Қосымша білім беру бөлімі

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 06.04.1979 жылдың № 231 бұйрығымен Дәрігерлерді жетілдіру факультеті құрылды. 1979 жылдың қыркүйек айынан бастап терапия, педиатрия, хирургия, акушер-гинекология – студент дәрігерлер алғашқы кафедраларда оқи бастады.
Факультетеліміздің батыс аймағындағы мамандандырылған оқу және клиникалық бөлімшесі болып табылады, ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосымша білім беру мемлекеттің тұжырымдамасының негізінде дәрігерлер үшін қосымша білім беру процесін үйлестіреді.
Факультеттің негізгі мақсаты диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларымен оқыту, қайта даярлау және денсаулық сақтау мамандарының теориялық және практикалық даярлау болып табылады.
Факультеттің алғашқы деканы – м.ғ.д. Е.А.Сигида.(1979-1982g.g.)
Кафедра меңгерушілері:
- Доцент В.А. Гольдберг (терапия),
- Доцент Н.Ф. Иванова (хирургия),
- Доцент З.К. Ахунова (акушерлік және гинекология),
- Доцент С.Х. Хамзин (Педиатрия) болды.
Кейінгі факультет декандары болған - доц. В.А. Гольдберг (1982-1993 жылдар), доц.Х.М.Шумбалов (1993-1996, 1999-2002), профессор Ж.Б.Досимов (1996-1998 жылдар), проф. С.Ф. Беркінбаев (1998-1999 жылдар), проф. Б.Қ. Жолдин (2002), профессор С.А. Сейтмағамбетова (2004-тен қазіргі уақытқа дейін).
2013 жылдан бастап резидентура және докторантурамен біріккеннен кейін факультетімізде басшылық етіп отырған – м.ғ.д. Р.Е.Нургалиева.
2004 жылдары С.А.Сейтмағамбетованың басшылығымен факультетімізде жаңа түрлі мамандықтар бойынша бірінші рет циклдар (ТБ, неврология, оқытылған медбикелер - 19 мамандық бойынша) өтті, кейінгі жылдары (жыл сайын эндоскопиялық хирургия, радиологиялық зерттеулер, анестезиология және реаниматология, т.б.) және 30-дан астам мамандықтар бойынша циклдардың саны артты.
Дәрігерлерді жетілдіру факультетінде жоғары білікті дәрігерлер, үлкен тәжірибесі бар мамандар, 4 профессор, 4 PhD, 18 оқытушы, 16 ғылым кандидаты қызмет етеді.
Клиникалық кафедраларда қызметкерлерінің 86,0%-ның жоғары және бірінші біліктілік санаты бар.
2008 жылдың қыркүйегінен бастап дәрігерлер мен медбикелерді жетілдіру факультеті қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру факультеті болып өзгертілді.
2014 жылы факультет өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті.
Клиникалық кафедраның 86,0%-ы – жоғары және бірінші санаттағы білікті қызметкерлер.
Осы уақыт аралығында факультетімізде 40000-нан астам дәрігерлер және 3000 медбикелер білім алды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру бөлімінде
денсаулық сақтаудың басым жағдайы практикаға негізделіп, түрлі деңгейдегі мамандар дайындауды қажет етеді.
Жыл сайын Денсаулық сақтау саласының мамандарының өтініштері негізінде әр түрлі мамандықтар, қызметкерлер құрамы (алғашқы мамандану, жалпы және тақырыптық жетілдіру) жаңа циклдар саны өсті.
Факультетте дәрігерлер осы мамандықтар бойынша білім алады: терапия, кардиология, жедел медициналық көмек, ревматология, хирургия, эндобейнехирургиялық, акушер және гинекология, педиатрия, неонатология, туберкулезге қарсы, неврология, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы тәжірибедегі (отбасылық дәрігер), радиология және ультрадыбыстық диагностика, анестезиология және қарқынды терапия, психиатрия, сот-медицина, онкологиялық, жұқпалы аурулар, зертханалық диагностика, патологиялық анатомия, салауатты өмір салты, кәсіптік патология, дәріхана, стоматология, бактериология, жарақат, эпидемиология, урология, физиотерапия, гигиена, стоматология, отоларингология, офтальмология.
2010 жылдан бастап жақ-бет хирургиясы, наркология, дерматология мамандықтары бойынша циклдар өткізіле бастады.
Бөлімнің қызметкерлер құрамы ЖОО кейінгі қосымша үздіксіз білім берудің тиімділігін арттырып отырады.
Қосымша білім беру факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы университетіміздің ғылыми жұмыстарына белсене қатысады: симпозиумдарға шығады, конференциялар мен конгрестерге баяндамалар ұсынады. Факультетімізде 2 – докторлық, 11 – кандидаттық диссертация қорғалды, 9 – монография, 22 - әдістемелік нұсқау және 1000-нан астам мақалалар мен тезистер жарияланды.
Соңғы жылдары, факультет ұжымы (акушерлік/гинекология, педиатрия, неонатология, анестезиология, ішкі аурулар) ана мен бала өлімін азайту мақсатына көңіл аударылды. Баланың туылуы және күтімі бойынша қазіргі таңдағы сұрақтарға теледидар және радио арқылы семинарлар, конференциялар, циклдар жүргізіледі.
БҚММУ медициналық орталығы кардиология және кардиохирургиялық бөлімінде (кардиология терапия бөлімі) барлық науқастарға жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсетіледі.
Факультетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы Батыс Қазақстан бойынша емдік және кеңес беру жұмыстарын өткізіп тұрады.
Факультет аймақтық, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) тығыз байланыста жұмыс істейді. Осы аймақтарда қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін бірлесіп шешеді.
Университетіміз аймақтармен тығыз жұмыс жасау нәтижесінде қызметкерлерінің жұмысы туралы жағымды пікірлерге ие болды.
Оқу процесінде және ғылыми зерттеулерде техникалық қауіпсіздік және материалдық заттар қамтамасыз етілген.

 

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    БҚММУ 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...
  • История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ...

  • 60-летию видео
    Фильм посвященный к 60-летию ЗКГМУ им. Марата Оспанова
  • LVI научная конференция студентов и молодых учёных ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    LVI научная конференция студентов и молодых учёных...

  • Хор

    Хор "Ювентус" ЗКГМУ имени Марата Оспанова