медицина институты жанында 1959 жылы құрылды. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әскери кафедрасында бастапқы кезде «Жер үсті әскерлеріндегі емдеу  ісі»  әскери–есептік мамандығы бойынша әскери дайындық жүргізілді
Жұмылдыру ресурсы  жетіспеуіне байланысты  ҚР ҚК Бас штаб бастығының 1999 жылдың 23 ақпанындағы  № 49 бұйрығына сәйкес әскери кафедра базасында Ақтөбе қаласының басқа жоғары оқу орындарының студенттерін      «Армиялық және корпустық артиллерия бөлімшелері, бөлімдері және құрамаларын жауынгерлік қолдану»  ӘЕМ мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау  ұйымдастырылды.
2004 жылдың 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің              № 94  және 2004 жылдың 20 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Ғылым және  білім министрінің №132 бұйрықтары талаптарына  сәйкес  «Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» Республикалық мемлекеттік қазына  кәсіпорынының  әскери кафедрасы  Ақтөбе қаласы  жоғары оқу орындарына ортақ кафедра мәртебесіне ие болды.
ҚР ҚК Бас штаб бастығының  2001  жылдың   10 наурызындағы № 59 бұйрығы негізінде әскери кафедрада  2001 - 2010 жылдар аралығында «Артиллериялық бөлімше командирлерінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары»  ӘЕМ  бойынша запастағы офицерлерді даярлау   жүргізілді.
 ҚР Қорғаныс Министрінің 2007 жылдың 29 маусымындағы №188 бұйрығы  негізінде 2009 жылдың  тамыз айына дейін ҚР  ЖОО  түлектерінен  кадрлық офицерлерді даярлау жүргізілді.
Әскери  кафедрада  оқу  сыныптары  және қажетті жабдықтармен  қамтамасыз етілген оқу  корпусы, саптық  плац, оқу  тактикалық  алаңы, атыс қалашығы,   қойма  бөлмелері  орналасқан. Сонымен  қатар, қарсылас  және өз  әскерлері нысаналарын, атыс, снарядтар жарылысын  дыбыс   және  лазер сәулесі арқылы  көрсететін,  жергілікті  компьютерлік  байланыс  жүйесі арқылы  басқарылатын жер бедерінің  тактикалық  макеттері,    шағын артиллериялық  және  кіші  жалпыәскери  полигондар  бар. Бөлімнің  медициналық  оқыту ротасы, медициналық  мүліктің  табельдік  жинақтары, ПМ  атыс қаруынан  атыс жаттығуларын     орындауға  мүмкіндік беретін  лазерлік  және  интерактивті  тирлер бар. 

1voenka2voenka

3voenka4voenka

5voenka 6voenka

 30238 әскери бөлімінде кафедрада оқитын студенттердің запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасына сәйкес оқу-жаттығу жиыны өтеді. 

7voenka8voenka

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен интернационалист жауынгерлермен әскери кафедра студенттерінің кездесулері ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының мұражайларымен мектептерінде студенттермен оқушыларға әскери-патриоттық шаралар өткізіліп тұрады.

9voenka10voenka

 Әскери кафедра командасы 2015 және 2016 жылдары «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты. 2016 жылы медициналық жоғары оқу орындары командалары арасында М.Оспанов атындағы БҚММУ әскери кафедра  командасы бірінші жүлделі орынға ие болды.   

11voenka                      12voenka     13voenka

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

banner gal

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...