Редакциялық баспа орталығы

Редакциялық баспа орталығы

Университеттің редакциялық баспа орталығының ашылуы көп тиражды «Медик» газетінің жарыққа шығуымен байланысты. Алғаш рет «Медик» газеті 1969 жылы сол кездегі институт ректоры Т.Ш. Шармановтың бастамасымен жарыққа шықты.
Газет редакторлығына Виктор Иванович Копистко шақырылды. Профессорлар және доценттермен қоса, студенттер арасынан тілшілер де газет жұмысына жұмылдырылды. Сол кездері қоғамдық мамандықтар факультеті құрылымында студенттік тілшілер мектебі жұмыс жасады, оны доцент Е.Н. Агапов басқарды. Тілшілер облыстық газеттердің журналисттерінен сабақ алды. Редакцияда тек редактор мен хатшы Нина Алиевна Асфендиярова ғана жұмыс жасады. Университет ұжымы газеттің әр нөмірін асыға күтті, өйткені бәрінің бірігуінің арқасында газет жасалып отырды. Негізгі идеялардың авторы Төрегелді Шарманұлының өзі болатын.
В.И. Копистко – «Медик» газетінің алғашқы бас редакторы, ССРО журналисттер одағының мүшесі, Ақтөбе педагогика институтының түлегі.
«Медик» газетін жарыққа шығаруда елеулі үлес қоса отырып, В.И. Копистко ширек ғасырдан астам уақытын редакторлық қызметке арнады.
kopistko«Медиктің» екінші редакторы 1995 жылы А.С. Смагуловтың ұсынысымен Райлы Бакиевна Шанова болды.
Бір өзі редакторлық та, тілшілік те, көркемдеушілік те, корректорлық та міндеттерді қатар атқарған ол компьютерді тез меңгеріп алып, түрлі-түсті палитраны қолдана отырып, басылымды мазмұны жағынан да, дизайны жағынан да анағұрлым жақсарта түсті.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз алдына егемен мемлекет болған тұста қазақ тіліне үлкен мән беріле бастады. Газет те екі тілде жарияланып, жаңа келбетке ие болды.
Ұшқыр ойлы, жан дүниесі бай шығармашыл жан газеттің әр нөмірінің әртүрлі мазмұнда болуын әрі шебер көркемделуін, академия өмірінің айнасы болуын қадағалады. Сонымен қатар студент-тілшілермен жұмысқа аса назар аударды.
Оның бастамасымен «Медик» газетіне сол кездері облыстық телеарнада қазақ тілінде хабар дайындап жүрген тілші-журналист Інжу Алмас келді.
ShanovaОдан кейін газеттің редакторлық міндетін оқытушы Г.А. Сатенова атқарды.
«Медик» газеті мемлекеттік саясат, Президент жолдауы, республикалық және облыстық маңызды акциялар, университет жаңалықтары, тәрбие және оқыту үдерісіндегі тың деректер, академиялық ұтқырлық, мерекелік шаралар негізінде құрастырылады. Мұнда білім беру, денсаулық сақтау мен тәрбие ісі саласындағы реформалар туралы жарияланады. Газетте «Саламатты Қазақстан», «Тәуелсіз елім менің», «Мерейтой», «Форум», «Елбасының жолдауы» тақырыптары кең қамтылып келеді. Басылым бетінде «Университет тынысы», «Біздің жетістіктеріміз», «Студент беті», «Сүйінші», «Бәрекелді», «Тұлға», «Спорт», «Куратор беті», «Мейірім» т.б. айдарлар бар. Газетте сапа бөлімінің, ғылыми кеңестің, үздіксіз білім беру және қабылдау комиссиясының, кітапхананың, өндірістік бөлімнің, әлеуметтік-тәрбие орталығының, клиникалық базалардың т.б. құрылымдық бөлімдерінің хабарламалары жарияланып тұрады. Газеттің кейбір сандары университет шеңберінде өтетін белгілі шараларға арнайы дайындалады.
2003-2004 жылдары медицина академиясының ректоры С.Ф. Беркімбаев «Медик» газетінің жанынан жаңа басылым – ғылыми-практикалық мақалаларды жариялайтын «Батыс Қазақстан Медицина журналын» дайындауға команда құрды.
Журналдың жұмыстарын қадағалау проректор Гульсим Нигметовна Кисманова және жауапты хатшы м.ғ.к. Г.Н. Чукановаға, техникалық редакторы Г.А. Сатеноваға жүктелді.
Корректорлық топқа орыс тілі пәнінің оқытушысы С.И. Биржанова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы, ф.ғ.к. Г.А. Қондыбай, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Р. Абушахманова кірді. Штат толық қамтылмағандықтан, журналды жеке баспахананың қызметкері беттеді. Сол жерде басылым 500 данамен жарыққа шығып отырды.

SatenovaАкадемия басшылығы ұжым қызметтерін кеңейтіп редакциялық орталық ашуды ойластырды. 2004 жылдың күзінде осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында ЖОО әкімшілігі әріптестікке Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, баспахана өндірісін жақсы білетін Алла Сергеевна Алмагамбетованы шақырды. Ол «Медик» газетінің редакторы және медициналық журналдың техникалық редакторы міндеттерін атқарды. Журналды арзандату үшін оны редакцияда беттеу қажет болды. Осы вакансияны толықтыруға конкурстық іріктеуден Серік Дүйсенұлы Оразов өтті. Ол аз мерзімде беттеудің жаңа түрін меңгеріп алып, «Медиктің» негізгі бетінің көркемдік безендірілуін өзгертті, журналды редакцияда жинай бастады. 

2005 жылы «Медик» газеті мен «Батыс Қазақстан медицина журналының» редакциясы кеңейіп, тираждау цехы құрылып, бөлім атауы «Редакциялық баспа орталығы» болып ауыстырылды.
2008 жылдан бастап ректор Е.Ж. Бекмұхамбетовтың басшылығымен Редакциялық баспа ортылығының материалдық–техникалық базасын өте жоғары деңгейде жабдықтау мақсаты жүзеге аса бастады.
«Медик» газеті мен «Батыс Қазақстан медицина журналы» редакциялық-баспа орталығында басылып, түптеле бастады.
2011 жылы маусым айында Редакциялық баспа орталығының жетекшісі болып кәсіби маман Тажгулова Інжу Ермекбайқызы тағайындалды. Ол орталықты заманауи оргтехникамен жабдықтады. Газеттің мазмұны кеңіп, олардың сапасы жақсарды.
Оның Қазпоштамен әріптестік байланыс орнатуымен журналдың жазылу индексі алынды.
Сонымен қатар Інжу Ермекбайқызы республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарымен, радио және телевидение ұжымдарымен тығыз байланыс орнатып, университетіміздің көрнекті тұлғаларын, білікті мамандарын халыққа танытумен жұмыстанды. Айталық, оның мақалалары «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Президент және Халық», «Айқын газеттерінде», «Денсаулық және отбасы», «Денсаулық», «Парасат», «Қазақстан әйелдері» журналдарында және жергілікті «Диапазон», «Эврика» газеттерінде жарық көріп, ғалым-дәрігерлермен радио және телевидениеде тұрақты сұхбаттар жүргізіліп отырды. Университеттің белсенді студенттері жайында «Қазақстан патриоты» журналына мақала жариялап отырды. Және осы БАҚ жарияланымдары университетіміздің веб-сайтында арнайы «СМИ о нас» айдарымен жарияланып отырды.
Сонымен қатар, І.Е. Тажгулованың бастамасымен «Медик» газеті мен «Батыс Қазақстан медицина журналының» веб-сайттары ашылды.
ВАК тізімінен шығып қалған «Батыс Қазақстан медицина журналын» І.Е. Тажгулова 2012 жылы Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің Тізіміне (ККСОН) қайта енгізу жолында жұмыстанып бастаған еді.
2014 жылы редакциялық-баспа орталығының жетекшісі болып С.Д. Оразов тағайындалып, бүгінгі таңда адал еңбек етіп келеді.
Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» іргелі және клиникалық медицинаның, тәжірибелік денсаулық сақтау мен медициналық білімнің түрлі бағыттары бойынша түпнұсқа зерттеулер, шолу мақалалар жариялайды. Журналда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған мақалалар жарық көреді.
Журналдың бас редакторы – м.ғ.д., профессор Е.Ж. Бекмұхамбетов,
Бас редактордың орынбасары – м.ғ.д., доцент Г.А. Смагулова,
Жауапты хатшысы – м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА және МҒА академигі Н.І. Ізімбергенов.
Жауапты шығарушы редакторы – м.ғ.к. Г.С. Дильмагамбетова.
Сонымен қатар, журналдың редакциялық ұжымы және редакциялық кеңесі жұмыс жасайды.
«Батыс Қазақстан медицина журналының» бірінші саны тұңғыш рет 2004 жылы жарыққа шықты. Журнал жылына 4 рет шығады. Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.
«Батыс Қазақстан медицина журналы» 2016 жылы комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.
Басылымға ұсынылған барлық мақалалар міндеттелген тәртіппен рецензияланады. Ғылыми және тәжірибелік бағыттағы мақалалар «Өзекті мақала», «Аналитикалық шолу», «Эксперименталды және клиникалық зерттеулер», «Жаңа білім беру технологиялары», «Дәрістер», «Медицина тарихы», «Конференциялар. Форумдар. Симпозиумдар» т.б. айдарлар бойынша орналастырылады.
Журналымыздың жұмысы оқырмандарына – ТМД ғана емес, алыс шет елдердегі ғалымдарға да; көп салалы медицина қызмметкерлеріне, тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер мен жас ғалымдарға пайдасын тигізді деп үміттенгіміз келеді.
Редакциялық ұжым мүшелерінің аймағы кеңейіп, шетелдік авторлар көбейді. Айталық, Италия, Египет, Әзірбайжан, Ресей, Украина, Кения елдерінен мақалалар түсуде. Осылайша, шетелдік мамандарды тарта отырып, ғылыми зерттеулер менеджменті мен стандарттарын оқып үйренген ғылыми мамандардың саны артып келеді.
Кейінірек ашылған «Батыс Қазақстан медицина журналының» journal.zkgmu.kz сайты аталмыш журналға қызмет етеді. Сонымен қатар, журналдың Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. пошталық адресі авторлармен байланысуға қызмет етеді.
«Батыс Қазақстан медицина журналының» ресми сайты тоқсан сайын журналдың жаңа нөмірімен толықтырылып отырады.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Марат Оспанов атындағы БҚММУ Конференция сериясы» журналы жарық көрді.
Журналдың бас редакторы – м.ғ.д., профессор Е.Ж. Бекмұхамбетов,
Бас редактордың орынбасары – м.ғ.д., доцент Г.А. Смагулова,
Жауапты хатшысы – м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА және МҒА академигі Н.І. Ізімбергенов.
Жауапты шығарушы редакторы – м.ғ.к. Г.С. Дильмагамбетова.
Журнал Ресей ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базасында индекстеледі.

Бүгінгі таңда Редакциялық-баспа орталығының құрамына
 «Медик» газеті,
 «Батыс Қазақстан медицина журналы»,
 тираждау цехы
 «Марат Оспанов атындағы БҚММУ конференция сериясы» журналы біріктірілген.

Редакциялық баспа орталығының тираждау цехында газет-журналдан басқа университеттің клиникалары мен құрылымдық бөлімдеріне арналған түрлі баспа өнімдері басылады. Университеттің барлық бөлімшелерінің және клиникаларының тапсырыстары бойынша түрлі үлгідегі бланкілер, келісімшарт, журналдар, брошюралар, буклеттер басылып шығарылады. Бұған қоса алғыс хаттар, сертификаттар, Мақтау қағаздары және жатақханалардың ұрықсат қағаздары, түрлі стендтер және т.б. өнімдер дайындалады.
Редакциялық баспа орталығының материалдық-техникалық базасы өте жоғары деңгейде жабдықталған.
• Соңғы үлгідегі және технологиялық жағынан өте жетілдірілген үлкен форматтағы компьютер,
• түрлі-түсті «Konika Minolta c6000l» - баспа қондырғысы,
• резак IDEAL 3905,
• электрлі гильотина IDEAL 3945,
• термобиндер FASTBIT,
• листоподборщик Horizon QC-S30,
• ламинатор Royal Sovereign
• ламинатор Royal Sovereign H-1200N
• ризограф MZ 770
• ризограф (формат А3) RISO S-7168E EZ371
• сандық баспа кешені
Осы аталған заманауи құрал-жабдықтардың қалыпты жұмыс жасауы үшін арнайы желдеткіш те орналастырылып, жиһаздар жаңартылды.
Кәсіби шеберлікті шыңдау мақсатында Ильясова Г.Н. Астана қаласында өткен «Ақпараттық күн Тhomson Reuters» атты республикалық семинар жұмысына белсене атсалысты. 2016 жылы орталық аудармашысы С.Ұ. Тоғызбаева ҚР БҒМ мемлекеттік тілдерді дамыту орталығында тәжірибе жинақтап келді.
Бөлімімізде журналды халықаралық деңгейдегі барлық талаптарға сай басылым дәрежесінде ұстап тұру, газетті мазмұндық және көркемдік жағынан дамыту, редакциялық баспа орталығының материалдық базасын одан әрі қарай жақсарту, жаңарту жұмыстары тұрақты назарда.
Мамандарға келетін болсақ, 3 саладан – журнал, газет, баспа жұмыстарынан тұратын редакциялық баспа орталығында толық сағаттармен 6 адам, қосымша 0,5 жүктемемен сырттан 3 адам жұмыс жасайды. Әр қызметкердің орны бөлек, бір-бірін толықтырып отырады. Айталық журналдың 1 нөмірін шығаруға бөлімнің барлық мүшелері атсалысады. Авторлардан келіп түскен материал жауапты хатшы мен жауапты шығарушы редактордың елегінен өтіп, рецензенттерге бет алады. Рецензенттердің тексерісінен өтіп, мақұлданған материал 3 тілдегі – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі корректорлардың жұмысына көшеді. Бірнеше қайтара тексерілгеннен кейін көркемдеуші редактор мен баспашыларға жөнелтіледі. Дайын өнімді кесу мен түптеу тиісті мамандарсыз жүзеге аспайды. Кесуші мен түптеушіден өткен жұмыс қана толыққанды өнім болып есептеледі. Осылайша мамандарымыз бірін-бірі толықтырып отырады. Олар – өз істерін толық меңгерген жауапты жандар.

 

 

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

netkorruptsiaru

banner gal

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...